Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар



бет12/82
Дата14.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#114530
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1.Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2.Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
3.Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

  • балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

  • оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

  • оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

  • оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

  • девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;




  1. Залезник типологиясын жазыңыз.



Ізбасарлардың алғашқы типологиясын Залезник ұсынды (1965). Ол көшбасшыға ізбасарларды түсінуге көмектесуді, ал ізбасарларға көшбасшы-ны түсініп, өздерінің де көшбасшы болуына көмектесуді көздейді. Harvard Business Review басылымында жарияланған мақаласында Залезник екі ось-тің бойында ізбасарлардың мінез-құлқын бейнелейтін матрицаны жасап шықты: Үстемдік – Бағыну және Белсенділік – Бәсеңдік (12.1-сызба). Тік осьте көшбасшылары қадағалағысы (үстем болғысы) келетіндерден көш-басшыларының бақылауында болуды (бағынуды) қалайтындарға дейінгі ізбасарлардың әртүрлі типі бейнеленген. Ал тік осьте бастама көтеріп, бел-сене араласқысы келетін ізбасарлар мен арқаны кеңге салып, қалыс қала-тын ізбасарлардың түрлері бейнеленген. Осы екі осьтің негізінде модель ізбасарлардың төрт типін айқындайды: тұйық (көнбіс/енжар), мазохист (көнбіс/белсенді), компульсив (тым үстем/енжар), импульсив (тым үстем/белсенді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет