Әріп танымайтын балалардың көру өткірлігі Сивцевтің түрлендірілген кестесінің көмегімен
анықталады. Онда әріптердің орнына қатары мен мөлшерлеріне сәйкес түрлі
ойыншықтардың
суреті берілген.
4-жұмыс. Аккомодация көлемін анықтау
Әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін анық көру қабілетін аккомодация дейді.
Аккомодация көз бұршағының жарық сындыру қабілетінің өзгеру негізінде іске асады. Қалыпты
жағдайда аккомодация мөлшері А=
1
/
L
=10 Д.
Жұмысты орындау. Аккомодация мөлшерін анықтау үшін
зерттелуші адам бір көзімен
кестедегі ең ұсақ шрифтерді оқи алатындай ең жақын қашықтықты анықтайды да,
формула
бойынша аккомодация көлемін шығарады.
А=
1
/
L
.
Мұндағы А - аккомодация көлемі; L - метр өлшемімен
көрсетілген шрифті оқи алу
қашықтығы.
ТЕРІ ТАЛДАҒЫШЫ
Тері - организмдегі рецепторлардың көп орналасқан жері. Онда жанасуды (Мейснер денешігі),
қысымды (Паччини денешігі), температуралық әсерлерді - суықты (Краузе құтысы), ыстықты
(Руффини денешігі) сезетін рецепторлар бар. Тері ауырсынатын тітіркендіруді де сезеді.
Ауырсынатын тітіркендіргіштерді терідегі жүйкенің жалаңаш ұштары қабылдайды. Терінің жанасу
және
ауырсыну сезімдік, рецепторлық қызметі ұрықтық кезеңнен - ақ басталады. Тері
рецепторларынан қозу қыртыс асты орталықтарға жұлын – таламустық жолдар және лемниск
сезімтал
талшықтар арқылы келеді, қыртыс бөлімі-артқы ортаңғы (постцентралис) қатпарында
орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: