Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру-іздестіру
Рефлексивті – түзетушілік
|
Шаттық шеңбері
Таң атады арайлап,
Оянады бар аймақ,
Гүлдерге су құямын,
Құлпырады ауламыз.
1– тапсырма
Негізгі бөлім:
Жұмбақ шешу:
Көп әріп ішінде,
Шалғып пішінде,
Тап мұны түсінде. (ғ әрпі)
Тақпақ:
Гүлдер, гүлдер,
Көп гүлдер
Қызыл гүлдер
Көк гүлдер
-Балалар гүл сөзі қай дыбыстан басталып тұр?-. Г дыбысынан.
- Қане, Г,Ғдыбысы бар сөздер ойлап табайық
Гг,Ғғ әріптерінің баспа, жазба түрімен таныстыру
Дәптермен жұмыс
Балалар сендер жазу жазбастан бұрын денелеріңді тік ұстап дәптерлеріңді көлбеу қойып қолдарыңа қаламдарыңды алыңдар.
балапан дәптеріндегі Ғғ,Гг әріптері бар бетті ашыңдар.қаламды дұрыс ұстап әдемілеп жазыңдар.
2– тапсырма
«Ойлан тап» дид. ойыны. Ойын шарты Ғғ,Гг дыбысы бар сөздерді ойлап тауып, буынға бөліп, текшеден сөз құрау.
Ғарыш, ғарышкер, гүл,гитара
Сергіту сәті: Атта бар таға,
Балада бар жаға.
Суда бар саға,
Алам бестік баға.
.
3– тапсырма
Дәптердегі тапсырмаларды орындау:
«Балапан» дәптерімен жұмыс
Қорытынды: балалар жазған жазуларын мұғалімге көрсетеді, мұғалім тиісті бағаларын қойып мадақтайды.
|
Қызығушылық білдіреді.Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін білдіреді.
Оқу іс- әрекетінің мақсатымен, тақырыбымен танысады
Керекті құрал- жабдықтарды түгендейді, тексереді
Жазған жазуларын тәрбиешіге көрсетеді
|