Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет18/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Әдеби KZ 

сауытын тұяғымен басып тұрған, қос қанатын кере жайған қара мрамор тастан 

жасалған  екі  басты  самұрық  құс.  Келген  адамның  сұсын  алайын  дегендей 

генерал  самұрықты  есік  жаққа  қаратып  қойыпты.  Егер  қарсылық  етер  болсаң, 

тырнақтары  қанжардай,  қанқұйлы,  айбынды  қыран  «шаңқ»  етіп  көтеріліп,  бас 

салғалы  тұрғандай.  Кең  залдың  іші  қандай  ызғарлы  болса,  құс  түсі  де  сондай 

ызғарлы.  Иесі  осал  кісі  емес.  Россия  патшалығының  Сібірдегі  аузынан  от 

бүріккен қанды балақ жендеті. 

 

Бөлме иесі князь Горчаков  — Батыс Сібірдің генерал-губернаторы. Кірпідей 



тікірейген  қысқа  шашты,  едірейген  жирен  мұртты,  ақ  боз,  түсі  суық  кісі.  Ол 

Қоңырқұлжаны  столының  ар  жағындағы  Бірінші  Николай  суретінің  аясында 

тұрып  қабылдады.  Өзі  де  отырған  жоқ,  Қоңырқұлжаға  да  отыр  демеді.  Басын 

изеді  де  қойды.  Аға  сұлтанға  ол  бірден  «қазақ  даласында  болып  жатқан 

бүліншілікке  сен  де  айыптысың»,  дегендей  сұс  көрсетті.  Қоңырқұлжа  іштей 

әбігерлене  қалды.  «Бәсе,  мені  келмей  жатып  неге  іздетіп  жатыр  деп  едім-ау, 

ұрыспақ екен ғой, тек ұрсып қойса ғана жарады...». 

 

— Подполковник Құдаймендин, — деді Горчаков бірден ресми сөзге кірісіп, 



—  Омбыға  жай  келмегеніңді  біліп  әдейі  шақырттым.  Қазақ  даласында  болып 

жатқан  бүліншіліктің  жәйі  бізге  әбден  мәлім.  Хорунжий  Қарбышев  Ақмола 

бекінісінен  қалай  айырылғандарыңды  баяндаған.  Патша  ағзам  алдында 

борыштарыңды  ақтай  алмағандарың  үшін  сендерді  сотқа  беру  керек  еді,  бір 

жолға  кешірдік.  Енді  бізден  не  тілейсің,  соныңды  айт.  Және  қысқа  түрде.  Ұзақ 

жырды тыңдауға уақытым жоқ. 

 

Князь дәл қазір шынында да асығуда еді. Генерал-губернатор ит құмар жан 



болатын.  Былтыр  Лондоннан  әдейі  алдырған  ағылшын  сеттері  тұқымдас 

қаншығы  кешеден  бері  ауырып  қалған.  Томскіден  арнайы  шақырған  дәрігер 

Омбыға  жаңа  ғана  жеткен  еді.  Оны  итіне  өзі  апарып  көрсетпек.  Князь  соған 


220 

Әдеби KZ 

асығулы.  Сүйікті  қаншығы  ауырып  жатқанда,  қазақтың  бір  аға  сұлтанымен 

мылжыңдасып,  уақыт  өткізуді  жөн  көрмеді.  Сондықтан  генерал-губернатор 

әңгімені  тікесінен  қойды.  Мұндай  келте  қабылдауды  күтпеген  Қоңырқұлжа 

сасып қалды. Горчаков тіпті сөйлеспей кетіп қалар деп қорқып: 

 

—  Генерал-губернатор  мырза,  —  деді  аға  сұлтан  келген  шаруасының  тоқ 



етерін  айтып!  —  Кенесары  күннен-күнге  күшеюде.  Биыл  қыс  оны  құртпасақ, 

келесі жаз бой бермей кетуі мүмкін. 

 

— Қалайша? 



 

— Торғай бойын жайлаған қалың Қыпшақ пен Ырғыз, Елек, Ембі өзендерінің 

маңындағы Кіші жүздің көп руларының оған қосылып кету қаупі туып тұр. Бүйте 

берсе бар қазақ Кенесары туының астына жиналуы мүмкін. 

 

— Мұндай ақымақ халықты көрсемші, — деді Горчаков мысқылдай күліп, — 



Россия патшалығы қазір қазақ жерінде мықтап тұрып орын теуіп алған жоқ па? 

Маңызды  деген  аудандардың  бәрінде  де  біз  өзіміздің  бекіністерімізді, 

форпостарымызды  салып  болдық.  Енді  патша  солдаттарын  бұл  арадан  бір 

Кенесары түгіл, мың Кенесары да қуа алмайды. Абылай кезіндегідей емес, қазір 

қазақ еліне деген Россия патшалығының саясаты өзгерген. Осыны ақымақ қазақ 

білмей  ме?  Ал  сенің  Кенесарыңда  ақыл  болса,  қазақ  халқына  емес,  Россия 

патшалығына  қолайлы  жол  іздеп,  бізге  бас  ұрмас  па!  «Россия  патшалығына 

протекторат  ретінде  бағынуға  қарсылығымыз  жоқ,  бірақ  біздің  елдігімізді 

сақтап,  саяси  бостандығымызға,  жерімізге  тимейтін  болсаңдар  екен»  деп  ол 

маған бірнеше мәрте хат жазды. Бұндай есалаңды көрсем бұйырмасын! Патша 

ағзамға  бағыну  деген  сөз  —  саяси  бостандығымды  жоғалттым  деген  сөз  емес 

пе?!  Сондықтан  да  мен  біздің  тыныштығымызды  бұзған  адаммен  келісім  сөз 

жүргізуді  өзіме  ұят  көріп  және  патша  ағзамға  үн-түнсіз  бағынудан  бөтен  басқа 

шарт қоюына ешбір үміті қалмасын деп әдейі хаттарына жауап бермей қойдым. 



221 

Әдеби KZ 

 

— Дұрыс еткенсіз, губернатор мырза. 



 

Горчаков  алдында  тұрған  Қоңырқұлжаны  адамға  санар  емес.  Сүзетін 

бұқадай басын төмен тұқыртып, өз ойын ашық айтып жатыр. 

 

—  Біз  қазақ  елін  тек  отарымыз  деп  қана  санаймыз.  Кімде-кім  бұған  көнгісі 



келмесе, оны қарудың күшімен көндіреміз. «Азаматтармен келісімге келудің ең 

дұрыс  әдісі  —  оларды  қорқытып  ұстау».  Бұл  пікірді  соғыс  министрі  Чернышев 

мырза да мақұлдайды. 

 

—  Біздің  де  тілегіміз  сол  емес  пе?  Тек  қарулы  күшті  тезірек  шығарсаңыз 



дейміз. 

 

—  Кенесары  көтерілісін  түп-тамырымен  құрту  жөнінде  қазір  арнаулы  соғыс 



жоспары  жасалып  жатыр,  —  деді  Горчаков,  —  көп  ұзамай  қарулы  күш  те 

шығарылады.  Қазақ  даласы  Кенесары  қарақшыларынан  да  тазартылады.  — 

Кенет  генерал-губернатордың  есіне  ауру  қаншығы  түсіп  кетті,  ол  енді  асыға 

бастады.  —  Өзге  шаруаңызды  облыс  бастығы  Талызин  мырзамен  сөйлесіңіз. 

Қош болыңыз. 

 

Қоңырқұлжа  салы  суға  кетіп  үйден  шықты.  Ауырып  жатқан  Талызинның 



пәтеріне барып жолығып, үш күннен кейін еліне қайтты. 

 

Аға  сұлтан  бұ  жолы  Талызиннен  көмекке  небары  жүз  солдат  алғанымен, 



келесі  жаз  Кенесарыны  біржолата  құртатын  қалың  әскер  шығатынын  естіп, 

көңілі    сәл  орнығайын  деді.  «Қыс  болса  келіп  қалды,  ал  Кенесары  қыста 

шабуылға  шықпайды.  Бірен-саран  жасаққа  мына  жүз  солдат  пен  өз  күшім  де 

төтеп  бере  алады».  Бірақ  ол  ел  шетіне  жетер-жетпестен-ақ  әнеукүнгі  Ағыбай 

мен Байтабынның ауылды шауып, түбектегі бар малын айдап әкеткенін естіді. 

 

Оқиға былай болған еді. 



 

Есіркеген жас та болса санасы ерте оянған жігіт еді. Қалада орысша оқып, хат 

танып,  көзі  әжептәуір  ашылып  қалған.  Өзімен  бір  мектептегі  кей  балалардың 


222 

Әдеби KZ 

«жайлауымызға биыл солдаттар бекініс салыпты, енді аулымыз әрі қарай құмға 

көшетін  шығар»,  —  деген  сөздерін  естіп,  түбі  патша  отаршылық  саясаты  еліне 

қолайлы  тимейтінін  түсіне  бастаған.  Оның  үстіне  Кенесары  мен  оның 

батырлары жайында естіген ерлік әңгімелері де бала жігіттің көңілін еліктіретін. 

Әсіресе  Шұбыртпалы  Ағыбай  батыр  жайындағы  аңыздар  кәдімгідей  қанын 

қыздырып,  қиялына  от  тастайтын.  Ағыбайдың  сондай  жау  жүрек  батырлығын 

мақтаныш  ететін,  өйткені  Шұбыртпалы  оған  аталас  ру.  Енді  сол  Ағыбайдың 

басына  қауіп  төнгенін  біліп,  не  істерін  білмей,  әбден  күйінген-ді.  Әйтсе  де, 

нағашы  апасының  аулында  бұдан  әрі  жата  берудің  жөнсіз  екенін  біліп, 

Қоңырқұлжа Омбыға аттанысымен бұ да серіктерін ертіп, өз еліне жүріп кеткен-

ді. Бұлар ауыл шетіне шығар-шықпастан-ақ алдарынан бір қоян ойға қарай зыта 

жөнелді. Кілең есерсоқтау жас жігіттер әлгі қоянды қуып берді. Есіркегеннің аты 

өзгелерінің  атынан  ұшқырлау  болғандықтан,  серіктерінен  озып  кетіп,  қоянды 

жеке қуды. Ақырында қоян Есіл жағасындағы бір қалың талдың ішіне кіріп жоқ 

болды.  Бірақ  Есіркеген  қояннан  айырылғанмен,  шоғыр  талдың  түбінде  түні 

бойы  Қоңырқұлжаның  аулын  торып,  қазір  тынығып  ұйықтап  жатқан 

әбдіуақиттың үстінен шықты... Тарсылдатып келіп қалған ат дүбірінен әбдіуақит 

шошып оянып жанындағы шоқпарына жармасты. Кілт тоқтаған Есіркеген сәлем 

беріп  өзінің  жау  емес  екенін  айтты.  Әбдіуақит  жас  жігітті  шырамытып, 

танығандай секілденді. «ә... Масан бидің ұрпағы тәріздісің... Асылдың сынығы, 

шұғаның  қиқымы  екенсің  ғой,  алдамассың»,  —  деді.  Бұл  кісінің  кім  екенін 

білген Есіркеген өзінің таңертеңгі жылпық сарыдан естіген сөзін, Ағыбай тобын 

Қаражар 


шатқалында 

жатқан 


жерінде 

басыңдар 

деп 

нөкерлеріне 



Қоңырқұлжаның  бұйырғанын  жасырмай  айтып  берді.  Сөзінің  аяғында: 

«Жанымда  жолдастарым  бар.  Маған  бұрылуға  болмайды,  сіз  Ағыбай  батырға 

жетіңіз.  Және  Байтабын  жасағында  Қоңырқұлжаның  адамы  бар,  соны  да 


223 

Әдеби KZ 

құлағына салыңыз. Өзіңіз де сақ болыңыз, ауыл торып жүргеніңізді Қоңырқұлжа 

жігіттері біледі», — деді. Есіркеген естігенін айтып бола берген кезінде ойпаттан 

жолдастары  да  көрінді.  Бала  жігіт  әбдіуақит  аналардың  көзіне  түспесін  деп, 

серіктеріне қарай тұра шапты. 

 

Қоңырқұлжаға  барған  жігіттің  түсін  сұрауға  үлгірмегеніне  өкініп,  әбдіуақит, 



Есіркеген  кетісімен-ақ  көп  кешікпей,  қалың  тал  ішіндегі  байлаулы  атына  міне 

сала  Қаражар  шатқалындағы  Ағыбайға  жөнелді.  Ағыбай  сол  күні  алды-артын 

барлауға  төрт  адам  жібергендіктен,  қайсысының  Қоңырқұлжамен  хабардар 

екенін  ажырата  алмай,  амалсыз  Қаражардан  жедел  көтеріліп,  күн  бата 

Байтабынның жасағына келіп қосылды. 

 

Ат  құлағында  ойнаған  елу  жігіт  таң  сыз  беріп  келе  жатқанда  түбектегі  аға 



сұлтанның  жылқысына  тиді.  Ақылағын  ағызған  Ағыбай  мен  Серкесанын 

секірткен Байтабынға кім шыдасын, қос батыр алғашқы айқасқанда-ақ сойылды 

оңды-солды сілтеп, қарсы шапқан Қоңырқұлжаның жүз нөкерінің он шақтысын 

бірден түсіріп кетті. Сөйткенше шұбатыла артындағы елу жігіт те жетті. Тек суыр 

ініне  аяғын  сұғып  алып,  астындағы  аты  ақсап  Ожар  ғана  кейін  қалды. 

Кенесарының  ұрысқа  әбден  шыныққан  жігіттеріне  жеме-жемге  келгенде  аға 

сұлтандардың нөкерлері шыдап көрген емес. Бұл жолы да солай болды. Бетпе-

бет  кеп  қарсы  шапқанда  Ағыбайдың  мысы  жеңді,  Асылкерейдің  бірнеше 

қайратты  нөкерлері  сойылға  жығылды.  «ә»  дегенше  болған  жоқ  бірнеше  ат 

ойнап  шыға  берді.  Сұлтан  нөкерлерінің  алыспай  жатып-ақ  берекесі  кетті.  Көп 

кешікпей олар тым-тырақай қаша жөнелді. 

 

Өз  жасақтарынан  тек  он  шақты  сарбаз  ғана  жараланған  Ағыбай  мен 



Байтабын  түбектегі  көк  аланың  тайлы-таяғын  қалдырмай  айдап  елдеріне  бет 

алды.  Жасынан аға сұлтан Жамантайға өшпенді Ағыбай бұ жолы Қарқаралыны 

шаба алмайтынын біліп, амалсыздан Байтабын жасағымен бірге кейін қайтты. 


224 

Әдеби KZ 

 

Бар  малынан  айырылған  Қоңырқұлжа  жаман  қиналды.  Оңашада  ат  жалын 



құшып  жылап  та  алды.  Малсыз  аға  сұлтан  боп  ұзақ  отыра  ала  ма,  әсіресе  осы 

қауіп жүрегін удай ашытты. Тек айқаста әбдіуақит төлеңгіттің сойылға жығылып 

қайтыс болғанын естіп, көңілі орнықты. 

 


225 

Әдеби KZ 

ІV 

 

 



Ақмола,  Ақтау,  Ортау  бекіністерін  алғаннан  бері  Кенесарының  көңілі 

көтеріңкі тәрізді еді. Оның үстіне асығы алшысынан түсіп, Ағыбай мен Байтабын 

батырлар қас жауы Қоңырқұлжаның ең соңғы үш мың жылқысын айдап  әкелді. 

Ескі  кек  қайтқандай.  Ал  батыр  қарындасы  Бопай  Сырымбет  саласындағы 

Уәлиханның жесірі Айғанымның кең сарай алты ағаш үйінің күлін көкке ұшырып 

қоймасындағы басулы кигіз, иленген терісіне дейін қалдырмай барын сыпырып 

әкеп, ата кекті бір қайтарды. Енді Кенесары көңілденбегенде кім көңілденбек? 

Құдай абырой беріп Ақмола, Ақтау бекіністері де тез алынды. Осы жеңістердің 

арқасы  ғой,  енді  Қараөткел,  Қарқаралы,  Көкшетау,  Баянауыл  өкіріктерінің  кей 

ауылдары  бірден  Кенесары  жағына  шыға  бастағаны.  Әрине,  осыдан. 

Кенесарыны  әсіресе  қуантқан  Кіші  жүзден  келген  хабар.  Жақында  екі  айдай 

уақыт  жүріп  Елек,  Ембі,  Ырғыз,  Жем  бойын  аралап  Таймас  қайтқан.  Ұрыс  десе 

жаны  кіретін  Кіші  жүздің  Жоламан  батыры  бастаған  Тама,  Табын,  Шөмекей, 

Шекті, Төртқара руларының көп ауылдарымен Иман, Жәуке батырлар соңынан 

ерткен  Торғай  өзенінің  жағасын  жайлаған  қалың  Қыпшақтың  Кенесары 

көтерілісіне қосыламыз деп дайын отырғанын айтып келген. Және Орта жүз бен 

Кіші  жүзді  біріктіріп  ақ  патшаға  қарсы  шығу  үшін,  Кенесарының  бері  қарай, 

Торғай  өзенінің  бойына  көшіп  келуін  өтінгендерін  де  жеткізген.  «Егер  Қоқан 

хандығына  қарсы  Сыр  бойында  жеке  алысып  жүрген  Нұрмұхамедтің  Жан-

қожасы  басқарған  Кіші  жүздің  бір  қауым  қарашысын,  Атыраудың  күнгей 

қапталындағы  Адайды,  әлі  де  Шеген  бидің  қарамағынан  шыға  алмай  келе 

жатқан  Арғынды  өз  жағыма  тарта  алсам,  бар  қазақтың  басын  қосқаным  емей 

немене», — деп ойлайтын Кенесары... Таймас жақсы хабар әкелгелі бұл ойынан 

өзі  де  үміттене  бастаған.  Сол  себепті  ол  соңғы  кезде  тас  қабағы  ашылып, 



226 

Әдеби KZ 

дүниеге сәл күлімсірей қарауды шығарған. Тек соңынан ерген рулардың кейде 

қонысқа,  жайлауға,  мал  өрісіне  таласқан  бірен-саран  реніш-жанжалдары  ғана 

көңіл күйін аздап бұзатын. Бірақ бұ да ұзаққа бармайтын. Қысқасын айтқанда, 

қазіргі жағдайда Кенесары жабығардай ештеңе жоқ секілді еді. Әйткенмен олай 

болмай  шықты.  Ел  басы  бір  үлкен  қауіп-қатерге  тірелгендей,  соңғы  кезде 

Кенесары  түнере  түсті.  Оның  бұлай  өзгеру  себебін  хатшысы  және  ақылгөй 

серігінің  бірі  Жүсіп-Иосиф  Гербурт  қанша  ойласа  да  таба  алмады.  «әлде 

жақында  өткен  Наурызбайдың  тойында  бір  сыр  жатыр  ма?»  деп  ойлады  ол. 

Осыдан  бір  жеті  бұрын,  Байтабын  Қоңырқұлжаны  шабуға  жүріп  кеткен  шақта 

Наурызбай  мен  Ақбөкеннің  қосылу  тойы  болған.  Тойды  Кенесарының  өзі 

басқарған. Ақын айтысында да, балуан күресінде де адал төрелік істеп, жұрттың 

көңілін  өзіне  бір  аударып  тастаған.  Сөйткен  жағасы  жайлау,  төсі  қыстау 

Кенесары күрт өзгерді. Төренің көңіл райының құбылғаны түрінен сезіліп тұр... 

Өйткені сұлтан бірдемеге ренжісе, қапаланса, не шешім таба алмай қиналса, еш 

адаммен сөйлеспей қабағын қарс жауып сыр шашпай қара судай тұна қалады, 

не  болмаса  қауіп-қатер  басына  төнген  қорқынышпен  ойнай  бастайды. 

Мұндайда ол ажал-сыннан тек өз басын ғана емес, соңынан ерген қарашысын 

да,  қасындағы  батырларын  да,  ағайын-туысқанын  да  сақтап  қалмайды, 

ешқайсысын  аямайды.  Бұл  Кенесарының  жүрек  толқынының  қобалжуының, 

жанына  батқан  ауыр  сырдың  шешуін  таба  алмай  қиналуының  ең  анық  белгісі. 

Кенесарыда  мұндай  жағдайда  мәймөңкелеу,  біреудің  көңіліне  қарау  деген 

болмайды, тік кетеді. Ол бүгін де осы әдетіне көшті. 

 

Күн  батып  бара  жатқан  кез  еді.  Малдың  у-шуымен  ауыл  үсті  күндегісіндей 



азан-қазан.  Ауыл  сыртында  тартқан  қурай  күйі,  белестен  аса  күрсіне  салған 

жылқышы  әні,  батып  бара  жатқан  алтын  күнге  жоқтау  айтқандай  біртүрлі 

мұңлы, қасіретті еді. 


227 

Әдеби KZ 

 

Жапар,  Тайшық,  Ахмет,  Омар,  Оспан,  әубәкір,  Сыздық,  Жәкей  атты  сегіз 



ұлының бірі бес жасар Сыздықты ертіп Кенесары ақ ордасынан шықты. Үстінде 

түйе  жүн  жеңіл  шекпен,  кішкентай  кездікті  былғары  қыналы  белінде  күміс  

белбеу.  Сыздық  тұрымтайдай  шапшаң,  Кенесарының  аузынан  түскендей  ақ 

сары  бала.  Әкесі  бұны  өзге  ұлдарынан  жақсы  көреді.  Тентек,  кішкентайынан 

жау жүрек, пышақ, таяққа үйір-ақ. 

 

Есік алдында анандай жерде тұрған Жүсіпті көрді де: 



 

—  Жүсеке,  жүріңіз,  ауыл  сыртына  шығып  азырақ  серуендеп  қайтайық,  — 

деді  Кенесары  қой  мініп  ойнағысы  келіп  тұрған  Сыздықтың  білегінен  ұстап 

жібермей. 

 

— Мақұл. 



 

Жауға  аттанғанда  болмаса,  Батырмұрат  ауыл  арасында  Кенесарыны 

күзетпейтін,  мұндайда  сұлтанды  бақылаушы,  күзетуші  Қараүлек.  Ол  ауыл 

сыртына  қарай  кетіп  бара  жатқан  ана  үшеуді  көрді  де,  үн-түнсіз  соңдарынан 

ерді. 

 

Кенесарының баласының білегінен ұстап жібермей келе жатқанын аңғарған 



Жүсіп арт жақтарындағы бас жендетті көріп кенет абыржи қалды, жүрегі аттай 

тулай  жөнелді.  «Япырмай,  мына  жас  баланың  бір  жазығы  болмаса  нетті?.. 

Қараүлек бостан-бос ермесе керек еді...» 

 

Бұл  үшеуі  қара  шұғадай  майлы  топырақты  сайдың  жағасындағы  бір 



адырдың  үстіне  кеп  тоқтады.  Кенесары  кейінірек  қалған  Қараүлекті  қолын 

бұлғап шақырып алды да беліндегі күміс кездігін суырып: 

 

— Ұшын жоғары қаратып мынаны ана жерге көм, — деді. 



 

Құл айтқанындай етіп алмас кездіктің  ұшын ғана қылқитып тегіс топыраққа 

көмді. 

 

Кенесары енді баласына бұрылып: 



228 

Әдеби KZ 

 

— Батыр болғың келе ме, Сыздық? — деді. 



 

Баланың жүзі жайнап кетті. 

 

— Наурызбай көкемнен де асқан батыр болам. 



 

— Онда жүгіріп келіп, мына өткір кездіктің үстіне кеудеңді төсей құла! Егер 

қорықпасаң батыр боласың. 

 

Бала көзінде сәл сескенгендік бір сезім жарқ етті де, заматта сөне қалды. 



 

— Кеудеме кіріп кетпей ме кездік? 

 

— Батыр болар адам кеудеме кездік кіреді деп қорқа ма? 



 

Сыздық  теріс  бұрылды  да  жүгіріп  келетін  жерге  қарай  жүре  берді.  Жүсіп 

терлеп  кетті.  «Япырмай,  мұндай  да  тас  жүрек  әке  болады  екен-ау!  Бес  жасар 

баланың  батырлығын  жалаңаш  кездікке  құлатып  сынай  ма  екен  кісі?  Жазым 

болса қайтеді?... Жоқ, баланың көңілі дауаламас!» 

 

Сыздықтың жүрісі сылбыр, әлі жерден басын бір көтерместен кетіп барады. 



Кенесары кенет тез қимылдап кездікті суырып алды да, орнын кездік тұрғандай 

томпайта  қойды.  Жүсіп  енді  ғана  «үф»  деп  демін  алды.  «Бәсе,  неше  бүгін  тас 

бауыр  болса  да  әке  деген  көрер  көзге  өз  баласын  пышаққа  жығар  ма!  Енді 

түсінікті.  Әйтсе  де  балаға  бұл  үлкен  сын  екен.  Әкенің  қатігез  мінезін  біледі, 

расымен жүрегі дауалап кездікке құлар ма екен? Құламаса, әрине, Кенесарыға 

бұл  баланың  еш  қадірі  қалмайды.    Ондай  баланы  ол  балам  деп  санамауы 

мүмкін.  Сұлтан  тұқымы  қасқыр  тектес  деп  жұрт  неге  айтатынын  енді  ұқтым. 

Бұлар қатарларында тек күштілерін ғана сақтайды екен...» 

 

— Жетеді, Сыздық, — деді дауыстап Кенесары. — Кәне жүгір! 



 

Бала  дереу  бұрылды  да,  жүгіре  жөнелді.  Тоқтар  емес,  жайшылықта 

серіктерімен жарысқандай ағып келеді. Жүсіп байқап тұр, тек таяй беріп, кездік 

шаншылған  томпиған  жерді  мөлшерлеп  қараған  кезде    ғана  көзінде 

сескенгендік  бір  сезім  пайда  болып  сәл  жұмылып  кетті  де  өзінің  осы  бір 


229 

Әдеби KZ 

болмашы  қорқақтығына  ызаланғандай,  екі  көзі  қайтадан  шоқтай  жайнап  алға 

қарай  атыла  түсті.  Сол  жүгірген  бетінен  тоқтамастан  томпайған  жердің  үстіне 

дәлме-дәл  жетіп  көкірегін  төсей  құлады.  Құлағаны  аз  болғандай  бір-екі  рет 

аунап-аунап жіберді де түрегелді. Кенесары баласының ерлігіне риза болғанын 

жасыра  алмай,  жанына  барды.  Бірақ  сүйген  жоқ,  тек  ұзын  саусақтарымен 

маңдайынан бір-екі мәрте сипап: 

 

— Апаңа бара ғой, — деді. 



 

Сыздық нағыз бір желіден босанған құлындай ауылға қарай ойнақтай жүгіре 

жөнелді. Кенесарының ымына түсінген Қараүлек те енді ауылға қарай беттеді. 

Төбе басында тек сұлтан мен хатшысы ғана қалды. Жүсіп өзін-өзі ұстай алмай: 

 

— Нағыз көкжал болады!  — деді зымырап жүгіріп бара жатқан Сыздықтың 



соңынан қарап. 

 

Кенесары мырс етіп күліп жіберді. 



 

— Неге күлдіңіз? 

 

— Өзім де Сыздықтан көп үміттімін. Өзге балаларым бір төбе де, Сыздығым 



бір  төбе.  Ал  күлген  себебім:  Абылай  атамның  түсін  жорыған  Бұқар  жыраудың 

сөзі  есіме  түсіп  кетті.  Сенің  Сыздықты  көкжал  бөрі  болады  дегенің  сол  кісінің 

айтқанына дәл келіп тұр... 

 

Жүсіп-Иосиф Гербурт қазақ арасындағы сан алуан ертегі, ұлағатты сөздің көп 



екенін бұрыннан білетін. Және оларды құмарта тыңдайтын. Реті келсе жазып та 

алатын.  Бұ  жолы  да  сондай  бір  жәйттің  шеті  көрініп  қалғанына  қуанып  кетті. 

Төре тұқымы өздерінің құпиясын басқа жұртқа көп айта қоймайтынын білсе де: 

 

—  Қандай  түсті  айтасыз?  Бұқар  жырау  не  деген  екен?  —  деді  сұлтанды 



сөйлеткісі келіп. 

 

Кенесары бәлсінген жоқ, әңгімесін бастап кетті. 



230 

Әдеби KZ 

 

—  Атамыз  Абылайды  үш  жүздің  игі  жақсылары  боз  биенің  сүтіне 



шомылдырып, ақ кигізге орап, хан ғып көтерген күнінің түнінде ол бір ғажайып 

түс көріп шығыпты. Бұқар жыраудан жоруын сұрапты... 

 

«Астымда  Жалынқұйрық  жүйрігім  бар.  Сарыарқада  серуендеп  келе  жатыр 



едім,  —  депті  хан  Абылай,  —  алдымнан  бір  арыстан  тұра  қашты,  қуып  жетіп, 

алдаспаныммен  ішін  жарып  жіберіп  едім,  арыстанның  ішінен  бір  жолбарыс 

шықты  да  тұра  жөнелді.  Жолбарысты  да  қуып  жетіп  аш  бауырынан  орып 

жіберіп  едім,  ішінен  бір  көкжал  қасқыр  шыға  келді  де  тұра  қашты.  Көкжал 

қасқырды  да  қуып  жетіп,  ішін  тіліп  жібергенімде,  одан  бір  қызыл  түлкі  ата 

жөнелді.  Қызыл  түлкіні  де  қуып  жетіп  қарнын  осып  қалғанымда  ішінен  құрт-

құмырсқа,  бақа-шаян,  жылан-кесіртке  ақтарыла  түсті...  Бірақ  бұлар  менен 

қашпады,  бәрі  быжнай  келіп,  атымның  сауырына,  жалына  жабыса  бастады. 

Шошынғанымнан айқайлап жіберіп, оянып кеттім. Жоруын айтшы осы түсімнің, 

жырауым», — депті Абылай хан. 

 

Сонда Бұқар жырау былай деп жорыған екен: 



 

 

«Жалынқұйрыққа  мінгенің  —  хан  тағына  мінгенің.  Ал  алдыңнан  арыстан 



қашса,  сенен  арыстандай  айбарлы  ұл  туады  екен.  Одан  туған  бала  да 

жолбарыстай  қайратты,  жүректі  болады  екен.  Жолбарыстан  туған  шөберең  де 

көкжал  қасқырдай  жүректі  жаратылады  екен.  Ал  көкжал  қасқырдың  баласы, 

төртінші ұрпағың, қызыл түлкідей заманына қарай қу, тәсілқой келеді екен. Ал 

қызыл  түлкіден  әрі  қарай  тараған  тұқымың  бақа-шаян,  құрт-құмырсқа,  жылан-

кесіртке секілденіп уақтанып кетеді екен», — депті. 

 

Егер  Абылайдан  туған  арыстан  менің  әкем  Қасым  төре  болса,  одан  туған 



жолбарысты  өзім  десем,  менен  туған  көкжал  қасқыр  әлгі  Сыздық  емес  пе? 

Жаңағы  қылығы  Сыздықтың  көкжал  бөрі  болатынын  көрсетпей  ме?  Өзің  де  

соны аңғарып қалған жоқсың ба? 


231 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет