Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет20/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32

Үшінші бөлім 

 

І 

 

 

Орынбор әскери губернаторы граф Василий Алексеевич Перовский, жұмсақ 



орындыққа  шалқая  түсіп,  көгілдір  көзін  сәл  жұмып,  кең  маңдайын  ұзын 

саусақты  сол  қолымен  сипай  тағы  да  ойға  кетті.  «Батыс  Сібір  губернаторының 

қарамағынан  көшіп  келіп  Кіші  жүз  ереуілшілеріне  қосылған  Кенесары 

сұлтанмен тіл табуға қалай мәжбүр болып еді?.. Иә, иә, ол кезде помещиктердің 

тепкісіне  шыдай  алмаған  Орынбор  өлкесінің  басыбайлы  қарашекпендері  мен 

казак-орыстардың  түгелдей  патша  үкіметіне  қарсылық  көрсеткен  қозғалысы 

бас-талған  еді  ғой.  Ол  аз  болғандай  Арқадан  Кенесары  келіп  Елек,  Ырғыз, 

Торғай бойындағы қазақ ауылдары тегіс ереуілге шықты емес пе... Орынбор екі 

оттың ортасында қалмады ма. Екі отты бірдей сөндіруге күш жетпеген соң, амал 

жоқ, қазақ ереуілшілерімен тіл табуға мәжбүр болған жоқпыз ба?.. Онда да біз 

емес,  алдыменен  Кенесары  сұлтанның  өзі  бітім  сұрады  емес  пе?  Иә,  иә,  өзі 

сұраған.  Қалай  деп  жазып  еді  ол  сонда    хатында?»  —  Василий  Алексеевич 

елуден  асып  кеткеніне  қарамастан,  жас  жігіттерше  орнынан  ұшып  түрегеліп, 

сұңғақ бойын тіп-тік ұстап, аяғын сыптай басып бұрышта тұрған темір шкафтан 

бір папканы алып ішіндегі қағаздарды қарай бастады... «Міне, міне осы қағаз... 

Бір мың сегіз жүз отыз тоғызыншы жылы яғни қазақша Доңыз жылының наурыз 

айы  делінген»  Перовский  енді  аузын  жыбырлатып  оқи  бастады  —  «Атамыз 

Абылай  ханнан  бері  біз  орыс  жұртшылығымен  бір  туысқан  адамдай  тату-тәтті 

өмір  сүріп  келе  жатыр  едік,  тек  Сібір  губернаторының  адамдары  маза 

бермегендіктен,  амалсыз  соғысуға  мәжбүр  болдық...  Ал  сіздің  жеріңізге 



258 

Әдеби KZ 

келуімізбен  еш  уақытта  да  Россияға  қас  болмағанымды  айтқым  келеді,  және 

менің  осы  сөзімді  жоғары  жаққа жеткізуіңізді  өтінемін»...  Граф  қағазды  былай 

қойып тағы ойлана қалды. «Россияға қазақтарды бағындыруда менің саясатым 

әуел  бастан-ақ  князь  Горчаковтікінен  өзгеше  болатын...  Өлке  бойынша 

көтерілген  орыс  мұжықтарының  қимылын  еске  алып,  мен  қазақтарды  князь 

секілді қылыштың күшімен емес, бейбіт жолмен бағындырған жөн деп білгем, 

сондықтан  да  Кенесарының  өткен  күнәсына  кешірім  сұрап,  жаңағы  хатының 

көшірмесін Соғыс министрі Чернышев пен вице-канцлер Нессельроде мырзаға 

жіберген  едім  ғой,  —  Перовский  алдындағы  папканы  тағы  ақтара  бастады.  — 

Сол ресми хатым мына қағаз ғой. «Мәртебелі мырзалар, ереуіл ұйымдастырып 

бас көтерген Қасым ұлы Кенесары сұлтанның осы жіберіп отырған хатынан, егер 

патша  ағзам  оған  кешірім  істесе,  оның  бізге  мойын  ұсынып  бағынатынын 

өздеріңіз  де  көріп  отырсыздар».  Иә,  осы  хаттың  аяғында  бұдан  былай  қарай 

Орынбор жеріне көшіп келген қазақтардың ісіне Сібір генерал-губернаторының 

кіріспеуін өтінген едім мен. Солай деп князь Горчаковқа Соғыс министрі бұйрық 

та берген. Бірақ ол бұйрықты князь қалай қарсы алды? Князь ашуға мініп маған 

хат  жазған»...  —  Граф  ақырын  езу  тартып  күлімсіреді  де  Горчаковтың  хатын 

тауып алып оқи бастады. — «Орынборға жататын қырғыз-қайсақтарды басқару 

осы уақытқа дейін менің ойламаған ісім. Бар мақсатым Кенесарының қанқұйлы 

тобырынан өз генерал-губернаторлығымды аман сақтап қалу болатын. Қырғыз-

қайсақтарға  көне  замандағыдай  бостандықтарыңды  қайтарып  әперем  деп 

сендіріп,  өзінің  ел  тонаушылығын  бүркей  білген  Кенесары  бүліншілігінің  қаупі 

күшті.  Осы  себептен,  оңай  мал  табудан  гөрі,  ескі  замандағы  еркіншіліктерін 

қайтарып алуды арман етіп, оның соңынан ергендер көп». 

 

Граф тағы ойлана қалды. 



259 

Әдеби KZ 

 

«Орынбор Омбы емес. Мұнда орыс оқығандарының демократшыл тобы бар. 



Көтерілген  халықты  Горчаковтай  қанға  батырсам,  сол  өзім  сыйласатын,  кейде 

пікірімен  санасатын  орыс  оқығандары  не  айтады?  Олардың  да  ойын  еске  алу 

керек.  Түркістан  тарихы  жөніндегі  еңбектерімен  әйгілі  болған,  өзіммен  бірге 

жұмыс істеп  жүрген  В.  В. Вельяминов-Зернов, орыс  түсінік сөздігін  жасаушы  В. 

Даль қазақтардың Россия империясының қол астына кіруі түбі прогресшіл жол, 

сондықтан  оларды  қарудың  күшімен  емес,  ақылмен  бағындыру  керек  деген 

пікірде емес пе... Бұл ойды осы Орынбор шекара Комиссиясының бастығы боп 

көп  жылдан  бері  қызмет  істеп  келе  жатқан  генерал-майор  В.  Ф.  Генс  те 

қолдайды.  Әйтсе  де  осы  генерал-майор  қызық  адам,  өзі  Россия  патшалығына 

бағынбадың  деп  қазақтарға  қарсы  соғысады,  сөйтіп  жүріп  олардың  жетім 

балаларын үйіне жинап жетімхана ашады. Және жұрттан жасырып қазақтардың 

тарихы  мен  этнографиясы  жөнінде  еңбек  жазады.  Бұлар  аз  болғандай 

Орынборға айдалып келген поляктың белгілі азаматтары да халықты қырғаннан 

гөрі ақылмен көндірген жөн дейді. Осындай ойларын Мицкевичтің жан аяспас 

досы,  Орынбор  музейін  ашқан  Томаш  Зан  да,  шекара  комиссиясында  қызмет 

істейтін дарынды ақын И. В. Виткевич те өткен жылы өзіме келіп ашықтан-ашық 

айтты... 

 

Қарамағымдағы  қазақ  елін  қанға  батырып,  ереуілін  басқанда  көңілдес 



сырластарым,  Петербургтағы  белгілі  орыс  әдебиетшілері  не  айтады?  Өзімнің 

бауырым, белгілі жазушы Антон Погорельскийдің бетіне қалай қараймын? Бәрі 

де қан төгуді жек көреді, менен бірден безбей ме?». 

 

Перовский тағы да тұнжырай қалды. 



 

«әйтсе  де  мен  өз  ойлағаныма  жеткен  едім.  Россия  патшалығы  мен  қазақ  

елінің  арасындағы  қайшылық  қай  түрде  бітетінін  Кенесары  да,  мен  де  анық 

білмегенмен,  әзірге  қан  төгіс  шабуылды  екі  жақ  бірдей  тоқтатқан  едік  қой... 



260 

Әдеби KZ 

Батыс  Сібір  шекарасындағы  анда-санда  бұрқ  ете  қалатын  жанжалды  есепке 

алмасақ,  Орынбор  шекарасындағы  бекіністер  мен  казак-орыс  станицаларын 

шабуын  Кенесары  біржола  тоқтатты  десе  де  болады...  Оның  есесіне  патша 

ағзам  өткен  қырқыншы  жылы  Кенесарының  бар  күнәсын  кешіріп,  амнистия 

берді...  Және айдалып, сотталып кеткен туған-туыстарын тегіс қайтарды...» 

 

Граф бірдеме ойына түскендей орнынан түрегеліп темір шкафтан екінші бір 



папканы алды. 

 

«Иә, иә, патша ағзам менің тілегім үшін өзінің бұрынғы указын бұзған жоқ па 



еді? Ол указда...» 

 

Перовский  Указға  көз  жүгіртіп  оқи  бастады.  Бұл  Бірінші  Николай  патшаның 



бір  мың  сегіз  жүз  отыз  сегізінші,  қазақша  Ит  жылы  мамыр  айының  бірінде 

берген  Указы  еді.  Онда  «Қылмыстары  үшін  арестант  роталарына  жіберілген 

қазақтар, мерзімді уақыттары біткеннен кейін де туған жерлеріне қайтарылмай, 

әскер  қызметіне  жарайтын  сенімділері  солдатқа  беріліп,  ал  өзгелері  Иркут 

губерниясына жер аударылсын», — деген. 

 

«Патша  ағзам  осы  мейірімсіз  Указына  қарамай,  —  деді  граф  ішінен,  — 



Кенесарының  ұсталып  кеткен  туыстарын,  Уәлиханның  үлкен  баласы 

Ғұбайдолладан  бастап  босатып  берді...  Бірақ  Ғұбайдолла  туған  інісі  — 

Құсмұрынның  аға  сұлтаны  Шыңғыстың  еліне  бармай,  Кенесарыға  келіп 

қосылды.  Неліктен?  Патша  ағзамның  жақсылығын  білмегендігінен  бе,  әлде 

өзінің  тоқал  шешесі,  Шыңғыстың  анасы  Айғанымға  деген  өштігін  ұмытпағаны 

ма?.. Айғаным демекші, оны осыдан жиырма бес жыл бұрын Петербургта көріп 

едім ғой.. Марқұм Бірінші Александр патшаның туған күнгі тойында... Сол тойға 

арналған  балда  сұлулық  жағынан  Айғанымнан  еш  әйелдің  аспағаны  әлі 

есімде...  Оған  өзім  секілді  орыстың  жас  офицерінің  бәрі  ғашық  болып  қалған 

едік қой». Граф әлденені есіне түсіріп күлімсіреді. «Иә, сөйткен сұлу Айғанымды 



261 

Әдеби KZ 

қасқырдың қаншығындай тас жүрек деп кім ойлаған. Хандыққа өзімен таласқан 

Уәлидің үлкен әйелінен туған Ғұбайдолланы да, Уәлидің туған ағасы Сартайды 

да  Сібірге  жер  аудартқан  жоқ  па?  —  Перовский  тағы  күлімсіреді.  —  Алайда 

Бірінші Александр патшаның  сол  тойын  өмір  бақи  ұмыта алмаспын... Жетпіске 

таяп  қалған  Уәли  өзі  секілді  кілең  ақ  шашты  шалдармен  патша  сарайының  бір 

салонында карта ойнап отырғанда, бидің дәл қызу үстінде. Айғанымды өз үйіме 

алып  кетіп  едім-ау!  Ах,  жастық  шақ,  жастық  шақ,  сен  қазір  алыстағы  ай 

тәріздісің ғой, сәулең бар, қызуың жоқ... 

 

Ал  сондағы  марқұм  Бірінші  Александр  туған  күнгі  балмен,  қорғанышым 



Бірінші Николай патшаның туған күніне арналған кешегі бал айырмасы қандай? 

Жер  мен  көктей!  Алғашқы  балда  қылыштың  жүзіндей  қылшылдаған  офицер 

едім,  алдымда  мен  асатын  сан  қызық  асқар  белдер  бар  болатын,  бар 

болашағым мені күтіп тұр еді ғой... Ал кешегі балда ше?.. Шын қызығы артында 

қалған  кәрілікке  бас  ие  бастаған  жан  секілді  көрінген  жоқпын  ба,  салтанатты 

сарай  бикештеріне...  Айғаным  тәрізді  жас  сұлуды  оңашаға  алып  кетпек  түгіл, 

патша ағзамның көңілдесі жезөкше Нинаның әзіліне әзіл қайтара алмай қалдым 

ғой... Иә, иә, бәленің бәрі осы әзілден басталған жоқ па?.. Сөйтті ғой». 

 

Василий  Алексеевич  тұнжырай  ойға  кетті.  Расында  ол  ойланатын  жәйттер 



көп  еді.  Перовский  Қоқанға  өзі  басқарып  барған  Доңыз  жылғы  сәтсіз 

экспедициясының  әуресінен  құтылған  соң,  биыл  азырақ  дем  алып  көңіл 

көтерейін  деп  жазғытұрым  патша  ағзамның  рұқсаты  бойынша  Петербургке 

келген. Жастық шақ өткен жердің ыстықтығы қандай, осы тамаша астанада үш-

төрт  ай  серуендеп  қалған.  Енді  қайтам  деп  тұрған  кезінде  патша  ағзамның  бір 

қызының  туған  күні  болып,  соның  балына  қатынасқан.  Балда  қыдырып  жүріп 

Бірінші  Николай  императоры  мен  оның  көңілдес  әйелі,  Петербургтың  соңғы 


262 

Әдеби KZ 

кезде  ауызға  іліне  бастаған  сұлуы  Нина  Макеевскаямен  кездесіп  қалған. 

Амандасып болғаннан кейін сайқал Нина: 

 

— Ах, патша ағзам, сіздің маған берген уәдеңізді орындамауыңызға Василий 



Алексеевич те кінәлі ғой деп ойлаймын, — деп күлген. 

 

Патша  сарайы  әйелдерінің  мұндай  сөзді  астарсыз  айтпайтынын  білетін 



Перовский дереу:  

 

—  Ғафу  етіңіз.  Егер  мәртебелі  патша  ағзам  уәде  берген  болса,  ол  уәдені 



орындау үшін Орынбор өлкесінің әскери губернаторы граф Перовский өз жанын 

пида етуге бар, — деп басын иген. 

 

—  Онда  қалай  болғаны?  —  Сұлу  Нина  сиқырлана  күлген,  —  патша  ағзам 



маған  осы  тойға  көйлектікке  бұхар  дүриясын  алдырам  деп  арнаулы  керуен  

жібереді.  Ал  ол  керуенді  Ташкент  түбінде  соғыс  ашқан  сіздің  Кенесары 

сұлтаныңыз тонайды... Бұл айып емес пе? 

 

— Ол мүмкін емес. Кеше ғана хабар алдым. Бесінші сентябрь күні Кенесары 



сұлтан өзінің Торғай өзенінің жағасындағы ордасында болатын. 

 

—  Орынбордан  Арал  теңізінің  жағасына  дейін  екі  ай  жүретін  тек  орыс 



генералдары ғана, — деген Николай патша кекете, сәл қабағын шытып. Бұнысы 

Перовскийдің  Хиуа  хандығына  қарсы  отыз  тоғызыншы  жылы  шығарған 

экспедициясының Арал теңізінің жағасына екі айда әзер барғанын бетіне салық 

ету,  —  ал  қырғыз  сұлтандары  Торғайдан  төрт  мың  әскермен  жеті-ақ  күнде 

Созаққа жетеді екен. 

 

— Ғафу етіңіз, патша ағзам, мен сіздің қалжыңыңызға түсініп тұрғам жоқ. — 



Перовский басын ие түскен. 

 

— 



Қарамағындағы 

қырғыздардың 

не 

істеп 


жатқанын, 

патша 


генералдарынан  емес,  генералдары  патшасынан  білетін  болған  екен  бұл 

бақытсыз  Россияда.  —  Николай  патша  қабағын  түйе  түскен.  —  Білмесеңіз 



263 

Әдеби KZ 

айтайын.  Сіз  қорған  боп  жүрген  Кенесары  сұлтан  осы  жылы  жетінші  сентябрь 

күні  өзін  хан  деп  жариялап,  соның  құрметіне  бір  жетіден  кейін  Қоқан 

хандығына қарсы Ташкент түбінде соғыс ашқан. 

 

— Бекер болар... — деген Перовский сенерін де, сенбесін де білмей. Өйткені 



жақында ғана өзінің орнында қалған генерал-майор Генстен хат алған. Хатында 

ол  адъютанты  Герннің  Кенесары  ордасынан  бірінші  сентябрьде  қайтқанын 

жазып «Ол жақта бәрі тыныш, Кенесары бітімнің ең соңғы шешімін күтіп жүр» 

деген. 


 

—  Бекер!  Ғафу  етіңіз,  қадірлі  Василий  Алексеевич,  бүгін  ғана  Қоқан  ханы 

Шерәліден  шабарман  келді.  —  Николай  патша  соңғы  кезге  дейін  өзінің  сүйеп   

жүрген  губернаторын  біржолата  жермен-жексен  еткісі  келмеді.  Енді  ол  жүзіне 

сәл шырай берді, — осы уақытқа дейін князь Горчаковтан гөрі граф Перовскийді 

жақын санасақ онымыз Кенесарыны сіз хан етсін дегеніміз екен деп түсінбеңіз. 

«Бір  патшалықтың  ішінде  екінші  патшалық  болуға  мүмкін  емес».  Және  Индия, 

Ауғанстан,  Орта  Азияда  ағылшындар  мен  біздің  тілегіміз  қарама-қарсы  келіп 

отырғанда,  Бұқар,  Қоқан,  Хиуа  хандықтарымен  сауда-саттықты,  қарым-

қатынасты  бұзу  Россия  империясының  саясатына  жатпайды.  Мұны  да  ұғыңыз. 

Демек,  Кенесары  әңгімесін  бітіретін  уақыт  жетті.  Әр  губернатор  өз  бетінше 

саясат жүргізуден ештеңе өнетін емес. Сондықтан мен бүгін Чернышев мырзаға 

Сібір  мен  Орынбор  губернаторлары  тізе  қоса  отырып,  биыл  жазда  Кенесары 

қозғалысын біржолата құртатын болсын деген бұйрық бердім. Егер бұл міндетті 

орындай алмаймын десеңіз... 

 

— Бәрін де түсіндім, — деп Перовский басын ие түскен. 



 

—  Түсінсеңіз,  көп  кешікпей  Орынборға  жүріп  кетерсіз  деп  ойлаймын.  —  

Патша ағзам басын изеп қоштасты да, енді кідірмей, қасындағы сұлу келіншекті 

қолтықтап кете барған. 



264 

Әдеби KZ 

 

Нина  Макеевская  Соғыс  министрі  Чернышевтың  Николай  патшаға 



жақындастырған  әйелі  екенін  граф  білетін.  Ал  сол  Чернышевтың  көптен  бері 

Перовскийдің  орнына  артиллерия  генерал-майоры  Обручевті  қойғысы  келіп 

жүргенін  де  сезетін.  Тек  патша  ағзамның  өзі  Перовскийді  сүйейтін 

болғандықтан  «ауыстырайық»  деуге  бата  алмайтын.  «Чернышев  ойлаған 

мақсатына  жақындап  қалған  секілді-ау»  деді  граф  ішінен,  патша  ағзамның 

сөзінен  өзіне  көз  қарастың  өзгере  бастағанын  сезіп,  «бір  қатынға  көйлекке 

деген  торқаның  мезгілінде  келмегені  үшін  бір  елдің  тағдыры  өзгеше  шешілуі 

керек». 


 

Перовский  сол  түні  таң  ата-ақ  Орынборға  аттанған  да  суыт  жүріп  кеше 

жеткен.  Келген  бетінде-ақ  Генстен  болған  уақиғаның  анығын  білген.  Бүгін 

қолданар шараны шешпек. 

 

Кенесары 



қозғалысын 

басуды 


ақылдаспақ 

болған 


Перовский 

қарамағындағы  аға  сұлтандарға  «тез  жетсін»  деп  ат  шаптырған.  Ал  барлық 

жағдайды  толық  баяндауды  генерал  Генске  тапсырған.  Әскери  губернатор  бұл 

баяндамаға бір тәулік қана уақыт берген. Қазір сол генерал Генсті күтіп отырған 

жайы бар. 

 

—  әскери  губернатор  мырза,  —  деді  есікті  ашып  хатшы-адъютанты  аққұба 



келген бала жігіт, — генерал майор мырза келді. 

 

— Кірсін. 



 

Ұзын  бойлы,  қошқар  тұмсықты,  ойлы,  үлкен  көзінде  алтын  пенснесі  бар, 

әскери адамнан гөрі оқымыстыларға көбірек ұқсас Генс үйге кірді. 

 

Графтың кабинеті Горчактың кісі қабылдайтын  бөлмесіндей далиып жатқан 



сұсты  болмаса  да,  төрт  бұрышты  әжептәуір  кең    зал.  Стол  тұсындағы  патша 

ағзамның  суретінен  бөтен  әскери  губернатор  құрмет  тұтатын  Суворов,  Кутузов 

секілді  атақты  орыс  қолбасшыларының  ғана  бір-екі  тас  мүсіндері  бар.  Жұмсақ 


265 

Әдеби KZ 

орындықтар, дивандар бәрі алтын түстес сары барқытпен тысталған. Қабырғада 

Орынбор  өлкесінің  үлкен  картасы.  Бөлме  іші  толған  кітап.  Бұрыштағы  шкаф 

ішінде де, стол үстінде де кілең былғары тысты жуан шығармалар... 

 

— Жақсы жатып, жәйлі тұрдыңыз ба, Василий Алексеевич,  — деді Генс қол 



беріп  амандасып,  бұл  екеуі  көптен  келе  жатқан  әріптес,  серіктес  адам 

болғандықтан  араларында  бәлендей  ресми  тәртіп  сақтала  қоймайтын,  —  жол 

соғып тастаған жақ па екен?.. 

 

—  Жол  соққанмен  төсекте  рахаттанып  жататын  кез  болып  тұр  ма?  — 



Перовский  езу  тартып  күлді  де,  тез  орнынан  түрегеліп,  қабырғадағы  картаның 

алдына барды. — Уақытты босқа өткізбейік, генерал мырза, сіз маған алдымен 

Кенесары  сұлтанның  қарамағындағы  елдің  қайсысы  қай  жерде,  соны 

көрсетіңізші. 

 

Генс бұрышта тұрған көрсеткіш таяқты алып сөйлей бастады. 



 

— Бұл жаққа Кенесарының соңынан көшіп келген Ақмола және Қарқаралы 

округтерінің  әлке  —  Байдалы,  Тыналы  —  Қарпық,  Алшын  —  Жағалбайлы, 

Қаракесек,  Айтқожа  —  Қарпық,  Төбе  —  Темеш  болыстары  Қарақұм  мен 

Аққұмның  төңірегіндегі  мына  жайылымдар  мен  Жыланшық  өзенінің  Торғайға 

құятын сағасына орналасты. Ал Баянауыл округінен келген Қозған, Қойлыбай — 

Шағыр,  Қаржас,  Малай  —  Қалқаман  болыстары  мен  Ақмола  округінің  Тыналы 

—  Қарпық,  Торайғыр  —  Қыпшақ  болыстарының  қалған  ауылдары  Бағаналы 

руымен  қосыла,  мына  Қара  Торғай  өзені  бойына  жайласты.  Осы  Қара 

Торғайдың  жоғарғы  тұсында,  жұрт  «Орда  тіккен»  деп  атай  бастаған  жерде 

Кенесарының  өзінің  аулы  тұр.  Отыз  сегізінші  жылы  Кенесарымен  бірге 

көтерілген  Орта  жүздің  Атбасар  дуанына  жататын  мына  Арғынаты  Ұлытау, 

Терісаққан,  Қайрақты,  Шойынды  көл,  Ақ  көл  маңын  жайлаған  қалың  Алтай  — 

әлке, Алтай — Байдәлі, Төбет — Темеш, Тыналы — Қарпық, Айтқожа — Қарпық, 



266 

Әдеби KZ 

Қойлыбай  —  Алтай,  Алшын  —  Жағалбайлы  рулары  біздің  жеріміздегі 

Алшынмен  бірігіп  кетіп  отыр.  Міне  көрдіңіз  бе,  қанша  жер  екенін?  Генс 

картаның  дәл  ортасын  қомақты  етіп  бір  ойып  өтті,  —  бұған  мына  Жайықтың 

күншығыс  жағындағы  Жем,  Елек,  Ырғыз  өзендері  мен  Жыланды,  Мұғажар 

тауларының  бауырын  қоныс  еткен  Кіші  жүздің  Табын,  Тама,  Шықылық, 

Шөмекей,  Шекті,  Төртқара  руларын  қоссаңыз  ереуілшіл  сұлтан  қарамағында 

Франция мен Италияға пара-пар бір хандық ел болады. 

 

Перовский картаға ойлана көз тастады. 



 

—  Таң  қалам,  —  деді  ол  сәл  кідіре,  —  жайшылықта  аулы  бір  қонып  өтетін 

жерге  таласатын  қазақ  рулары,  Сібірден  қаптай  көшкен  осыншама  елге  қалай 

қоныс берді? 

 

—  Расында,  бұл  таң  қалатын  жағдай,  —  Генс  ойлана  жауап  қайырды.  — 



Кенесарының  күші  де  осында  емес  пе?  Ол  Россия  империясының  отаршылық 

саясатын өмір бойы бытырап жүрген қазақ руларының басын қосуға пайдалана 

біліп отыр. 

 

— Сондықтан да оны қазақтар хан сайлады демексің бе? 



 

—  «Кенесарыны  жетінші  сентябрь  күні  хан  көтеріпті»  деген  хабарды  үш 

күннен  кейін  мен  де  естідім.  Сіздің  атыңыздан  арнаулы  кісі  жіберіп,  «бұл  рас 

хабар ма?» деп сұрақ салғанымда Кенесары: «бекер» деп жауап қайырды. Бұл 

сөзге мен сендім. Өйткені «Үш жүздің адамдары Кенесарыны ақ кигізге көтеріп 

хан  сайлапты.  Торғай  бойында  ұлан-асыр  той  болып  жатыр»,  —  деп  Қоқан 

бейқам отырғанда ол төрт мың әскермен бір жеті өтпей Созақтан бір-ақ шықты. 

Сонысына қарағанда «Кенесары хан болыпты» деген сөз қулығы ма деймін. Не 

болса да анығын Герн мырза біліп келеді, ол алдыңғы күні жүріп кетті. 

 

— Бар қазақтың басын қосатын ханың болдым демесе Созаққа неге барды? 



267 

Әдеби KZ 

 

— Торғай правителі Ахмет Жантөрин: «Кенесары Созаққа өз бетімен барған 



жоқ.  Ташкент  құшбегіне  қарсы  бас  көтерген  Сыр  бойын  жайлаған  Шөмекей, 

Төртқара,  Тама  рулары  оны  Қоқан  хандығынан  құтқаруды  сұрап  шақырып 

отыр»  дейді.  Ал  Сібір  Таможный  округінің  бастығы:  «Кенесары  Қоқан  жеріне 

соңғы  аласапыран  кезде  көшіп  кеткен  Россияға  бағынатын  қырғыз  ауылдарын 

қайтарып  әкелуге  өтті»  дейді.  Егер  бұл  хабарларға  туған  әкесі  Қасым  төрені 

Қоқан ханы мен Ташкент құшбегісінің өлтіргенін еске алсақ, Азия елінің дәстүрі 

бойынша Кенесарының жау жұртын шабам деуі таң қаларлық іс емес. 

 

—  Кенесарының  туыстарын  өлтірген  Мәделіхан  мен  Ташкент  құшбегі 



Бегдербек,  Ләшкәрлар  қазір  жоқ.  Онда  Мәделіханның  інісі  момын  Шерәліхан. 

Ол бізге дос. 

 

Мәделіхан  баяғы  Ташкенде  тоқал  шешесімен  кездескеннен  кейін,  бір  жыл 



өтпей  үйленген  болатын.  Бұнысын  кәпір  ісі  деп  «Қасапшы  Нұрасулла»  атанған 

Бұқар  әмірі,  биылғы  жылы  көп  әскерімен  кеп  Мәделіханды  бауыздап,  ал  сұлу 

Ханпадшайымның  күнтимесіне  қорғасын  құйып  өлтірген-ді.  Граф  соны  айтып 

тұр. 


 

—  Бұқар  мен  Қоқан  хандығының  арасындағы  қастықты  пайдаланып, 

Кенесары  елін  босатып  аламын  десе  осы  кез  ең  ыңғайлы  кез.  Кенесарының 

қимылы осыны көрсетеді... Ал ол Бұқар, Қоқан, Хиуа хандарының бірінің де қол 

астына  кіргісі  келмейді.  Олардың  қазақ  халқына  жандары  ашымайтынын,  өзін 

«бізге кел» деп шақырса, хандықтарын Россиядан қорғайтын алдыңғы шеп етіп 

пайдалануды  ғана  көздейтінін  Кенесары  жақсы  біледі.  Сондықтан  да  алдыңғы 

жылы  октябрь  айында  Мәделіхан  көп  сыйлықпен  әдейі  кісі  жіберіп,  Қоқан 

хандығына  көш дегенінде, Кенесарының көнбей қалғаны өзіңізге аян. Ол Хиуа 

ханы  Аллақұлға  да  көнбеген.  Бұл  жағдайлар  туралы  біз  октябрь  айында  граф 

Нессельродеге арнаулы хат жазғанбыз... 


268 

Әдеби KZ 

 

— Бәрі дұрыс. Кенесарының Қоқан, Бұқар, Хиуа хандарының қарамағы түгіл, 



Россия  империясының  да  қол  астына  кіргісі  келмейтінін  білемін.  Оның  ойы 

Россия  берген  тыныштықты  пайдаланып,  Қоқан  қарамағындағы  қазақтарды 

өзіне  қосып  алу.  Сөйтіп  барып  қазақ  хандығын  құру...  Шамасы  келсе  Хиуа 

ханына қарсы шығып жүрген Көтібардың Есетін де өзіне ерту. Бірақ Есет те, Сыр 

бойының  батыры  Жанғожа  да  Кенесарының  қол  астында  болғысы  келмейді. 

Олар  «Ортақ  өгізден,  оңаша  бұзауды»  жақсы  көреді.  Кенесарыға  Кіші  жүздің 

бәрі бірдей қосылмай отыруына да осы себеп... 

 

— Жанғожа бұл жолы Кенесарымен тіл тауыпты. Әйтпесе бес мың әскері бар 



Созақ секілді күшті бекіністі, Кенесары екі мың әскерімен қалай алсын... 

 

Перовский Генстің сөзін бөліп жіберді. 



 

— Патша ағзам төрт мың әскермен аттаныпты дейді ғой Кенесарыны? 

 

—  Онысы  рас.  Бірақ  мынау  Шұңқыр  құдық  түбіне  ат  шалдырған  әскерінің 



арасында  дизентерия  ауруы  пайда  болып  екі  мыңдай  жауынгері  ұрысқа 

қатынаса  алмапты.  Оның  орнына  Жанғожа  батыр  екі  мың  әскерімен  келіп 

қосылыпты. 

 

— Сөйтіп олар Созақты алып па? 



 

— Алуға таяу дейді. Бүгін ұрыс басталғанына он күн. 

 

—  Ғажап,  —  деді  Перовский,  —  зеңбіректі,  бес  мың  әскері  бар  мықты 



бекіністі Кенесары төрт мың атты әскерімен қалай алмақ? 

 

— Қиянат көріп қорланған жұрт қашан да болса тәуекелшіл келеді. Бірі онға 



татиды.  Оның  үстіне  Кенесары  секілді  тәжірибелі  қолбасшысы  болса...  —  Генс 

ойға  шомғандай  сәл  кідірді,  —  Кенесарының  Созақты  алатыны  сөзсіз.  Бекініс 

қабырғасына  шығатын  жүздеген  баспалдақ  істетіпті.  Ол  баспалдақпен 

өрмелейтін  батырлар  қазақ  жігіттерінің  арасында  қашан  да  болса  мыңдап 

табылады. 


269 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет