Көркем жазу (сиқырлы әріптер) Мақсаты


Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған



бет34/34
Дата15.02.2023
өлшемі7,14 Mb.
#68198
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
көркем ж вар

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 23.05.2017ж
Бөлімі: көркем жазу
Тақырыбы: Алфавитті жазу
Мақсаты: Өткен әріптерді қайталау. Балаларды сөздік, дыбыстық талдау жасауға назар аудартып, олардың сөздік қорын молайту. Балалардың калиграфиясына назар аудару.
Міндеттері: Балалардын қолын жазуға жаттықтыруға, ұқыптылыққа баулу.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Балапан дәптерін дайындау, тақпақ жаттау.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, жазуға баулу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің
іс-әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру-іздестіру

Рефлексивті – түзетушілік




Шаттық шеңбері:
Самал желді шалқар көлде.
Демаламыз, қайтамыз
Бар дауыспен әнге салып,
Лагерь жырын айттамыз.
Сәлеметсің бе Алтын күн!

Негізгі бөлім:


Балапан дәптерінің соңғы бетінде алфавиттер берілген. Өткен әріптерді қайталап , көркем, ұқыпты және таза жазуға баулу.
Мен әдемі жазамын деген сөзді бірнеше жолға әдемі және сауатты етіп жазу.
Балапан дәптермен жұмыс. Алфавитті жазу.

Дәптермен жұмыс


Балалар сендер жазу жазбастан бұрын денелеріңді тік ұстап дәптерлеріңді көлбеу қойып қолдарыңа қаламдарыңды алыңдар.

  • балапан дәптеріндегі ең соңғы бетті ашыңдар.қаламды дұрыс ұстап,әдемілеп жазыңдар.

2– тапсырма


«Сөз ойла, тез ойла » д.о.ойын шарты.
Мұғалімнің көрсеткен әріптеріне сөз құрап қай әріп екенін атау .

Сергіту сәті:


Бір,екі,үш,
Жинап алып күш.
Қолғақалам аламыз,
Әріптерді жазамыз

Дәптердегі тапсырмаларды орындау:


«Балапан» дәптерімен жұмыс
Өткен әріптер туралы білімдерін бекіту.Өткен дыбыстарды қайталау
Қорытынды: балалар жазған жазуларын мұғалімге көрсетеді, мұғалім тиісті бағаларын қойып мадақтайды.



Қызығушылық білдіреді.Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін білдіреді.

Оқу іс- әрекетінің мақсатымен, тақырыбымен танысады

Берілген тапсырманы балапан дәптеріне жазады

Жазған жазуларын тәрбиешіге көрсетеді






Күтілетін нәтиже:
Не білу керек? қалам ұстауды білу керек.
Нені игерді әріптердің барлығын жазуды игерді.
Не біледі? қалам ұстап жазуды біледі.





.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет