Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар, суреттер, нақыл сөздер және фотоальбом. Барысы



бет2/3
Дата14.03.2023
өлшемі36,95 Kb.
#74146
1   2   3
Видеофильм«Темекі – теңдесіз жау»
Көрініс: Зиянды заттар
«Салауат» тобы
Арақтың зияны туралы
Оқушы: Маскүнемдік – алкогольдік ішімдік. Үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сініп кететін дерт. Ағзаның қызметін бұзып және тереңдей беретін кесел.
Оқушы: Соғыс уақытында наркоз болмаған кезде орнына спиртті пайдаланған.
Оқушы: Алкоголь ми қызметін бұзады. Алкоголь – ол наркотиктік у.
Оқушы: Алкогольдің елді қыратын қару екенін әлемді билегісі келген адамдардың бәрі білген. Мысалы: Гитлер 1942 жылы былай жазған: «Славяндардың санын азайту үшін ешқандай гигиена керек емес, тек қана арақ пен темекі».
Оқушы: Арақ- этильді спирт. Адамның барлық ішкі мүшелерін уландырып, істен шығарады. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді. Арамдық қылмысқа итермелейді. Арақ ішкен адамның балалары дүниеге келгеннен кейін ақыл- есі кем, ұмытшақ ауруға тап келеді.
Видеофильм «Шөлмек шырмауы»
Мұғалім: Белгілі шығыс философы Абдуль Фарадж адамның ішу барысын 4 кезеңге, сол кезеңді төрт жануарға теңеген екен. 
1-ші кезеңін Павлин құсына теңеген. Себебі адамның жүрісі теңселіп, аяғын дұрыс баса алмайды. Павлин құсы сияқтанып кербезденеді.
2-ші кезеңін маймылға теңеген. Адам айналасындағылармен жас ерекшелігіне қарамастан қалжыңдасып, келеке-мазақ болады.
3-ші кезеңін арыстанға теңеген. Адамның бойын ішімдік жайлап алған соң, ол батылданып, өзін аң патшасындай қаһарлы сезінеді. Әркіммен бір төбелесе кетеді.
4-ші кезеңін шошқаға теңейді. Адам тепе-тендікті сақтай алмай, шалшық суға құлап, нағыз шошқа кейпіне түседі. Сондықтан «қасықтап жинаған абыройыңды, шөміштеп төкпе» демекші, болашақ өз-өзімізді күлкі етуден сақтап, с.ө.с қалыптастырайық.
Өлең оқу: «Денсаулықты сақтайық» Кенелова А.
«Сергіту сәті»
Видеофильм «Есірткі – қоғам дерті»
Ой-қозғау. Оқушылар
Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезмінің, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Бір шырмалған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп, біреу алдауға түсіп байқаусыз барады, енді біреу өзгелердің ықпалымен барады.
Шығатын жолы біреу ол – салауаттылық өмір сүру. Өз сеніміңе берік болу.
Мұғалім: Біздің елімізде 35 мың нашақорлар наркологиялық диспансерде тіркелуде. Алматыда «Нарконон» және «Ақниет» диспансерлік орталық жұмыс жасайды.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша «Есірткі тұтынушылар есірткі заттарын заңсыз әзірлегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны, тартқаны үшін жауапкершілікке тартылады»
Елбасы жолдауында « ... есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз қоғам бола алмайды» делінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет