Көркем жазу (сиқырлы әріптер) Мақсаты


Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған



бет27/34
Дата15.02.2023
өлшемі7,14 Mb.
#68198
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Байланысты:
көркем ж вар

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 4.04.2017ж
Бөлімі: көркем жазу
Тақырыбы: Әә әрпін жазу
Мақсаты: Әә дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру. Балалардың қиялдарын, сөйлеу белсенділігін арттыру. Балалардың калиграфиясына назар аудару.
Міндеттері: Балалардын қолын жазуға жаттықтыруға, ұқыптылыққа баулу.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Балапан дәптерін дайындау, тақпақ жаттау.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, жазуға баулу.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің
іс-әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру-іздестіру

Рефлексивті – түзетушілік




Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Әже тілін аламыз,
Әдепті боп әрқашан,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Бәрімен сәлемдесеміз.
Сәлеметсіңдер ме достарым!
Негізгі бөлім:
Әтешіміз «ақ» қанат
Күзетшідей қырағы
Таң азаннан қақпада
Айғай салып тұрады.
-Тақпақ не туралы?
Әтеш –деген сөзді бірінші қай дыбыс естіліп тұр?
Осы сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайық
Әә дыбысымен танысамыз.Баспа және жазба түрімен таныстыру.
Балапан дәптермен жұмыс. Әә әрпін жазу.

Дәптермен жұмыс


Балалар сендер жазу жазбастан бұрын денелеріңді тік ұстап дәптерлеріңді көлбеу қойып қолдарыңа қаламдарыңды алыңдар.

  • балапан дәптеріндегі Әә әрпі бар бетті ашыңдар.қаламды дұрыс ұстап,әдемілеп жазыңдар.

Тіл ұстарту: Ән, ән, ән

  • Қамба толы дән:

2– тапсырма


-« Ойлан тап» дил.ойыны.Ойын шарты:Әә дыбысынан басталатын сөздерді табу.
Әже, әке, әкпе, әлди, ән, Әсем, Әсел,әскер Осы сөздерді буынға бөлу.Дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті:


Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.

Дәптердегі тапсырмаларды орындау:


«Балапан» дәптерімен жұмыс
Қорытынды: балалар жазған жазуларын мұғалімге көрсетеді, мұғалім тиісті бағаларын қойып мадақтайды.
Күтілетін нәтиже:
Не білу керек? қалам ұстауды білу керек
Нені игерді?Әә әріпін жазуды игерді.
Не біледі? қалам ұстап жазуды біледі.



Қызығушылық білдіреді.Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін білдіреді.

Оқу іс- әрекетінің мақсатымен, тақырыбымен танысады


Әтеш туралы


Әә дыбысынан
Екі буын. Екі дауысты, екі дауыссыз

Дауыты дыбыс.кедергісіз әндетіп айтылады

Жазған жазуларын тәрбиешіге көрсетеді





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет