Көркем жазу (сиқырлы әріптер) Мақсаты


Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған



бет29/34
Дата15.02.2023
өлшемі7,14 Mb.
#68198
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
көркем ж вар

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 18.04.2017ж
Бөлімі: көркем жазу
Тақырыбы: Хх,һ әріптерін жазу
Мақсаты: Хх,һ әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. Балаларды сөздік, дыбыстық талдау жасауға назар аудартып, олардың сөздік қорын молайту. Балалардың калиграфиясына назар аудару.
Міндеттері: Балалардын қолын жазуға жаттықтыруға, ұқыптылыққа баулу.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Балапан дәптерін дайындау, тақпақ жаттау.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, жазуға баулу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің
іс-әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру-іздестіру

Рефлексивті – түзетушілік




Шаттық шеңбері:
Достармен күнде біз,
Мектепте біргеміз
Оқып еңбек етеміз,
Кейде ойнап кетеміз.
Сәлеметсіңдер ме, достар!
1– тапсырма
Негізгі бөлім:
Жұмбақ:
Сәлем алып алыстан
Туысынан таныстан
Келетұған хат-хабар
Қай әріптен басталар. Хат
Хат сөзінде бірінші қай дыбыс
Х дыбысы.
Х әрпінің баспа және жазба түрімен танысу, көрсету
-Қане, х дыбысын дыбыстап көрейік.
-Хх қандай дыбыс?
-дауыссыз,себебі кедергіге ұшырап айтылады
Айдаһардың суретін көрсету. Айдаһар сөзін буынға бөлу. Һ әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Сөздік - хат- письмо- ерте заманнан келе жатқан- хабарласу байланысу тәсілі.
һ дыбысы бар сөздерді ойлап тауып, буынға бөлу. Ай-да-һар, қа-һар, жи- һаз, жа-һан, жау-һар..
Балапан дәптермен жұмыс. Хх,һ әріптерін жазу.

Дәптермен жұмыс


Балалар сендер жазу жазбастан бұрын денелеріңді тік ұстап дәптерлеріңді көлбеу қойып қолдарыңа қаламдарыңды алыңдар.

  • балапан дәптеріндегі Хх,һ әріптер і бар бетті ашыңдар.қаламды дұрыс ұстап,әдемілеп жазыңдар.

2– тапсырма


«Сөз ойла, тез ойла » д.о.ойын шарты.
Хх,һ дыбысы бар сөздерді атау .

Сергіту сәті:


Бір,екі,үш,
Жинап алып күш.
Қолғақалам аламыз,
Әріптерді жазамыз

Дәптердегі тапсырмаларды орындау:


«Балапан» дәптерімен жұмыс
Неше сөз бар? Д.о Мен ағама хат жаздым. Анам жиһаз сатып алды. Х,һ дыбыстары туралы білімдерін бекіту.Өткен дыбыстарды қайталау
Қорытынды: балалар жазған жазуларын мұғалімге көрсетеді, мұғалім тиісті бағаларын қойып мадақтайды.



Қызығушылық білдіреді.Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін білдіреді.

Оқу іс- әрекетінің мақсатымен, тақырыбымен танысады


Керекті құрал- жабдықтарды түгендейді, тексереді

Жазған жазуларын тәрбиешіге көрсетеді




Күтілетін нәтиже:
Не білу керек? қалам ұстауды білу керек.
Нені игерді Хх,һ әріпін жазуды игерді.
Не біледі? қалам ұстап жазуды біледі.




.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет