Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет14/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Әдеби KZ 

тимейтінімізді  біліп,  бекініс  ішіндегі  аздаған  келімсек  қатын-балаларды  сонда 

жіберіпті деген сыбыс бар. 

 

—  Төре,  —  деді  есік  жақта  отырған  өзгелерден  анағұрлым  шоқтығы  биік, 



еңгезердей Басықара батыр, — алдымен құдай, содан кейін өзің деп соңыңнан 

еріп  едік,  ақылын  өзің  тап.  Салған  жеріңнен  алып  түспесек  айып  бізде,  сала 

алмасаң  кінә  сенде!  Сыбырлағанды  құдай  естімей  ме  дегендей,  Ақмола 

алынбайтын күйде болса, оны ашып айт! 

 

Кенесары  сәл  кідіріп  отырды  да,  алдына  ақ  дастарқан  жайғызып,  үстіне 



уыстап  тәспінің  қара,  ақ  бұршақтарын  төгіп  салып,  Ақмола  бекінісін  қалай  алу 

керек  екенін  тәптіштеп  айта  бастады.  Кенесарының  айтып  отырған  әдісі 

отырғандарға  бірден  ұнады.  Бекіністі  алатындарына  енді  алдын  ала  көздері 

жеткендей, иықтары көтеріліп, жүздеріне жігер енді. 

 

—  Мақұл  десеңдер  осы  тәсілдерге  тоқтайық,  —  деді  Кенесары  жайбарақат 



пішінмен сөзін аяқтап. 

 

—  Тоқтадық,  —  деді  үйде  отырғандар  бір  дауыспен,  —  еншалла,  жолымыз 



болар. 

 

— Іске сәт! 



 

— Олай болса... — Кенесары сәл кідірді де тағы да Сидақ қожаға қарады. — 

Жаз. Бұл біздің екінші жарлығымыз болсын. Ертеңнен бастап мың басылар, жүз 

басылар әлгі айтқандарды бұлжытпай орындау үшін әскер ойынына кіріссін. Бір 

жетіден кейін аттанамыз. 

 

— Мақұл. 



 

«Дана  шешім,  деді  Ақмола  бекінісін  қалай  алмақ  болғанын  айтқан 

Кенесарының  ойларына  таң  қалған  Жүсіп,  әліпті  таяқ  деп  білмейтін  қазақ... 

Қандай  ақылды  айла  тауып  отыр.  Заты  сұлтан  болса  да,  халық  өзінің  көсемін 

дұрыс тапқан екен». 


173 

Әдеби KZ 

 

Үйдегілер  енді  тарай  бастаған  кезде,  кенет  сырттан  шу  естілді.  Батырмұрат 



пен  Николай  беліндегі  тапаншаларын  суырып  алып  үйден  ата  жөнелді.  Аздан 

кейін Батырмұрат қайта кірді. 

 

— Арыстан ақын ұсталған екен. Қараүлек пен жаңа келген қашқын жігіт әкеп 



тұр. Қатын-қалаш өшімізді өзіміз аламыз деп тап-тап береді. Шу соныкі екен. 

 

— Алып келіңдер! — деді Кенесары қысқа бұйырып. 



 

Арыстан  деген  Атығай  руынан  шыққан  кедей  ақын.  Бір  кезде  Саржанның 

жасағына  да  ерген.  Тілге  шешен,  сөзге  бай,  әсіресе  қазақтың  қисса, 

дастандарын  жақсы  білетін,  түні  бойы  жыр  айтуға  болдырмайтын  қарадан 

шыққан  дарын.  Кенесарыға  жоқ  жерден  өкпелеп,  аға  сұлтан  Қоңырқұлжа 

жағына шығып кеткен. Соңғы кездері қазақ ауылын шабатын патша жасақтары 

мен  қазақ  жерін  картаға  түсіретін  орыс  саяхатшыларына  жол  көрсетіп  әбден 

байып  алған.  Өз  арасынан  шыққан  опасызды  өте  жек  көретін  жұрт,  Арыстанға 

әбден  тісін  қайрауда  еді.  Шабылған  ауылдардың  обалы  да,  жылаған  кемпір-

шалдың, қатын-баланың көз жасы да осының мойнында деп ойлайтын. Адамы 

оққа ұшқан кейбір ер жүректі жігіттер Арыстаннан кек алатын күн болар ма екен 

деп    кіжінетін.  Бірақ  үнемі  патша  жасағымен    бірге  жүретін  Арыстан  олардың 

қолына  түсе  қоймайтын.  Ал  расында  Арыстанда  жер  көрсетуден  басқа  еш 

жазық  жоқ  еді.  Ол  бірде-бір  адамның  қанына  ортақ  емес-ті.  Сондықтан  өзін 

бәлендей айыпты санамайтын. «Біреу малымен, біреу жеріменен күн көреді. Ал 

менің  күн    көрер  нем  бар?  Жалғыз  атты  кедеймін.  Мейлі,  жұрт  қалай  ойласа 

олай  ойласын,  есек  құйрығын  жусаң  да  мал  тап  дегендей,  земтемірлерге  жол 

көрсетіп  күнімді  көрсем  оның  несі  айып.  Мен  істемесем  мұны  басқа  біреу 

істейді» деп ойлайтын ол. Арыстанның мұндай жолға түсуіне өзі кінәлі болса да, 

Кенесары оны сатылған санап, егер қолыма түссе басын алармын, өзгелерге үлгі 

болсын деп әлдеқашан шешкен. 


174 

Әдеби KZ 

 

Үсті-басы қан-қан болған шоқша сақалды тұрымтайдай кішкентай қара кісіні 



екі  адам  екі  жағынан  қолтықтап  үйге  алып  кірді.  Оң  жағында  Қараүлек  — 

Кенесарының бас жендеті. Бұл әр саусағы жаңа туған баланың білегіндей, сала 

құлаш  кеудесінің  жүні  көдедей,  салпы  ерін,  кірпік  қақпайтын  мысық  көз, 

аяушылық  дегенді  білмейтін  қатыгез,  алпамсадай  қара  кісі.  Ұрлық  істеп  қолға 

түсіп,  Созақтың  бір  байы  дарға  аспақ  болып  жатқан  жерінен  Кенесары  сатып 

алған. Құнына бір қарақшыдан тартып алған жетектеп келе жатқан қара үлегін 

берген.  Мылқау  ұры  аты-жөнін  айта  алмаған  соң,  жұрт  оны  өзінің  құнына 

берілген  түйенің  атымен  байланыстырып  Қараүлек  деп  атап  кеткен.  Үлек  десе 

үлектей. Шуда көкіректі, түйе тірсек бір алып. Атына денесі сай. Оның үстіне өзін 

ажалдан аман алып қалған Кенесарыға жан-тәнімен берілген. Иесі шаш ал десе, 

бас  алады.  Айтқанын  екі  етпейді  және  сұлтанның  әмірі  дұрыс  па,  бұрыс  па  ол 

жағында  шаруасы  жоқ,  «қожам  айтты  мен  дайын»  бір  ноқай.  Кенесарының 

ымынан ойын түсінеді. 

 

Таяқтан аяғын әзер сүйреткен Арыстанның сол жағынан қолтықтаған Ожар. 



Бұл келгелі де айға таяп қалған, Сейтеннің үзеңгілес серігі, Тайжанның жалғыз 

қызына  үйленіп,  абақтыдан  қашып  шыққан  Ожарды  Кенесары  құшағын  жая 

қарсы алған. Отау тігіп, алдына мал салып берген. Бұл жақсылықтың есесіне ол 

келгеннен  соң  күн  өтпей  жатып...  жылпық  сары  Сәмен  арқылы  Қоңырқұлжаға 

Кенесарының  қарамағында  қанша  сарбаз  барын  хабарландырған.  Бүгін 

таңертеңнен бері де Кенесары ордасында болып жатқан мәжілістің жайын біле 

алмай әбден мазасы кеткен. Мың басы, жүз басы батырлардың тегіс келгенінен, 

бұл мәжілістің тегін мәжіліс емес екенін іштей сезген. Қанша білгісі келгенмен, 

алыстан торлағаны болмаса, жақын баруға біреу-міреу кім екенімді сезіп қалар 

деп  көңілі  дауаламаған.  Осындай  күйде  жүргенінде  сойылға  жығылып  қолға 

түскен  Арыстанды  ауыл  адамдары  бір  қараша  үйге  қамап  қойғанын  естіді.  Ол 


175 

Әдеби KZ 

енді  өшіктіре  сөз  тастап,  жұртқа  Арыстанды  Кенесары  ордасына  апарудың 

керек екенін айтады. Ондағы ойы Кененің көзіне түсумен қатар, ыңғайы келсе, 

мәжіліс жайын аңдау. «Кім біледі, біреу болмаса біреу абайламай бір сөз айтып 

қалар.  Зирек  жанға  о  да  жеткілікті».  Арыстан  Кенесарыны  көрісімен,  ең  соңғы 

күшін жинап, еңірей аяғына жығылды. 

 

—  Жаздым,  жаңылдым,  Кенесары.  Күнім  үшін  жер  зерттеуші  земтемір 



орыстарға  жөн  көрсеткенім  рас.  Бір  жолға  кешір.  Өмір  бақи  құлың  болып 

өтейін. 


 

Кенесары  сазарған  қалпынан  өзгерген  жоқ.  Қанын  ішіне  тартып,  тіпті 

сұрланып алды. Ол аяғына жығылып жатқан Арыстанға қарамастан: 

 

— Елін сатқан адам, жылқы ішіндегі маңқамен тең. Өзге жылқыны сау алып 



қалу үшін оған аяу болмасқа тиісті. Үкім біреу-ақ — өлім! 

 

«Халқыңның  қамын  ойлар  болсаң,  ең  алдыменен  оның  бірлігін  ойла»  деп 



ішінен Жүсіп, «опасызға Кенесары дұрыс үкім айтты». 

 

«Қатал, әйтсе де әділетті». 



 

Бірақ  бұл  не?  Өзге  батырлар  әдеттегідей  Кенесарының  шашбауын  көтеріп 

неге «дұрыс» деп бастарын шұлғымайды? Бәрі бірдей неге төмен қарап қалған? 

Ағасының  айтқанын  тұмар  тұтатын  Наурызбайдың  өзі  де  неліктен  тұнжырап 

кетті?  

 

 



 

 

 



 

   Жүсіп  таңданғандай  үйдегі  адамдардың  бетіне  тағы  бір  көз  тастады.  Ешкім 

басын  көтерер  емес.  Өздері  өлім  жазасына  бұйырылғандай  қабақтары  түсіп 

кеткен. 


 

«Ғажап халық, деді ішінен тағы да Жүсіп, майданда кездессе жаудан қорқу, 

немесе  оны  аяу  дегенді  білмейді.  Ал  айыбын  мойнына  алып  аяғына  жығылса, 

қанды кекті қасы болса да кешіргісі келіп тұрады. Қандай үлкен, абзал жүректі 

жұрт.  Бұрын  атуға  оғы  жоқ  боп  жүрген  Арыстан  қолдарына  түсіп  еді,  оның  


176 

Әдеби KZ 

сақалды  басымен  жасын  сорғалатып  кешірім  сұраған  түрін,  кенет  аяп,  ажалға 

қиғылары  келмей  тұр.  Үкімін  өзге  жұрттың  қостамағанын  Кенесары  да  сезген 

тәрізді. Енді не істер екен?» 

 

Кенесары  тұнжырай  қалған  батырларының  бетіне  көзін  бір  салып  өтті  де, 



қабағы бұрынғысынан да түксие түсіп, қолымен Арыстанды меңзеп: 

 

— Қазір, осы арада ал мынаның басын, Қараүлек! — деді зілді үнмен. 



 

Жұрт бұрынғысынан бетер тұнжырай қалды. Бірақ Кенесарыға үкімің дұрыс 

емес  деуге  ешкімнің  де  батылы  бармады.  Қостамағандықтарын  сазарған 

түрлерінен  ғана  аңғартып  отыр.  Ал  сұлтан  серіктерінің  ойына  түсінсе  де,  бір 

айтып қалғаннан кейін, өзінің абыройын сақтап, кесімінен қайтар емес. 

 

«Дұрыс,  —  дұрыс,  —  дейді  ішінен  Жүсіп,  осылай  қатал  болсаң 



қарамағыңдағыларың  да  тәртіпке,  әдепке  үйренеді.  Айтқанынан  қайтпайтын 

қолбасшы қашанда жауынгерлері алдында абыройлы». 

 

Кенесарыдан үміт үзген Арыстан ақын енді басын көтеріп, тізесінен отырды. 



«Өлсем де адамдығымды жоғалтпай өлейін» дегендей бойын жинап, үстіндегі 

киімін  жөндеп  Кенесарыға  қарады.  Үлкен  бұйда  пышағын  жалақтатып, 

тамағынан  орып  жіберейін  деп,  жанына  келіп,  сақалынан  ұстай  берген 

Қараүлектің қолын қағып жіберіп: 

 

— Менің қаныма жерік болсаң ішерсің әлі-ақ, сәл шыдай тұр, — деді. Сөйтті 



де Кенесарыға тағы да қарады. — Дат, тақсыр! Бас кеспек болғанмен, тіл кеспек 

жоқ деген. Төре, бір ауыз сөзге мұрша бер. 

 

— Айт датыңды. 



 

Қараүлек  те  түсініп  кейін  шегінді.  Арыстан  қанатын  сілкіп  қомданған  ұшар 

құстай, сәл бой түзеп алды да, екі көзі жаудырап Кенесарыға қарап ән шырқап 

қоя берді. 

 

 


177 

Әдеби KZ 

Кенеке, жақсы көрсең қарашыңмын, 

Жек көрсең де өзіңнің алашыңмын. 

Атаңа алты қатын алып берген 

Атығай Қарауылдың баласымын. 

 

 



Кенесары «болды» дегендей қолын көтерді. 

 

—  Аталы  сөзге  арсыз  тоқтамас.  Абылай  атама  бабаларының  істеген 



жақсылығын алдыма тартты ғой, қоя беріңдер, — деді. 

 

Бағанадан бері үндемей тұрған батырлар кенет жадырап, бір дауыстан: 



 

— Уа, пәле, міне аталы сөз! — десіп шулап қоя берді. 

 

«Қандай ақылгөй жан еді, деді ішінен тағы Жүсіп, ел билейтін серіктерінің де 



көңілін  таба  білген  жөн.  Ағылшындар  «патшаны  патша  істейтін  патша  емес, 

жанындағылар» деп тегін айтпаған ғой». 

 

Бірақ  Жүсіп  Кенесарының  мейлінше  рақымсыз  жан  екенін  білмейтін.  Қазір 



босатылып тұрған Арыстан ақын, сұлтанның бұйрығы бойынша, үш күннен кейін  

«ат теуіп өлтіріпті» деген лақаппен Қараүлектің қолынан қаза табатыны дәл осы 

сәтте  оның  ойына  мүлде  алмаған  іс  еді.  Сондай-ақ  Кенесарының  қолға  түскен 

солдаттарға да бірден қатты келмейтіні өз жағына шығару саясаты екенін Жүсіп 

көп  ай  өткен  соң  барып  бір-ақ  түсінді.  Ал  алғашқы  кезде  мұны  сұлтанның 

кеңпейіл, ақ көңілдігінен деп ұққан-ды. 

 

Төре  шешіміне  риза  болған  батырлар  сыртқа  шықты.  Әрқайсысы  өзінің 



атқосшысы ұстап тұрған атына қарай беттеді. 

 

Байтабын мен Ақбөкен сонау Елек пен Ырғыз өзенінің бойынан Қарақойын 



Қашырлыдағы  Кенесары  әскеріне  келіп  қосылғалы,  Байтабын  Наурызбай 

жасағына,  батыр  қыз  Ақбөкен  Бопай  тобына  берілген.  Байтабын  мен  Ақбөкен 

қосылады  екен  деген  сыбыс  болатын,  бірақ  неге  екені  белгісіз,  бұл  сыбыс  сол 


178 

Әдеби KZ 

сыбыс  қалпында  қала  беретін.  «Біз  қосыламыз»,  —  деген  сөз  қыздың,  немесе 

жігіттің  аузынан  шыққан  емес,  екеуі  ағалы-қарындастай  сыпайы  сөйлесіп  қана 

тілдеседі. Мұндай мінездеріне қарап кейбір жұрт «бұлары несі?» деп таңданса 

да, ақылға салған бағда біреулері «Бөтен елде жүрген соң қымсынатын шығар, 

өз елдеріне барған соң да уақыт жетер», — дейтін де қоятын. 

 

Наурызбай үйден шыққанда ең алдымен апасы Бопайдың атын ұстап тұрған 



шашақты  найзалы,  еркекше  киінген  қызды  көрді.  Ақбөкен  еді  бұл.  Ол  батыр 

Бопайдың әрі қасындағы серігі, әрі атқосшы нөкері. Наурызбайдың жүрегі кенет 

дүрсілдей  соға  жөнелді.  Ақбөкенді  алғашқы  кездестірген  күннен  бастап  кіші 

сұлтан  осындай  бір  ауруға  шалдыққан-ды.  Наурызбай  ауруының  өрши  түсуіне  

Ақбөкеннің  өзі  себеп  болған.  Патша  әскері  шабуылынан  ауылдың  бір  тыныш 

күні  Көшек  сұлтанның  Айғанша  атты  тоқалы  ұл  тауып,  жұрт  ұлан-асыр  тойға 

жиналған.  Жастар  жүрген  жерде  көкпар,  балуан  күресі  ежелгі  салт.  Осы  қан 

базар  қырғын  мерекеде  Наурызбай  мен  Байтабынға  күресуге  тура  келген. 

Өзінен  екі  жас  үлкен  Наурызбайдың  күші  басым  болды  ма,  әлде  ел  аузына 

ілінген    жас  батырдың  мысы  жеңді  ме,  бие  сауымындай  мезгіл  алысқаннан 

кейін  Байтабын  жығылған-ды.  Наурызбай  бас  бәйгіге  тігілген  сүліктей  қара  су 

жорғаны  өзі  алмай,  бөтен  елдің  қызы  еді,  жанындағы  жолдасын  жыққан 

айыбым деп, Ақбөкенге тартқан-ды. 

 

—  Батыр,  бұл  айыбың  ба,  әлде  құрметің  бе?  —  деген  Ақбөкен  қара 



жорғаның шылбырынан ұстап жатып. 

 

— Айыбым. 



 

—  Бәсе,  —  деген  Ақбөкен  тостағандай  көзі  жарқ  ете  күліп,  —  ауылыңызға 

келген бауырыңызға күш көрсететіндей өкпеңіз жоқ секілді еді... 

 

Ол кезде әзілге әзіл қайтару жастық салты. 



179 

Әдеби KZ 

 

—  Өкпешіл  үніңізге  қарағанда,  менің  жығылғанымды  тілегендейсіз  ғой, 



қарындас,  —  деді  Наурызбай  күлімсірей,  —  ондай  тілегіңіз  болса  күні  бұрын 

құлағыма неге сыбырлап қоймадыңыз?.. 

 

Ақбөкеннің қарақаттай қара көзі күлімдей түскен. 



 

— Сыбырлағанды орындайтын болсаңыз, әлі де кезі келер. 

 

— Уәде,— деген Наурызбай қолын беріп. 



 

Ақбөкен  екі  беті  дуылдай  қызара,  ұзын  ақ  саусақтарын  қымсына  ұсынған. 

Неге екені белгісіз Наурызбай оның қолын алып жатып, қыздың саусақтарының 

дірілдеп кеткенін сезген. 

 

Шынында  Байтабын  Наурызбайдан  күші  жетпей  жығылған  жоқ  еді.  Бие 



сауымындай  алысқанда  Наурызбайдың  күшінің  оң  жамбасы  мен  оң  қолында 

екенін  аңғарып  қалған  Байтабын,  егер  шынтуайтқа  келсе  онымен  пара-пар 

түсетініне көзі жеткен. Бірақ жоқ жерден аяғы көде шөптің үстінен тайып кетіп, 

ерлік  намысын  сақтай  алмай  жығылған-ды.  Бірақ  мұнысына  ол  пәлендей 

қорланған жоқ.  «Наурызбайдан  мендей  көп  батырдың  бірі  жығылғанына жұрт 

күлді  де    қойды.  Менен  қолбасы  Наурызбай  жығылса,  абыройы  айрандай 

төгілер еді», — деген ол ішінен. 

 

Ал  Ақбөкенге  Байтабынның  жығылуы  үлкен  әсер  етті.  «Ел  мақтаған  жігітті 



қыз жақтаған», жиырмадан аспай жатып атағы алты алашқа жайылған, әрі әнші, 

әрі  сал,  өзі  төре  Наурызбайды  Ақбөкен  жақын  көруге  құштар  еді.  Оны 

Байтабынды  жыққан  жеңіс  үстінде  көрді,  және  Наурызбайдың  өзінің  шеттен  

келген  жас  балуанды  жығуын  «айып»  санаған  кең  пейіл  мінезі,  ерлікті, 

адамгершілікті дәстүр етіп өскен қазақ қызына үлкен ой салды. Махаббат деген 

күн сәулесінен құрылған алтын тор секілді емес пе, Ақбөкеннің жүрегін сол тор 

кенет шырмай бастады. 


180 

Әдеби KZ 

 

Бұл  не  сезім?  —  Ақбөкеннің  өзі  де  бірден  ұқпады.  Ал  Байтабынға  деген 



жүрегі  бұрынғыдай  лүпілдемей,  күннен-күнге  баяу  соға  түскендей.  Мұны  қыз 

анық  түсінеді.  Бірақ  бұл  не?  Бір  кезде  жақсы  көрген  Байтабынын  ұмытуға 

айналғаны ма? Бір мінезді, уәдеден айнымас қазақ қызына лайықты қылық па  

бұл?  әрине,  лайықты  емес,  әсіресе  жас  кезінде  көңілің  шын  кеткен  болса... 

Бірақ соның өзі рас құлай берілу ме еді? әлдеқалай соққан жастық желі емес пе 

екен?  Кәрі  Серғазыдан  құтылудың  жолын  іздеп  арпалысқан  жас  көңілдің 

қолдан  жасап  алған  махаббаты  болып  жүрмесе  нетсін!  Шын  сүйген  жүрек 

бөтенге  бұрылмаса  керек  еді,  мұнысына  қарағанда  Байтабынға  деген  сезім 

махаббаттың  шын  отынан  тумаған  жай  әшейін  балалық  сезім  тәрізді.  Ақбөкен 

шын  махаббатты  енді  ғана  түсінгендей,  сондықтан  да  оның  қиялы  көкке 

шарықтап, жүрегі лүпілдеп, жиі-жиі соғады... 

 

Осыдан  бір  ай  бұрын  Байтабын  жорықта  жүргенінде  Наурызбай  мен 



Ақбөкен  бір  шілдеханада  кездесіп  қалған.  Екеуі  қарама-қарсы  отырып  шаршы 

топ  алдында  айтысқан...  Сол  айтыстың  аяғында  бәсекелесіп  тобық  алысқан. 

Қазақ дәстүрінде қыз бен жігіттің тобық алысуы құр ғана ойын емес, мұнда екі 

жастың өздері ғана түсінетін бір терең сыр да бар... 

 

Осының бәрін Байтабын біле ме? Білсе қорланбай қалай шыдап жүр? Бұндай 



іске  шыдау  үшін  қандай  жүрек,  қандай  ұстамдылық  керек?  әрине,  Байтабын 

өзіне  төнген  жамандықты  сезбей  жүрген  жоқ.  Бірақ  «ел  басына  бұлт  түнеріп 

тұрғанда,  бір  қыз  үшін  әлек  болуымның  реті  келмес»  деп  өртенген  жүрегін 

ақылмен  басуда,  Наурызбай  мен  Ақбөкеннің  арасында  басталған  ойынның 

аяғын күтіп, өзіне өзі сабырлық айтып шыдай беруде еді. 

 

Ақбөкенге  ордадан  шыққан  Байтабынның  да  көзі  түскен.  Бірақ  кіші 



сұлтанның қызға қарай беттегенін көріп орнында тұрып қалған. 

181 

Әдеби KZ 

 

Ал қызба көңілді Наурызбай өзін өзі ұстай алмай Ақбөкеннің жанына жетіп 



келді. 

 

— Арсың ба, қарындас? 



 

— Барсың ба, батыр? 

 

— Наурызбай қалжыңдай күлді. 



 

— Ақбөкеннің бір қапы кезіне кездескен-ақ шығармын, тобығымды бер! 

 

—  Сіз  секілді  арыстандар  Ақбөкеннің  қапы  кезін  үнемі  аңдиды.  Бірақ 



Ақбөкен  оңай  қолға  түсе  қойса  жарар  еді.  —  Қыз  күлді  де  тілінің  астынан 

тобықты алып берді, — мінекейіңіз... 

 

— Япырмай, тым берік жерге сақтайды екенсіз... 



 

— Қадірлі адам берген соң... 

 

Осы кезде ақ ордадан Бопай шықты. Ол  анандай жерде тұрған Байтабынға 



бірдеме деді. Екеуі бұлардың қасына келді. Байтабын сыпайы ғана амандасты. 

 

— Арсың ба, Ақбөкен?.. 



 

— Барсың ба, Байтабын... 

 

Байтабын  Бопайдың  желдей  жүйрік  атақты  кербестісінің  айылын  босатып, 



ер-тоқымын  жөндеп  қайтадан  ерттеді.  Бопай  Ақбөкенге  көз  қиығын  тез 

аударды да Наурызбайға қарап: 

 

—  Байтабын  батырды  менің  жасағыма  берсең  қайтеді,  Науанжан?  —  деді 



күлімсірей. 

 

Наурызбай қабағын шыта қалды. 



 

— Неге? 


 

— Керегі бар. 

 

— Жақсы, — деді Наурызбай апасының өтінішін жерге тастаудың ретін таба 



алмай,  —  Ақмола  бекінісін  алғаннан  кейін  Байтабынды  сіздің  жасағыңызға 

182 

Әдеби KZ 

мүлдем  берейін,  оған  дейін  қинамаңыз.  Байтабынның  менің  жасағымдағы 

орны бөлек... 

 

— Болады. 



 

— Қашан аттанбақ ойыңыз бар? 

 

— Бопай ері түзелген кер бестісіне еркектерше жеңіл мінді. 



 

— Бүгін түнде. 

 

— Жолдарың болсын. 



 

— Айтқаның келсін. 

 

Бопай мен Ақбөкен жөнеле берді. Олардың соңынан анандай жерде тұрған 



төрт салт атты қарауылы желе аяңдай ерді. 

 

Наурызбай мен Байтабын: 



 

— Қош болыңдар, — деді кетіп бара жатқан әйелдердің соңынан дауыстап. 

Бірақ  ана  екеуі  жауап  қайырмады. Шашақты  найзаларын  желкілдете,  ауылдан 

шыға өздерінің жасақтарына қарай құйындата шаба жөнелді. 

 

—  Батыр,  Ақтастағы  қолға  барсақ  қайтеді?  —  деді  кетіп  бара  жатқан 



әйелдердің соңынан әлі қарап тұрған Наурызбайға Байтабын. 

 

Наурызбай тез бұрылды. 



 

— Неге? 


 

—  Алтайдың  бір  жас  мергені  келді.  Екі  жүз  қадам  жерден  лақтырған 

тымақты садағымен қағып түсіреді. Соны көрсетейін деп едім. 

 

—  Жоқ,  Байтабын,  —  деді  Наурызбай,  —  мерген  мен  жүйрік  ат,  қыран 



бүркітті  тамашалап  серуен  құратын  уақыт  енді  бізде  жоқ.  Бір  жетіден  кейін 

Қараөткелді  алуға  аттанатынымызды  өзің  естідің.  Қарамағымыздағы  мыңды 

соған  дайындауымыз  қажет.  Күні  ертеңнен  бастап  қамал  алу  тәсілін  үйренуге 

кірісеміз. 

 

— Ұқтым. 



183 

Әдеби KZ 

 

—  Ал  бүгін  Миколай  екеуің  бар  әскерді  сасырлы  ойпатқа  көшіріңдер. 



Таңертең қару-жарақтарымен дайын тұрсын. 

 

— Миколайдың өзі қайда? 



 

— әне келе жатыр. 

 

Наурызбай мен Байтабын Николайға қарсы жүрді. Бірақ жетер-жетпестен бір 



қараша  үйдің  есігінің  алдында  тұрған  Алтыншашты  көріп  екеуі  бірдей  кілт 

тоқтай қалды. «Адам баласының да мұндай әдемісі болады екен!» деді ішінен 

таңданған  Байтабын.  Ойламаған  жерден  жүрегіне  оқ  тигендей  аяғын  баса 

алсайшы  енді  ол.  Жуан  қос  бұрымы  жерге  шұбатылған,  аппақ  бетінің  ұшы  сәл 

қызара  үлбіреген,  танадай  көзі  қарасудай  қап-қара  боп  тұна  мөлдіреген 

Алтыншаш есік алдында сәл тұрды да бұлт астына қайта кірген күміс айдай жоқ 

болып  кетті.  Ар  жақтарынан  Николай  келіп  жетті  де  үшеуі  аттарына  қарай 

аяңдады. 

 

Байтабынның  кенет  өзгере  қалған  қалпын  сезген  Наурызбай  езу  тартып 



күлді де: 

 

— Алтыншаш десе Алтыншаш екен әлгі келіншек! — деді Байтабынға қарап. 



 

Байтабынның  қабағы  кенет  салбырап  кетті.  Ол  Алтыншашты  басы  бос  қыз 

ғой деп ойлап қалған еді. 

 

Үш жігіт енді өзара сөйлесе ауылдың шетіне шыға берді. 



 

...  Бір  жеті  өтісімен  алты  жүз  жасақ  ерткен  Бопай  алдымен  Аманқарағай 

приказын,  содан  кейін  Сырымбет  тауындағы  Уәлиханның  бәйбішесі 

Айғанымның  ауылын  шапты.  Кенесары  қолы  Көкшетау  жақты  шауыпты  деген 

хабар  келесі  күні-ақ  бүкіл  Сарыарқаға  жамырай  тарады.  Бұл  хабармен  бірге 

войсковой  старшина  Симонов  басқарған  Ақтау  бекінісінен  шыққан  екі  жүз 

солдат Бопай алып келе жатқан малды алып қалмақ боп алдынан кетіпті және 

Омбыдан  Ақмола  гарнизонына  көмекке  аттанған  жүз  солдат  та  Көкшетауға 



184 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет