Көркем туындының мазмұны мен пішіні



бет3/3
Дата23.12.2022
өлшемі26,27 Kb.
#59239
1   2   3
Сюжет пен фабула

Фабула. Мұның не екенін баяғы Аристотель заманынан бері жұрттың бәріне мәлім: бұл (латынша fabula баяндау, әңгімелеу, тарихты айтып беру) – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау. Сюжет – адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсу көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы.
З.Қабдолов Аристотельден бері қарайғы айтылғандарды жинақтап, саралай келе оларға бөлек-бөлек сипаттама береді. Фабула мен сюжеттің ара жігін айыра келеді де: «Сюжеттің жаны мен жүрегі – тартыс. Ал тартыстан сюжет құрап қалыптастыру – композиция» дейді.Композицияны үлкен құрылысқа теңесек, оның іргетасы, қабырғасы, есік-терезесі, шатыры болатыны сияқты көркем шығармада оқиғаның басталуы (экспозиция), байланысы (завязка), дамуы (ситуация), шарықтау шегі (кульминация) , шешімі (развязка) болады. Сюжет өз міндетіне толық жету үшін, біріншіден, іштей тиянақталуы, яғни суреттелген тартыстың даму сипаттары, себеп-салдарлары толық ашылып көрсетілуі қажет. Екіншіден,оқырманды өзіне баурап алып,суреттелген оқиға дамуындағы әрбір эпизодтың, әрбір детальдың мәніне ойлана үңілдіруі қажет.
Фабула – көркем шығармада суреттелген оқиғалар қатары. Фабула (лат. Фабула — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді:
Оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет