Көшпелілер өркениетін зерттеу



бет3/3
Дата27.11.2023
өлшемі30,24 Kb.
#128652
1   2   3
ҚАЛА ӨРКЕНИЕТI
Латын сөзi «civilis» — азамат, қала тұрғыны немесе қала өркениетi дегендi бiлдiредi. Осыған байланысты ежелгi грек тарихшысы Страбонның «өркениет болса, бiр қала да жетiп жатыр» деген сөзiн тағы бір келтiрудiң артықтығы жоқ. Егер тарихи есеп жүргiзудi Арқайым қаласынан бастасақ, онда қазақтар тұрған жерде 300-400 шамалы қала болған. Шумер мемлекетiнiң аумағында болған қалалар: Өрiк (екiншi аты –Орхон), Ор, Ом, Лағаш, Самара, Соза, Есен, Мары, Вавилон, т.б. Әрбiр қала белгiлi аумағымен бiрге, жеке мемлекет сияқты тiршiлiк еткен. Еуразия кеңiстiгiнде қалалар кештеу пайда болды, сондықтан олардың көпшiлiгi шумер атауларын алған (Самара, Мары, Созақ, Ор, Омбы, т.б.). Таяуда Түркiстанның – 1500, Тараздың 2000 жылдығы тойланды, бұл – ерте заманда гүлдей жайнаған қалаларымыздың болғанын дәлелдейтін дерек.


Өркениет теориясы қалаларды өркениеттiң алғы шарты мен базалық негiзi деп санаған. О.Шпенглердiң пiкiрiнше, тiршiлiгi қайнаған, халқы сапырылысқан және өзара байланысы дамыған қала – өркениеттiң ең маңызды көрiнiсi. Ал А.Тойнби қала мен өркениеттiң өзара байланысына шек қоймаған, қайта ол «көшпелi өркениеттiң» бар екенiнен қайтпаған («Тарихты өңдеу», ХII том). А. Тойнбидiң бұл пiкiрi батыс ғалымының ерлiгi үшiн құрметтеуге тұрарлық, дегенмен «көшпелi өркениет» «кешеуiлдеген» өркениет тiзiмiне енгiзiлiп қойған. Тарихта таза күйiнде номадтың болмағаны қазiр мәлiм болған, ал қазақтар да таза көшпелiлер болған емес. Қазақ өркениеті - DalaNews.kz


www.dalanews.kz/9583

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет