Дарменова Ира Мерекина
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасы
Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Тақырыбы: Қауіпсіз балалық шақ
Мақсаты: Оқушыларға жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, адамгершілігі мол,
саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Сыныбы: 1-11
Түрі: Тренинг жаттығулары
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Топта жұмыс істеу ережесі:
1. Біреу сөйлейді, басқалар тыңдайды;
2. Болып жатқанға белсенді қатысу;
3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы;
4. Басынан аяғына дейін жұмыс істеу
Кіріспе
Қоғам үшін ең бастысы - тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық - адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау - конституциялық заңдылықтың басты талабы. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.
Негізгі бөлім:
1. "Амандасу - таныстыру" жаттығуы
Нұсқау: Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: Мен Әлия әділ қызбын... Оқушылар амандасып болғаннан кейін сынып бойынша отырады.
2. 1-4 сынып оқушыларына "Мен бақытты баламын" тақырыбында сурет салдыру
3. 5 -7 сынып оқушыларына "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз" тақырыбына эссе жазу
4. 8-11 сынып оқушыларына "Зорлық - зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ" тақырыбында постер қорғау
5. Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Өмір - өзен" әнін топпен айту
6. 1-4 сынып оқушыларына "Көңілді күн" сергіту сәтін орындату
7. "Қайта байланыс" жаттығуы
Оқушылар шеңбер құрып отырып, допты әрқайсысы кезекпен-кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:
- Тренингте ең бірінші не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
- Өзің жаңадан не білдің?
- Алған әсеріңіз қандай? - смайликтер арқылы анықтау
Тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау
Қорытынды:
Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын. Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде бала құқықтарын шектеу, зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да, әсем болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |