Әдеби KZ
жан-жағындағы екі елдің қыз-бозбалалары да жиі қатынасуда еді. Зейнепке
«Пәленшенің болыс баласы сені бір көруге құмар екен», «Түгеншенің Бұқарға
керуен айдатып жүрген мырзасы, бір түндік ұйқыңды қиюың үшін төрт тай шәйі,
бес бас қант жіберіпті», — деп бой жете бастағаннан-ақ сөздерін жеңіл өткізіп
үйренген жеңгелері де келіп-кетіп жатқан-ды. Бәрі де жас құлынның етін жеп,
сары қымыз бен қою шайын ішіп «Еркежан-ау, бөксең әбден толып, өзің
Төлегеннің қырық күн шапса болдырмайтын көк жорғасындай жалпақ жаурын
болыпсың ғой», — деп қалжыңдап, не болмаса «төрт түлігің түгел, тек енді аға
сұлтан байыңа бір ұл тауып беріп, оның дізгінін мүлде қолыңа ал», — деп ақыл
айтып көңілін көтеретін. Бұрынғыдай «Еркем-ау, бәленшенің аузының суы
құрып жүр, бір түнге көңіл бөлсең нетеді?» не болмаса: «Жас кезде қызық
көргенге не жетеді, ағаңның көзіне шөп салмай, етегіне намаз оқып жүр дейсің
бе бізді. Сен де құр қалма», — деген секілді Зейнептің жанына майдай жағар
сөзді бірде-бірі айтпаған. Ал ауыл ішіндегі көз тоқтайтын төлеңгіт, не болмаса
өзін қорғауға берген сарбаздардың бірде-бірі не күндіз, не түнде Зейнептің ақ
отауының есігін ашпайды. Ал есігін ашар болса, іштерінде нелер боздақ, нелер
саңдақ бар. Оны Зейнеп сырттай аңғарып қалған. Кім біледі, ол жайсаңдардың
ішінде де «шіркін-ай, оңашада қолыма бір түсер ме еді!» — деп Зейнепке
сыртынан құмартып өліп жүргендер де аз емес шығар, бірақ Қоңырқұлжаның
кәрінен қорқады. Жамантай да, Қоңырқұлжа да жігіттеріне «ауыл ішіне кіруші
болмаңдар, қостарыңды далаға тігіп, тыныштықтарын сырттан барлаңдар»
деген.
Бұл шартты бұзғысы келген, Зейнепке қызыққан кейбір өжет жігіттер,
Қоңырқұлжаның сақ құлақ тыңшыларынан сескенетін. Түн жасырғанды тыңшы
көреді, жас тоқалдың ебін табамын деп жүріп, кеудесіне қанжар қадауға кім
құмар...
197
Әдеби KZ
Ал күнде сан мезгіл жас қуырдақ пен балбыраған уыз етке тойынып,
балқаймақ пен сары қымызға ғана сусынын қандыратын Зейнеп, күйеуге
шыққалы еркексіз үш күн жатып көрмеген жас денесінің күйіп-жандырған
қызуын баса алмай, құшырлай қысқан жүнді кеуде, бура сан жігіттерді аңсап,
өліп-өшіп барады... Оған мауқын басар еркек құшағы болмаса, мынау үлде мен
бүлдеге бөленген ақ қозы жүнінен бастырған алты қанат ақ отау, көл жағалай
жусаған үйір-үйір көк ала көп жылқы, құрметтеп бас иген қыз-келіншек,
төлеңгіттердің бірде-бірі қызық емес. Барлық ойы, тілегі, мейлі соқыр болсын,
ақсақ болсын тек құмарлық айызын қандырар еркекте ғана... Мауыққан
мысықтай көзі тұманданып, ал қызыл бүрте ерні кеуірсініп кеткен.
Ақмолада болып жатқан уақиғадан Зейнеп бейхабар. Шабарман ертең
келмек. Әрине, ол байы Қоңырқұлжаға тез жетсін деп әмір жібереді. Кәрі
тарланның кей қимылы, жас тұлпарға бергісіз. Сондықтан да Зейнеп оны аңсай
түскендей. Бірақ Қоңырқұлжа келгенше де шуда жіптей созылған ұзақ екі-үш
күн бар алдында... Зейнеп ызадан құшақтап жатқан ақ мамық жастығын
түйгіштеп-түйгіштеп жіберді. Сәске болып қалған кез еді. Енді ол орнынан
тұрмақ боп аяқ жағындағы кебісін киіп көтеріле бергенде, кенет үй сыртынан ат
дүбірі естілді. Жүрістері өктем емес, баяу. Жай ауыл адамдары секілді. «Бұл кім
болды екен?» деп Зейнеп сәл ойланды да, әдеті бойынша есігінің сыртында
отыратын күңді шақырды. Есікті ақырын ашып үйге кексе қара бұжыр әйел кірді.
— Төре қызы, — деді күң, — жиеніңіз келіп түсіп жатыр.
— Қай жиенім?
— Масан би ауылындағы.
— Қойшы?!
Зейнеп орнынан атып тұрды. Масан Қарқаралыға аты шыққан би, Қаракесек
қаз дауысты Қазыбектің ұрпағы, Жамантайдың ақылшысы. Масанның аталас
198
Әдеби KZ
ағайыны, арғы бабалары «жалғыз көз» Орақ, Қияқ, Тұяқ батырлардың
жауынгері болған, Атығай Құсбектің немере қарындасы Гүлбаршынды алған-
ды. Осы келіп тұрған сол Атығайдың баласы Есіркеген еді. Баянауылда орыс
мектебінде оқып жүрген он алты-он жеті жасар бала жігіт. Зейнептен төрт жас
кіші.
Зейнептің Есіркеген атын естігенде төсектен атып тұрмасқа амалы жоқ.
Зейнеп он беске шығып, Қоңырқұлжа биыл ұрын келеді екен деп жүргенде
Құсбек ауылына барған-ды. Сол жылы Есіркеген де нағашысының ауылына
келген. Үріп ауызға салғандай аппақ жүзді, үлкен қой көзді он бір жасар баланы
нағашы апалары қызық көріп, бірінен соң бірі үйлеріне шақырып қондыратын.
Ол кезде әлі әжетке жарамаған еркек баланы бой жеткен, немесе бой жете
бастаған қыз балалардың бір төсекте жанына алып жатуы ерсі емес. Тіпті әке-
шешелері бой жеткен қыздарына қорған болсын деп ондай баланы әдейі
жатқызады. Есіркегенге Құсбек нағашысының үйіне қонған күні оң жақтағы кең
болыскей керуетте екі апасының ортасына ұйықтауға тура келді. Бір апасы осы
бой жетіп қалған Зейнеп. Екіншісі Атбасар дуанының бір сұлтанына ұзатылған,
енді төркіндеп келіп жатқан Құсбектің үлкен қызы Қадиша деген сұлу келіншек.
Қысты күні еді. Үйде сол күні қасқыр қуып, аттары болдырып қонып қалған бір-
екі бекзадалар да бар болатын. Құсбек төренің өзі үйде жоқ. Бозбалашылықты
басынан талай өткізген сарықарын бәйбішесі, үйінде жатқан қонақтарынан
қауіптенді ме, әйтеуір екі қызының ортасына жиен баласын жатқызған. Қыз ояту
ол күнде дағдылы әдет. Шам сөнген соң біраздан кейін қара сақалды қонақтың
ертегісін тыңдап жатып Есіркеген ұйықтап кеткен. Қанша ұйықтағаны белгісіз
Ўлден уақытта оң жағындағы Зейнептің Есіркегенді «сен былай жат» деп
құшақтай іргесіне салғанында ғана оянып кетті. Болыскей керует ақырын
қозғалып,
түйіршік-шиыршықтарының
күміс
қоңыраудай
әлсін-әлсін
199
Әдеби KZ
шылдырлағандарына қарағанда төсектеріне үшеуінен бөтен тағы біреу келген
секілді. Мұның нендей мәні барын білетін бала кенет ызасы келіп,
қызғаншақтығы ұстап «бұл кім-ей?» деп айқай салып жібермекші де болды.
Өйткені бағана төсекке жатқызар алдында үлкен нағашы апасы ойыны-шыны
аралас «байқап ұйықта, апаларыңды біреу-міреу ұрлап әкетіп бара жатса, айқай
сал», — деп күлген. Бұнысы «байқа, күзетшің бар», — деп қыздарын
қорқытқаны еді. Осы сөз есіне түскен Есіркеген бірден айқайлауды ерсі көріп
«бұл кім-ай?» деп қолын созғанда, алақаны ертекші қонақтың қара сақалына
барып тиген. Баланың бір сойқан шығарарын сезіп қалған Зейнеп дереу
Есіркегенге бұрылып, тентек жиенін бауырына қысып, бетінен сүйе бастаған.
Дәл қасында жатқан келіншек апасының қуанышы қызықтырды ма, әлде ұзақ
созылған кереует дірілі, қауызын ашуға жаңа жеткен гүл жайнаған жас
денесінің сезімін оятты ма, Зейнеп «біз де сөйтейік» деп Есіркегенді
бұрынғысынан да құшырлана бауырына қыса түскен. Нағашы апасының сөзін
жыққысы келмеді ме, әлде оның ыстық лебі өн бойын қытықтап, бұрын
білмеген бір ғажайып дүниеге бөледі ме, Есіркеген әйтеуір Зейнептің қолын
қақпаған, дегеніне көне берген.
Ертеңіне Есіркеген апаларынан ұялып үйден таң атпай зытып отырған. Тіпті
аулына кеткенше бұл үйге енді қайтып басын да сұқпаған. Содан бері нағашы
апасы Зейнепті көргелі келгені осы. Арада алты жыл уақыт өтіпті. Алты жыл жас
баланың ер жетіп, ал ер жеткен қыздың дүниенің нелер ыстық-суығын басынан
өткізіп үлгіретін уақыты. Зейнеп тез киініп, шымылдықты түрді. Сөйткенше
болған жоқ, қамшысын бүктей ұстап Есіркеген «Ассалаумағалейкүм» деп үйге
кіріп келді. Бұл баяғы ешкінің асығындай кішкентай Есіркеген емес. Булығып
өскен денесі сұп-сұңғақ. Бозғылт беті сәл сопақтанып, ет жеңділеу мұрны
шеміршектеніп, қырланып, жоғарғы ернінің үстінде азырақ ұлпа жүнді мұрт та
200
Әдеби KZ
көріне бастапты. Қалада оқып жүрсе де ауыл жігіттерінше киінген. Басында —
сырты көгілдір пайы, қара көк елтірі бөрік, үстінде — жағасы көгілдір барқытпен
көмкерілген, ақ ботаның түбітінен өрмектеп тоқылған қысқа етекті шапан,
шалбары да осындай ақ бота түбітінің өрмегінен. Кең балағына екі елідей,
бөркінің тысы мен шапанының жағасы тәрізді, көгілдір барқыт ұстаған. Белінде
патсайыдан ызған шашақты белбеу, қисық жаға қара атлас көйлегінің азғантай
ғана өңірі көрінеді. Аяғында шоңқайма қара былғары етік. Есіркегеннің он
жетіге жаңа шықса да кәдімгідей қыз қызығар жігіт болып қалғанын Зейнептің
ойнақы көзі бір көргеннен-ақ таныды. Ол құшағын жайып қарсы жүрді. Жиенін
бауырына қысып екі бетінен кезек-кезек сүйді. Нағашы апасының ыстық ерні,
апалық ылтипаттан гөрі ыстығырақ тигенінен қысылып Есіркегеннің екі беті
дуылдай жанып қызарып кетті. Әлде бұдан алты жыл бұрын өткен оқиға есіне
түсті ме, ол әйтеуір Зейнептің құшағынан қымсына қимылдап тез босанды.
— Ауыл-аймағың, әке-шешең аман ба? — деді Зейнеп жайраңдай, — өзің де
үлкен жігіт болып қалыпсың! — Сірә мұның да есіне баяғы түн түскен болу
керек, ол сылқ-сылқ күлді, — оқуда деп еді, қала қыздары өздерінің
өнегелеріне үйреткен шығар?
Нағашы апасының салған жерден әзілдесе сөйлегені Есіркегенге ұнаған жоқ.
Сөйтсе де жылы жауап қайырды.
— Оқуда екенім рас, бірақ қыздардан емес, мұғалималардан өнеге алып
жүрмін.
— Қойшы? Олардың өнегесі біздердікінен өзгеше болады ма екен?
Қой сойылып, самауырын қойылды. Қыстан шыққан сүр қазы салынған, таң
асқан уыз қымыз ішілді. Ет пісер кезде ауылдың бір-екі ақсақалдары
шақырылды. Ет жеп, қымыз ішіп, аз уақыт әңгіме құрып олар да кетті.
201
Әдеби KZ
Оңаша қалған жиенінен қаланың жайын сұрап нағашы апасы өліп барады.
«Қатынды қаладан аласың ба, даладан аласың ба?» — деп қояды сөз арасында.
«Қала қыздары біздей емес бапты келетін шығар, көрдің бе өздерін», — деп
сылқ-сылқ күледі. Есіркеген ұялғанынан жалтара жауап береді. Он жетіге келіп
қалды деген аты болмаса, ол әлі де қауызын жарып шашылмаған гүл тәрізді,
қалжыңдаған боп көңіліне шоқ сала сөйлеген нағашы апасына кейде ренжіп
қалғандай өкпелей қарап, әзіліне көз жасындай таза мөлдір бұлақ сезіммен
жауап береді. Ал Зейнеп болса... бала жігіт ыңғайына көнбеген сайын,
бұрынғысынан да өршелене түседі. Төр алдында шәйі көрпе үстінде мамық
жастықты шынтақтай сұлаған оқыған жиеніне әлденені дәметкендей әлсін-әлсін
телміре қарап, оны отты көздерімен ішіп-жеп барады. Ірге жақта көлбей, ақ
жастықты бауырына қысып етпетінен жатқан күйі, кейде екі аяғын кезек-кезек
көтеріп қояды. Аяғын көтерген сайын тығыршық аппақ балтыры әлсін-әлсін
жарқ етіп көрінеді. Әлденені сылтау етіп, ақ саусақтарымен басына басы таяй
түскен жиенінің біресе бетінен сипап, біресе ойнағансып тамағынан
қытықтайды.
Нағашы апасы мен жиенінің оңаша шүйіркелескенін қазақ қашан ерсі
көрген, ешкім бұл екеуінің күні бойы ақ отаудан шықпай әңгімелескеніне көңіл
бөле қойған жоқ. «Бейшаралар бауырлас емес пе, бірін-бірі сағынып қалған
ғой», — деді де қойды. Ал ақ үйдің ішінде әңгіме тіпті бөтен түрде. Еріккен жас
келіншек, оқыған жас бала жігіт. Бірі арсыз нәпсі қызығын ойласа, екіншісі бөтен
ойдан мүлде аулақ. Зейнеп пен Есіркегеннің арасы ересек қаншық иттің жас
күшікпен ойнағанындай. Ойлары мен тілектері шалғай жиені мен нағашы апасы
ананы-мынаны әңгіме етіп, ит тартыста отырғандарында екінді әлеті де болып
қалды. Есіркеген атасы Масан бидің «Нағашы апаңа сәлем беріп қайт»деген
ақылымен келген еді, енді еліне жүрмек болды. Бірақ Зейнеп жібермеді.
202
Әдеби KZ
«Сағынып-сарғайып, күтіп жатқан қатының жоқ, бір күн қонып кет», — деп
өлердегі сөзін айтып жалынды. Есіркеген сыртқа шығып, ағайын-туыстарының
үйлеріндегі өзге серіктерімен ақылдасып еді жас шіркіндер көңілдерін жықпас
құрбы-құрдас тауып алған ба, тегіс осы ауылда бір түнеп кетуді мақұлдады.
Амал жоқ, бала жігіт те қонуға көнді. Зейнеп Есіркегеннің өзге серіктері мен бір-
екі ауыл кісіні үйіне шақырып кешкі қонақ асын берді. Олар біраз уақыт әңгіме-
дүкен құрысып, түн ортасы ауа тарқасты. Енді төсек салатын мезгіл де жетті.
Нағашы апасы жиенінің үстіне қызыл жібек түбіт көрпе жауып, астына ақ мамық
жұмсақ бөстек жайып, төрге жатқызды. Сегізінші шамды күндегісінен кеш
сөндіріп, Зейнеп шымылдығының ішіне кіріп шешіне бастады. Жалғанда нәпсісі
қозған жас әйелге, қара тастай мызғымас еркекпен бір үйде оңаша жатқаннан
артық азап бар ма екен, Зейнепке де бұдан артық азап болмады. «Ат соғып
тастаған екен» деп ойласын деп басы жастыққа тиісімен жорта қорылдауға
айналған бала жігітке не дерін білмей, іші алай-түлей жанып барады. Неше бүгін
қара бет болса да «жаныма келіп жат» деп үйіне келген жиеніне қалай айтсын,
қойнына өзі кіріп баруға тағы да дәті шыдамады. Ал дәл қасындағы жігіт оған
қолға түспес жұмақ ішіндегі рахаттай, жүрегін удай өртеп маза берер емес.
Үстіндегі көрпесін аяқ жағына сырып тастап, ақ мамық төсегінде әрі аунады,
бері аунады. Түн де бүгін әлдеқалай тымырсық ыстық бола қалар ма, іштегі
жалын мен сырттағы ыстық леп бірге қосылып жас әйелдің еркек құмар денесін
оттай өртеп қоярға жер таптырмады. «Бұл күшік еркек кіндікті емес пе!» деп
біресе жиеніне ашуланады, бір ретте «жаныңда жатқан қуанышты көрмейді
екенсің, несіне еркекпін деп жүрсің», — деп оны үйінен де қуып шыққысы
келді. Көз қиығын аударған жігіті көңілдегі мүддесін орындап әбден
дағдыланған жас қатын, Есіркегеннің мұны тіпті әйелге санап былқ етпегеніне
біресе намыстанды, біресе алдында тізесін бүгіп жалынбақшы болды. Бірақ
203
Әдеби KZ
әйелдің мұндай жағдайына көңіл қояр жігіт жоқ, ол енді пысылдап шын
ұйықтауға кірісті.
Шешім ойда жоқтан өзі келді. «Бәлем тұра тұр, еркек болсаң
мықтылығыңды көрейін!» — деді ішінен Зейнеп. Ол шапанын жамыла салып
тысқа шықты. Теріс қарап, ұйықтап бара жатқан Есіркеген «бұл не істеп жүр»
деп аунап түсіп, көзін ашты да қайтадан ұйықтамақ болды. Сол екі ортада
ересек баланы шомылдыратын үлкен жез легенді көтерген күңді ертіп Зейнеп
үйге қайта кірді. Күң легенді үйдің ошақ тұратын орта тұсына қойды да, сыртқа
шығып, жез құман мен бір шелек су алып келді. «Не істер екен бұл?» — деп
жігіт енді таңдана бастады. Ұйықтаған боп көзінің астымен қарап жатыр. Зейнеп
кенет иығындағы қара мақпал шапанын жерге лақтырып тастады. Тырдай
жалаңаш екен. Семізіне жаратылған байталдай жұп-жұмыр аппақ денесі,
шаңырақтан түсіп тұрған ай сәулесімен шағылысып, жарқ ете қалды. Қою қара
шашын толқындата жайып, бір тізерлей легеннің ішіне барып отырды. Күңі жез
құманмен үстінен су құя бастады. «Бәлем қалай екен? Енді де қызықпайсың
ба», — дегендей Зейнеп, көлге шомылған аққу қаздай, қолтығын, екі санының
арасын, мықынын, жұпар сабынның иісін бұрқырата баптай жуына бастады.
Әдейі көр дегендей баланың басындай толық, тып-тығыршық сүйір ұшты қос
анарын біресе оңға, біресе солға қарай сипай итеріп, немесе қолымен жоғары
көтеріп-көтеріп қояды. јолаң шашын біресе алдына, біресе артына түсіреді.
«Бәрібір сен көрмейсің, ұйықтап жатырсың ғой», — дегендей ернінде кекесін
күлкі пайда болып, біресе теріс қарап жотасы мен бөксесін қимылдата ойнатып,
біресе бері қарап, аппақ қара санын балтырына дейін ақ көбікпен сылап,
қымсынар емес. Жалғанда әлі бала таппаған әйелдің жалаңаш денесінен сұлу
не бар, Есіркегенге де солай көрінді. Зейнептің аппақ денесі бір ғажайып сурет
тәрізді, балтыры да кеудесі де жұп-жұмыр.
204
Әдеби KZ
Енді Есіркегеннің көзінен ұйқы біржола қашып, тамағына бір жылы, тәтті
толқын келіп тірелгендей болды. Жас әйелдің бағанағы азабы енді бала жігітке
ауғандай. Ол өзінің қалай ыңырсығанын білмей қалды. Оғының көздеген
нысанасына дәл тигенін сезген Зейнеп, дереу легеннен шығып, күңіне бәрін
алып кет деп ишарат етті. Күң легенді көтеріп, заматта далаға шығып жоқ
болды.
Зейнеп жез құман мен шелекті табалдырықтың арғы жағына шығарды да,
есіктің тиегін салып қайта келді. Енді үй ортасында тұрып алып жалаңаш
денесін үлкен түкті орамалмен сүртуге кірісті. Бұрын мұндай суретті көрмеген
Есіркеген аң-таң... «Бұл періште ме, әлде басын айналдырғалы тұрған перінің
қызы ма? Пісмілда, пісмілда, деді ол ішінен, адал жолыңнан адастыра көрме,
құдірет! Кет, шайтан, кет, шайтан!» Есіркегеннің жүрегінде екі дай сезім
тайталаса кетті, бірі Масан ақсақал баулыған әдептілік, ақ жүру сезімі, екіншісі
мынау жан дүниесін оятқан ғажайып көріністен туған жастық күш. Бұл екі
сезімнің қайсысы жеңерін бала жігіт дәл қазір өзі де білмейді, тек ақыл мен
сезім жанталасып арпалысуда. Есіркеген осылай не істерін білмей жатқанында
кенет ауыл сыртынан ат дүбірі естілді. Кім болса да жедел жүріп келе жатыр, ит
біткен арсылдай үріп заматта ауыл іші дүрліге қалды. Зейнеп сып беріп
шымылдық ішіне кіріп кетті. Сөйткенше болған жоқ, көп салт атты тыныш
даланы дүрліктіре үй сыртына келіп те қалды. Дабырласа сөйлесе, аттарынан
түсіп жатыр. Аға сұлтан аулына жау болмаса, бүйтіп түн ортасында жұртты
оятып ешкім келмесе керек еді, шошынған Есіркеген үрпиіп төсегінен басын
көтеріп алды, дәл осы сәтте сарт етіп есіктің тиегін жұла-мұла үйге
Қоңырқұлжаның өзі кіріп келді.
— Тоқал, барсың ба, әй? — деді ол түтіге.
Келген байы екенін білген Зейнеп, шымылдықтан басын шығарып еркелей:
205
Әдеби KZ
— Бармын ғой, — деді. — Немене соншама түн ортасында жұртты үркітіп...
— Ер өліп, Есіл бұзылып жатқанда, бұл қай ұйқы сенікі?
— Байының ашулы үнінен шошып кеткен Зейнеп төсегінен ұшып тұрды.
— Не боп қалды?
Қоңырқұлжа жауап берген жоқ. Иығында подполковник погоны бар сары
ала оқалы сүртігін шешіп жатып, не қыларын білмей төсегінің үстінде
көйлекшең шошайып отырған Есіркегенге көзі түсіп кетті. Дереу қабағы түксие
қалды.
— Мынау үрпек басың кім? — деді. Оның даусында тағы бір қосымша ашулы
дыбыс пайда болды.
— Масан би аулындағы жиен ғой...
— әй, осы сенің жиен, нағашың-ақ, бітпейді екен... — деп тоқалының сыры
өзіне мәлімдігін бетіне басқалы келе жатты да кілт тоқтады, — әлгі
Жамантайдың қарындасының оқудағы баласы емес пе?..
— Иә, сол Есіркеген ғой.
— ә... онда жата бер. Таң атқасын сөйлесерміз. — Аға сұлтан төсегінің шетіне
отырды да, аяғындағы шпор тағылған қара хром етігін созды, — тоқал, мынаны
тартып жібер...
Зейнеп байының етігін аяғынан суырып алды да, анандай жерге қойды.
Содан кейін ғана ананың қап-қара боп түтігіп кеткен түріне қарап:
— Өзіңде өң жоқ қой. Не болды, айтсаңшы? — деді жаны ашығандай пішін
көрсетіп:
Қоңырқұлжа қабатын төбеттей арс ете қалды.
— әй, не болғанын қайтесің? Өзіңе керегіңнің аман келгеніне қуан! Саған со
да жетпей ме! Одан да қымызың болса бер...
206
Әдеби KZ
Зейнеп үлкен сырлы аяқпен мөлтілдете тоңазыған сары қымызды төсегінің
үстінде көйлекшең отырған байына әкеп берді.
Қоңырқұлжа сырлы аяқты ала беріп:
— Сыртқа шығып келші, — деді тоқалына, — жігіттер жайғасты ма екен?
— Қоңырқұлжа қымызын ішіп бола берген кезде Зейнеп үйге қайта кірді.
— Ауыл сыртындағы күзетшілерден бөтен ешкім көрінбейді.
— Жұртты дүрліктірмей тез жайғасқандары дұрыс болған екен. Жә, біз де
жаталық.
Қоңырқұлжа қисая беріп шымылдықты түсіріп, қасына таяған тоқалын
білегінен ұстай алып, бір жері ауырып қалар-ау деп аямастан, жанына құлата
тартты. Үйде жатқан жиен-миенге мән бермей, көжекті бас салған арлан
төбеттей, жұмыртқадай жұп-жұмыр жас тоқалын алпамсадай бауырына қысып
умаштай жөнелді.
Аға сұлтанның күні бойы қанды ұрыста боп, ажалдан тек қараңғы түсе ғана
аман құтылғанын тоқалы білмейді, тек ананың жайшылықтағысынан гөрі
ашулы, екпінді қимылына риза болып «бейшара-ай, әбден шөлдеп қалыпсың
ғой» деуге ғана мұршасы келді, әр жағында үніне үн қосып, байының бабын
тауып аймалаумен болды.
Жұрт таңертең тұрғанында Ақмола бекінісін Кенесары әскері алғанын біле
тұрды. Қапаланған да, қайғырған да бар. Қуанғандары да жоқ емес. Бұл
ауылдың жігіттерін Қоңырқұлжа бекіністі қорғауға алмаған, тоқал тыныштығын
күзетуге қалдырған. Қазаны бөлектің — қайғысы бөлек. Өз жігіттері сау
қалғандықтан, нелер жақсы менен жайсаң қаза тапқан кешегі қанды ұрыс, сырт
қараған адамға, бұл ауылға соқпай өткен сұрапыл дауыл секілді көрінді.
Қайғысы, қуанышы болса да жұрт сыртқа лақылдатып шығармай, іштен тынды.
Қоңырқұлжа таңертеңгі шай үстінде тоқалына қарап:
207
Достарыңызбен бөлісу: |