Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар, суреттер, нақыл сөздер және фотоальбом. Барысы



бет3/3
Дата14.03.2023
өлшемі36,95 Kb.
#74146
1   2   3
Топтық жұмыс:
«Денсаулық» тобы. «Денсаулық және салауатты өмір салты» мәні
«Салауат» тобы. «Зиянды заттар зардабы»
Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезінде ынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, атақ па, даңқ па?» - деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытқа кенелте алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ – деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулық келілі – салауаттылықта ,балалар.
«Ыстық орындық» әдісі
Салауатты өмір салтына өз көзқарасың қалай?
Сұлтанбек, сен қазір жассың, әр нәрсеге қызығушылығың бар. Шыныңды айтшы, насыбай дәмін алып көрдің бе?
Мұғалім: Насыбай құрамы: темекінің жапырағы, тауықтың қиы, әктің суы, қарағаштың шайы, сексеуілдің күлі,-бәрі улы заттар адам ағзасына әсер етеді.
Жасөспірімдер әуелі олар өздерін үлкен санап, мықты жігітпін деп ойлап, сөйтіп насыбай қолданады. Екеуі де никотинге тәуелді. Темекі өкпеге түссе, насыбай ауыз қуысы арқылы қан тамырларына түседі. Насыбай атқандардың 80 пайызы адамдардың ауыз қуысы, асқазанда қатерлі ісіктер пайда болады.
«Тыныштық сәті» Нұрға бөлеу
Мұғалім: - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Шығармашылық тапсырма
«Денсаулық»тобы
........................... балаыз
...........................даламыз
........................................
........................... баламыз
«Салауат» тобы
..........................күлеміз
.........................жүреміз
.....................................
.........................сүреміз
«Аяқталмаған сөйлем» тренингі
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір...» атты дәйексөздің адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екендігін мағынасын ашып түсіндіру.

«Көпір моделі»
Салауатты өмір сүруге қалай қол жеткіземіз?
1. Зиянды заттарды тастау арқылы
2. Достардың үгіті арқылы
3. Өмірге құлшыныс арқылы
3. Қажырлық, төзімділік арқылы
4. Спортпен шұғылдану арқылы
Суретті шығарма
Осы суреттен алған әсерлеріңді айтып, өзіңнің көңіл күйіңді немен бейнелейсің?
Қорытынды. Деніміз сау, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болып, зиянды заттардан бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын қалыптастырайық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет