Эстетиканың екі аспектісі бар: объективтік (заттық) және субъективтік (эмоционалдық). XYIII ғасырдың ортасында эстетика ғылыми-философиялық пән ретінде танылды. Оның негізін салған неміс философы А.Баумгартен болды. Оның екі томдық “Эстетика” (1750, 1758) деген трактаты бар. Ол
эстетиканы сезімдік таным түрінде, сұлулық жөніндегі ілім деп таныды. Эстетикалық ойлар Еуропада ежелгі дүниеден бастап қалыптасты. А.Баумгартеннің пікірінше, эстетикалық білім бірнеше бөлімдерді қамтиды - заттар мен ойлаудағы сұлулық туралы, өнер заңдылықтары туралы, эстетикалық белгілер туралы. Неміс философының бұл идеялары сөздің дұрыс мағынасында философиялық эстетиканың негізін қалады (көбінесе эксплицитті эстетика деп аталады). Александр Баумгартен негізінен классикалық эстетиканың негізгі мәселелерін анықтады.
Философиялық поэтика туралы 1735 жылғы трактатында Баумгартен дүниені сенсорлық танудың жалпы принциптері туралы айта отырып, поэтикадан кеңірек философиялық ғылым болуы керек деген идеяны барған сайын қуаттай бастады. Ақыры оған «эстетика» деген атау тапты. Жаңа ғылымға толық, егжей-тегжейлі анықтама 1750 жылғы «Эстетика» очеркінде берілген: «Эстетика - еркін өнер теориясы, төменгі гносеология, әдемі ойлау өнері, парасаттың аналогы өнері, сезім туралы ғылым. білім. Эстетиканың мақсаты - сезімдік білімнің жетілдірілуі, ал бұл сұлулық. Оның үстіне, оның жетілмегендігінен, яғни ұсқынсыздығынан сақ болу керек.
Семиотика (гр. semeion - белгі, таңба) (семиология) — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байқауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған.
таңбаның семантикалық салмағы басымырақ екенін байқаймыз. Не себепті? Таңба сөзінің тас, ою сөздермен қатар келу себебі – ол ойылып, нақтылап, анықтап өз ізін, өз ерекшелігін, артықшылығын көрсету мақсатында тасқа қашау арқылы түсірілген белгі. Яғни, ол тасқа қашап түсірілгендіктен ол ұзаққа дейін сақталып тұрады және анық бір хабарламаны жеткізу мақсатында қолданылады. Ол хабарламаның айқындығы соншалық, оны ешқандай да аудармашының, түсіндірудің көмегінсіз бірден ұғасыз және де сол таңбаның өзі символдық деңгейдегі белгілер болып табылады. Өйткені, мысал үшін, қазақ ру-тайпаларының әр қайсысының өзіндік таңбалары болған. Ол таңбаларды символ емес деп айта алмаймыз. Және де ол таңбаларды біз белгілі бір дүниетанымдық біліміміз болмаса, ондағы ақпараттың мәнісін де талдап, анықтай алмаймыз. «Көшпелі түркілерде таңба әмбебап қызмет атқарған. Таңба ұғымының бастапқы мағынасының өзі «Ойлап табу, тану». Оның мәдени-рухани астары қат-қабат. Тек, уақыт көші алға жылжып, түрлі қоғамдық – саяси жағдайлар қалыптасқандықтан, таңбалардың бұрынғы «құпиясы», қадір-қасиеті ұмытылып, қосалқы ру – тайпа таңбасына, символикалық белгісіне айналып кеткен. Сол кезде таңбаның мал-мүліктің иесін аңғартатын мағынасы ғана назарда болып, соған ғана мән берілген. Тіл мамандарының болжамынша, таңбадан «теңге», «тамғашы – таңбашы» ұғымдары пайда болған». Осы сипаты бойынша аталмыш таңбалар символ қатарына жатады деген қорытынды шығаруға болады. Дәл сол сияқты таста табылған таңбалар да символдық мәнге ие. Сондықтан біздің ойымызша, символикалық зерттеу жасағанда, белгілерді таңба және символ деп бөлген дұрыс емес. Осы талдаулар негізінде таңбаны біз символмен қатар айта алатын белгі ретінде толық сеніммен айта аламыз. Тіпті таңба сөзін кей мәтіндерде символ сөзіне балама ретінде қолдануға болады деп айтуымызға толық негіз бар. Сонымен, таңбаны талдаудан түйетініміз – таңба міндетті түрде сызылған, жазылған немесе қашалған графикалық объект болуы тиіс. Және де ол – символикалық мағынасы бар терең мәнді белгі.