Көшпенділер Алмас Қылыш



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата02.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#5142
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

 

130 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
ІV 
 
 
Жасы  ұлғайған  сайын  бұл  дүниенің  қызығы  түспен  тең  екеніне  Әбілқайыр  
ханның көзі жетуге айналған. Тағы бір он жыл өмір сүрсе оның ар жағында бүкіл 
Дәшті  Қыпшақ,  Мауреннахр,  Қорасан  бас  иген  мынау  алтын  тақ,  бір  күнгідей 
болмай, адыра қалатынына шек келтірмеген. Қызық дәурен, сән-салтанат бәрі де 
өткіншек  жалған  емес.  Өткіншек  емес,  тек  ажал.  Бір  күні  бұ  да  сол  опасыз 
дүниемен қоштасып, мәңгі мекені қара жердің құшағына кіреді... Әйтсе де, тірінің 
тіршілігі бар, бұл жалғанда орындай алсам деген тілегі, арманы болады. Армансыз 
адам  ескексіз  қайықпен  тең,  тағдыр  —  толқын,  қалай  қарай  ұрса,  солай  қарай 
ағады. Ал Әбілқайыр сол толқынды өз ықпалымен ағызам деген адам. 
 
әйтседе  Әбілқайыр  күні  өтіп  өлімге  таяған  сайын,  өзінің  әлі  көп  арманының 
аяқсыз қалып бара жатқанына көзі жетті. Сол армандарының бірі: көзінің тірісінде 
он  баласын,  ер  жете  бастаған  немерелерін,  хандығының  жер-жерлеріне, 
шаһарларына  әмір,  сұлтан,  даруға  етіп  таратып,  бүкіл  өз  хандығын  сенімді 
қолдарға  тапсырып  кету  еді.  Ал  бұл  тілегі  әлі  бәлендей  түлектеніп  жатқан  жоқ, 
балаларының  алды  отызға  келіп  қалса  да,  көбі  жорықтарға  қатынасып,  ерлік 
көрсетіп жүрсе де, әлі жеке ел билеп, не ел жаулап алып әкесінің атағын ұлғайта 
түскен бірде-бірі жоқ. 
 
әке балаға сыншы, бұ жағынан Әбілқайыр Маңғыт руынан алған бәйбішесінен 
туған  Шах-Будақтың  балалары  Мұхамед-Шайбани,  Махмуд-Сұлтан  мен  Рабиу-
Сұлтан-Бегімнен  туған  Сүйіншік  оғыланнан  зор  үмітті.  Түбі  Көк  Ордаға  осылар  ие 
болар  деп  қатты  сенеді.  Үшеуі  де  болайын  деп  тұр,  құр  қол  ұстай  алмайсың, 
жыланның баласы тәрізді әлден-ақ ысқырына қалған. Үшеуінің жастары шамалас, 
тек 
Сүйіншік 
қана 
ана 
екеуінен 
төрт 
жас 
үлкен. 
Әттең 
жас- 
тықтары  ғана  ханға  бөгет,  әйтпесе  ауыр  да,  қызғылықты  да  хан  істеріне 
қатынастыра бастар еді, амал жоқ, тағы бір жеті-сегіз жыл күтуге тура келеді. 

131 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Асылдан  асыл  туады.  Әсіресе  нағашысы  Ақсақ  Темір  тұқымы  Сүйіншіктен  көп 
жақсылық  күткен.  Бақты-Қожа  уәзірі  келіп,  «Сүйіншік  сұлтанда  жастығына 
қарамай хан ұлына керек қасиет бар екен, айтқан сөзді ұға қойды. Рабиу-Сұлтан-
Бегім  анасы  болса  да,  істеген  күнәсі  үшін  өлім  жазасына  қиятыны  даусыз» 
дегеннен  бері  бұл  баласына  мерейін  көбірек  аудара  түсті.  «Тамырында 
Шыңғысхан  мен  нағашысы  Ақсақ  Темірдің  қаны  бар  екен,  Көк  Ордаға  осы  ие 
болуы мүмкін» деп ойлады.  
 
Бірақ кеше әбдіразақ дәруіш келіп: 
 
—  Тақсыр  хан,  Сүйіншік  оғылан  кеселге  шалдыққан,  тезірек  емдету  керек,  — 
деген. 
 
— Қандай кеселге  ұшырапты? — деп Әбілқайыр дәруішке сезіктене қараған. 
 
—  Бұл  ауруды  өзі  таппаған,  біреу  жұқтырған.  Он  үш  жасар  баланың  мұндай 
кеселге  шалдығуы  қауіпті  іс.  Кеше  сөйлесіп  көріп  едім,  есі-дерті  Сайын  тағы... 
«Шешем  менің  күнәкар,  оны  таспен  шөкелетіп  өлтіртем,  мені  құр  жақсы  көрген 
болады, ал бар ойы әкем тағын Күшкінші ағама алып беру» дейді. 
 
Хан  Сүйіншіктің  шешесін  неге  таспен  шөкелетіп  өлтіртем  деуінің  себебінің 
қайда жатқанын біле тұрса да, кенет арманы әке тағы бола қалғанына таң қалды... 
 
Дәруіш:  «Алтын  тақты  үлкен  баласына  алып  бермек  болғаны  үшін,  бүгін 
шешесін  өлтіртем  десе,  ертең  он  үш  жасар  Сүйіншік,  ер  жеткен  күні  «тағыңды 
маған  бер»  деп  өзіңе  бас  салудан  тайынбайды.  Жоқ,  Сүйіншік  науқас,  әлі  ақыл 
кірмеген  жасты  мұндай  ауруға  біреу  шалдықтырып  жүр,  тезірек  емдету  керек»,  
деген. 
 
Бұл  сөзден  кейін  хан  ойланып  қалған.  Бақты-Қожа  уәзірдің  айтуынша  екі-үш 
күннің  ішінде  Рабиу-Сұлтан-Бегімге  хан  соты  болуға  тиісті.  Сол  сотта  Бақты-Қожа 
уәзір  ханымның  қылмысын  ашып,  халық  атынан  үкім  шығартпақ.  Сол  үкім 
бойынша  Рабиу-Сұлтан-Бегім  жұрт  көзінше  таспен  шөкеленіп  өлтірілу  керек.  Бұл 
үкімді  іске  асыруға  туған  баласы  Сүйіншіктің  тек  «дұрыс»  деп  басын  изеуі  ғана 
қажет.  Бақты-Қожа  уәзір    айтуынша  Сүйіншіктің  бұны  істейтініне  күмән  келтіруге 

132 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
болмайды.  Бұндай  қанды  оқиға  хан  Ордасына  таңсық  емес.  Оған  хан  қинала 
қоймаған-ды.  Ал  әбдіразақ  дәруіштің  мына  айтып  тұрғандары  басқа  бір  қауіпті 
аңғартады.  «Иә,  солай.  Демек,  ең  алдымен  Сүйіншік  қолымен  Рабиу-Сұлтан-
Бегімнен  өш  алу  жөн.  Ал  содан  кейін  барып,  егер  менің  көзім  тірі  тұрғанда  әке 
тағынан үміткер ойы болса онда...». 
 
Хан ойын әбдіразақ бөліп жіберген: 
 
— Егер Сүйіншік сұлтан өз анасына күнәкар деп пәле тағатын жағдайға жетсе, 
мен  араша  түсем.  Ауру  баланың  сөзіне  сенуге  болмайды.  Ал  оның  нау- 
қас екені даусыз. 
 
Ақылды  дәруіш  бұрын  анасын  жанындай  жақсы  көретін  сұлтанның  кенет 
«менің  анам  күнәкар,  ол  алтын  таққа  Күшкінші  отырсын  дейді»  дегенінен  хан 
Ордасына  бір  суық  жылан  —  бүліншіліктің  бас  сұққанын  аңғарған.  Шығыс 
тарихында  мұндай жағдай  бәлендей  таң  қаларлық  оқиға емес.  Әбдіразақ  осыны 
ойлап,  «қылмысқа  жол  берме»  деп  ханға  әдейі  ашық  айтқан.  Хан  дәруіш  ойын 
ұққан. Ал «сен менің шешкен ісімді бұзғалы тұрсың, Рабиу-Сұлтан-Бегімді өлтірту 
менің  бұйрығым,  жайыңа  жүр»  дей  алмаған.  Деуге  осы  бір  әділетті    сүйгіш,  бір 
беткей адал дәрігер ханға өте керекті адам еді. Онсыз Әбілқайыр бір күн өмір сүре 
алмасы даусыз. 
 
Әбілқайыр  хан  көптен  тұншықпа 
1
   ауру  болатын.  Осы  аурудан  құтылам  деп 
қарамағындағы  талай  білгіш  емшілерге  қаралған.  Тіпті  Тибеттен,  Қытайдан, 
Қорасаннан,  Мысырдан  да  бақсы-балгер  алдырып  көрінген.  Бірақ  бұлардың 
бірінің қолынан ханды жазу келмеген. Дерт ұлғаю үстіне ұлғая түскен. Ақырында 
отыздан  асар-аспасында  әлсін-әлсін  төсек  тартып  жатып  қалатынды  шығарды. 
Өзгенің  өмірі  өзіне  шыбын  құрлы  көрінбейтін  қатігез  хан,  енді  ұзақ  ұстайтын 
осынау көкжөтелдің бірінде тұншығып өліп кетеді екем деп зәресі қалмаған. Адам 
неғұрлым дәрежесі жоғарылаған сайын, соғұрлым жаны тәтті бола түседі. Бір шеті 
Қорасан,  екінші  шеті  Жайық  өзенінен  асып  далиып  жатқан  алып  хандығының 
                                                 
1
 Т ұ н ш ы қ п а — астма. 

133 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
түкпір-түкпіріне «білгір дәрігер» іздетіп ат шаптырған. Осы кезде нөкерлері Мерв 
қаласынан  әбдіразақты  алып  келген.  Оған  міне,  он  жылдан  асып  барады. 
Әбдіразақ келгелі көзі ашылды. Тұншықтырғыш дерттен мүлдем жазып жібермесе 
де, «кенет өліп қалады екенмін» деген қауіптен құтқарды. Оның үстіне адамның 
жасы үлкейген сайын жабыса кететін дерттерден ханды кәдімгі үшкіріп жазғандай 
жазады. Денсаулығы жаратылысынан нашар Әбілқайыр енді ұзақ жыл өмір сүреді 
екенмін  деп  үміттеніп  қалды.  Ал  үміт  өмір  серігі,  енді  ол  кейде,  көңілі  қош 
кездерде, «әбдіразақ өлмей мен өлмеймін» деп жымыңдауды шығарды. Осындай 
бар  өмірі  қолында  тұрған  әбдіразақпен  хан  санаспасқа  амалы  жоқ-ты.  Сол 
себептен  де  ол  дәруіштің  аузынан  қақпады.  Әбдіразақ  кеткеннен  кейін  Бақты-
Қожа  уәзірді  шақыртып  алып  Рабиу  сұлуды  айыптауды  әзірге  тоқтата  тұруын 
бұйырды.  Ол  кенет  Сүйіншік  баласының  хан  тағына  құмар  бола  қалуынан  бұл 
арада  тағы  да  бір  суық  ойдың  салқыны  соға  бастағанын  аңғарған.  Бұл  суық  ой 
кімнен шықты? Бақты-Қожадан ба, басқадан ба — хан білгісі келген. 
 
«Жауыз ханнан құтылғың келсе, оның жауыз баласына сені хан етем де!» дейді 
монғолдың  көне  қағидасы.  Ал  расына  келсек  әбдіразақ  Нахичеванидың  айтқаны 
шындық еді. 
 
Сонымен  айлакер  уәзір  он  үш  жасар  баланың  ішінде  бұйығып  тыныш  жатқан 
мансапқорлық  жыланын  оятты.  Ол  жылан  енді  жас  баланың  бар  сезімін  бұлқан-
талқан  еткен,  ақыл-ойын  арбаған,  еркін  алған  кеселге  айналдырды.  Бейбақ 
бүлдіршіннің  басынан  «хан  болсам»  деген  бір  қияли  ой  шықпай  қойды.  Осылай 
ойлаған  сайын,  көзінде  ағайын-туысына,  бауырларына  деген  бір  қор- 
қыныш  суық  ызғар  пайда  болды.  Түрі  де  өзгеріп,  бұрын  қаны  тамып  тұратын 
ақшыл беті, енді жаққа ұрғандай құп-қу боп кетті. Кеше ғана анасының жанынан 
шықпайтын ерке кенжесінің кенет былай құбылуынан, кейде тіпті өзіне рақымсыз 
ишаратпен қарауынан шошыған Рабиу-Сұлтан-Бегім ханым дәруіш әбдіразаққа өз 
ойын  айтты.  Баласына  қандай  пәленің  келгенін  біліп  беруін  өтінді.  Он  жылдан 
астам хан сарайында өткен өмірінде әбдіразақ дәруіш мұндай сырдың талайына 

134 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
қанық  еді.  Сүйіншікпен  үш-төрт  кездескеннен-ақ  оның  қандай  кеселге  душар 
болғанын ұққан. Және бұл кеселдің асқынуына Әбілқайыр мен Бақты-Қожаның да 
үлесі  барын  түсінген.  Бірақ  ханға  бұ  жағынан  емес,  пұшайман  ғарып  баланың 
қасіреті жағынан келген. Көзін қулық-сұмдықпен ашқан Әбілқайыр, бұл істе өзінің 
де  қатынасы  бар  екенін  әбдіразақ  дәруіш  аңғарып  қалды  ма  деп  сезіктенген. 
Әйтсе  де  «хан  сырын  білгеннің  қаны  төгілсін»  дейтін  ежелгі  әдетке  баспаған. 
Өмірінен  көрі  жақындаған  сайын,  хан  жаны  үшін  әбдіразақты  көзінің 
қарашығындай  сақтауға  бар.  Сол  себептен  дәруішін  «айтқаныңның  бәрі  ақылға 
салынады» деп қоя берген. 
 
Бұл  кеше  еді.  Ал  бүгін  ше?  Бүгін  Әбілқайыр  кешегісінен  де  қатты  толқуда 
отырған.  Батыр  Саян  қашқаннан  бері  ол  Оспан-Қожаны  зынданға  салып  қой- 
ған. Ұзақ жылғы сенімді дәйекшісінің тағдырын өзі шешкен-ді. Бірақ бер жағында 
Қобыланды  батырдың  Ақжол  биді  өлтіруінен  туған  Жәнібек  пен  Керейдің  ел 
бөлген  әлегі  ортаға  түсіп  кетіп,  Оспан-Қожа  ғарып  ісін  тіпті  естен  шығарған.  Сол 
Оспан-Қожа ретін тауып, үлкен бәйбішесі Айбаһарам-Сүнейден Әбілқайырға «Бас 
кеспек  болса  да,  тіл  кеспек  жоқ.  Өзім  де  көп  кешікпей    зынданда  шіріп  өлермін. 
Бірақ өлер алдында хан ием бірер ауыз сөзімді тыңдасын» деп өтініш еткен. 
 
Зынданға  өзі  салдырып  қойса  да,  Әбілқайыр  Оспан-Қожаның  сөзін 
тыңдамаймын  дей алмады.  Өйткені  бұл  кісі  оған  тым жақын,  тым  берілген  адам 
еді. 
 
Оспан-Қожаның Әбілқайыр сан  достығын, өзіне деген өмір-бақи ұмыта алмас 
талай жақсылығын көрген. Соның бірі Самарқантты алатын жолы болған. 
 
Оспан-Қожа  тұқымымен  сонау  ескі  заманнан  Сайбан  ұрпағына  қызмет  істеп  
келе  жатқан  жан  еді.  Атасы  әбілтас  Ақсақ  Темір  шабуылында  Барластардың 
қолына  түскен.  Ежелден  хан  Ордасына  берілген  тұқымнан  болғандықтан  әмір-
Темір  оны  өзінің  сарайына  дәйекшілік  қызметке  алған.  Осы  атасынан  бастап 
Оспан-Қожа  өзімен  үшінші  буын  болып,  бүкіл  дүниені  тітіренткен  сайыпқыран 
Көреханның  Самарқант  сарайындағы  дәйекші  қызметін  атқарып  келген.  Бірақ 

135 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
жетім  баланы  қанша  асырасаң  да,  өз  әке-шешесін  жоқтайды.  Самарқант 
Ордасында  қаншама  жақсы  атты  боп  жүрсе  де,  атасын  құл  етіп  әкелген  Ақсақ 
Темір  немерелеріне  Оспан-Қожаның  жүрегі  жібімеді.  Мауреннахрға  еліне  қас 
жер, жау жер деп қарады. Есі-дерті сонау Арқадағы хан Ордасы болды да тұрды. 
Осындай ісігі қайтып, сынығы бітпеген Оспан-Қожа Күнбатыс пен Солтүстік жағына 
әлсін-әлсін  қарай  берді.  Дәйекшінің  мұндай  күйін  пайдаланып,  Әбілқайыр 
жігіттері онымен байланыс жасай қалды да, екі жақты шешімге келді. Оспан-Қожа 
Әбілқайырдың Самарқанттағы сыбыршысы болуға қолма-қол көнді. 
 
Әбілқайыр Есіл, Нұра бойын өзіне қаратып, Орда-Базарда ат шаптырып, балуан 
күрестіріп,  батырларына  олжаны  бөліп,  ұлан-асыр  той  жасап  жатқанында,  осы 
дәйекші  Оспан-Қожадан  арнаулы  кісі  келген.  Онымен  бие  сауымындай 
сөйлескеннен  кейін  Әбілқайыр,  бар  қолбасшыларын  жинап  алып:  «Самарқант 
қазір  бос  тұр.  Ұлықбек  мырза  Қорасан  мен  Иракқа  сапар шеккен  шағында,  алла-
тағала өзі сақтап тұрған Самарқантқа тәуекелдің тізгінін бұрғым келеді» деді. 
 
«Хан борышы — жорыққа ту көтерту, 
 
Құл борышы — туға  еріп, жанын беру» — деп ескі шежіреде айтқандай,  хан 
айтса  —  қарамағындағы  батыр,  нөкерлері  қоштайтын  дәуір,  қалың  қолмен 
Әбілқайыр  Самарқантты  басып  алуға  шыққан.  Өзбек  Ордасының  абыройын 
ойлаған хан, Шираз деген қалада:  «Бірде-бір әскер егінші жұрт пен көшпелі елге 
өз  бетімен  тимесін.  Егілген  егін,  салынған  бау-бақша  сол  қалпында  сақталсын. 
Кімде-кім бұл жарлықты бұзса дарға асылады» деп әскеріне бұйрық берген. 
 
Ханның  бұл  қамқорлығына  риза  болған  диқандар,  көшпелі  шаруалар,  тарту-
таралғысын,  сыйлығын,  хан  әскерінің  азық-түлігін  өздері  әкеп  беріп, 
бағыныштылығын білдірген. 
 
Самарқантты  қоршап  алғаннан  кейін,  қаланың  хакімі  Джалалитдин  Баязит  өзі 
шығып  тізе  бүгіп,  қол  қусырған.  «Тірі  жанға  қиянат  көрсетуді  білмеген  Ұлықбек 
мырза,  сіз  секілді  ұлы  ханға,  яки  сіздің  ел  басқарып  отырған  адамдарыңызға  еш 
уақыт  қастық  ойлап  көрген  жоқ.  Егер  шаһарымызды  шауып  бүліншілік  етпей, 

136 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Ордаңызға  қайтсаңыз,  біз  сіздің  айтқаныңызға  көніп,  айдауыңызға  шыдар  едік» 
деген.  Сөйтіп  Әбілқайыр  хан  Самарқант  әмірлігін  бәлендей  қан  жоса  етіп 
бүлдірмей,  көп  олжамен  ұлы  қаланы  оп-оңай  өзіне  қаратып,  Ордасына  қайтқан. 
Осының бәрі Оспан-Қожа дәйекшінің дер кезінде хабарландыруынан еді. 
 
Осы күннен бастап Әбілқайыр Самарқант, Бұқар әмірліктерінің ісіне жиі кірісіп 
тұратын болған. Өзіне ұнамаған әмір, сұлтандардың билігін тартып алып, басқаға 
беру  Әбілқайырға  үйреншікті  әдетке  айналған.  Бұл  істерде  Оспан-Қожаның 
қолқабысы аз тимеген. Жалғыз жақсылығы бұл ғана ма? 
 
Бір мың төрт жүз қырық тоғызыншы жылы, Хаджри есебі ойынша сегіз жүз елу 
бесінші  жылы  Самарқанттың  әмірі,  өз  әкесі  ұлы  дана  Ұлықбекті  өлтірген  әбді 
Латиф  мырзаның  өзі  де  алты  ай  өтпей  қастарынан  қаза  тапқан.  Бұл  кезде  Ақсақ 
Темірдің  екінші  ұлы  Махамедтен  туған  Мираншах  мырзаның  баласы  әбусейіт 
қуғында  жүрген.  Осындай  жағдайда  Бұқар,  Мерв,  Үргеніш  әмірі  Шахрухтың 
баласы Ирбагимнен туған әбділлах мырза Самарқантқа ие болған. 
 
Әбусейіт осы мезгілде бүлік шығарып Бұқарды алды. Бірақ Бұқар уәлиеті оған 
аз  көрініп,  Самарқантты  да  өзіне  бағындырмақ  болды.  Әбілқайырға  Оспан-Қожа 
мұндағы  жағдайды  тағы  хабарлады.  Әбділлахтан  көрі,  Көк  Ордаға  әбусейіттің 
тиімді екенін айтты. 
 
Көп  кешікпей  әбусейіт  әбділлахқа  қарсы  соғыс  ашты.  Бірақ  жеңіліп  қалды. 
Мүйіз  сұраймын  деп,  құлағынан  айрылған  тоқал  ешкідей  Самарқантты  жаулап  
аламын  деп  жүріп,  Бұқарынан  айрылды.  Енді  ол  қалған  қолымен  Түркістанға 
қашады.  Мұнда  да  тыныш  жүрмей  Ақсақ  Темірдің  тұқымы  екенін  пайдаланып, 
Түркістанға  әмір  болады.  Содан  кейін  барып,  әбділлахқа  өзінің  күшінің 
жетпейтініне  көзі  жетіп,  көп  сыйлықпен  Әбілқайырға  келіп  бас  иеді.  Самар- 
қантты  әбділлахтан тартып  әперсең,  өле-өлгенше құлыңыз  болып  өтемін  деп ант 
етеді. Әбілқайыр бұған өзінің бір қызын береді. Көп қолмен Самарқантқа Бақтияр 
сұлтанды  аттандырады.  Әскер  соңынан  көп  кешікпей  өзі  де  жолға  шығады. 
Хаджридың  сегіз  жүз  елу  бесінші  жылы,  яғни  жаңаша  бір  мың  төрт  жүз  қырық 

137 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
тоғызыншы жылы Самарқанттың күнбатыс жағында екі әскер кездеседі.  Қырғын 
соғыс болады, таққа таласқан екі оғлан үшін көп адам қырылады, қан судай ағады. 
Ақырында  әбділлах  жеңіліп  қашады.  Оны  қуып  жетіп  ұстап  алып,  Әбілқайырдың 
әмірі  бойынша  бауыздап  өлтіреді.  Самарқантқа  әбусейіт  әмір  етіледі.  Әбділлах 
әскеріндегі  Жағатайдың  көп  батырлары  мен  пахлевандары  (сыпайлары)  есірей 
боп  қолға  түсіп,  Әбілқайырға  қосылады.  Жоғары  айтқан  уақиғаның  бәрі  бір 
жылдың  ішінде,  яғни  бір  мың  төрт  жүз  қырық  тоғызыншы  жылы  болады.  Міне, 
осы  сергелдең  жылдары  Оспан-Қожаның  Әбілқайырға  тағы  пайдасы  тиген.  Ол 
Самарқанттағы  Ақсақ  Темір  тағының  маңайында  болып  жатқан  оқиғаның  бәрін 
Әбілқайырға  дер  кезінде  жеткізіп  тұрған.  Одан  кейін  Әбілқайыр  мен  әбусейіт 
Самарқантты алғаннан соң да, тағы бір мейіршапқат ақыл берген. 
 
Ұлықбектің  Жошының  тұқымынан  алған  Шахарбек  атты  бәйбішесінен  өзі 
өлгенде  Рабиу-Сұлтан-Бегім  есімді  он  бес  жасар  қызы  қалған.  Адамзаттан  емес, 
көктегі  періштеден  туғандай,  гүлін  жарған  қызғалдақтай  жадыраған  сұлу  және 
Шығыстың  әйелге  деген  қыспағына  қарамай  әкесі  Ұлықбек  жеті  жасынан 
медресеге беріп, парсы, түрік, араб тілін үйреттірген. Рабиу-Сұлтан-Бегім әйелден 
шыққан  өз  заманының  ақылдысы  да,  бір  мінезді,  табандысы  да  болған.  Оспан-
Қожа  дәйекші  Әбілқайырға  «Егер  Самарқанттан  еліңе  алтын  әкететін  болсаң, 
алтынның шынайы қызылы және ең тазасы осы Рабиу-Сұлтан-Бегімді әкет» деген. 
Қырыққа  таяп  қалған,  жас  иіс  құмар  хан  қызды  бір  көргеннен  ұйқы-күлкісінен 
айырылған. Есіл-дерті Рабиу-Сұлтан-Бегім болған да тұрған. Ақыры төртінші әйелі 
етіп  алып,  көңілі  тынған.  Самарқант  бекзадалары  қызды  ырғалтып-жырғалтып, 
үстіне дүрия мен қамқадан тартылған балдахин орнатылған ақ пілді бас етіп, асыл 
қазына жасаумен қырық құл, қырық күң беріп ұзатқан. Бұл қырық күң мен қырық 
құлдың  тең  жартысы,  жас  ағашта  өсіп  тұрған  әлі  құрт  түспеген  өріктей,  кілең 
балбыраған  албырт  жастар  еді.  Рабиу-Сұлтан-Бегіммен  бірге  Оспан-Қожа 
дәйекшінің өзі де ере жүрген. 

138 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Осы кездегі астанасы Сығанаққа келгеннен кейін, Әбілқайыр оны өзіне дәйекші 
етіп алған. 
 
Міне,  содан  бері  он  төрт  жыл  өтті.  Сол  он  төрт  жылдың  ішінде  Оспан-Қожа 
пақыр ханды бір рет алдап, не тілегін теріс орындап көрген жоқ. Хан басына туар 
қауіпті ол өзгеден бұрын сезетін, хан көңілі қалар істі де ол алдын ала болжайтын. 
Хан абыройын төгер жамандықты сезсе оны ханның құлағына тезірек жеткізетін. 
Әбілқайырдың  оң  иығында  отырған  Жәбірайыл  періштедей,  бұрыс  жолдан 
әрдайым сақтап қалатын. Ал Рабиу-Сұлтан-Бегім болса ханға арыстай екі ұл тауып 
берген.  Өзінің  ақылымен,  парасаттылығымен,  көркіменен  Әбілқайырдың  ең 
сүйікті әйелі болып алған. Сөйткен Оспан-Қожа мен Рабиу-Сұлтан-Бегім ханды көк 
мұзға отырғызып кетті. Бірі ханның көзіне шөп салды-мыс, екіншісі сол көзіне шөп 
салған ханның қас жауын аңқаулық істеп қашырып жіберді. Расыменен-ақ Оспан-
Қожа  аңдамай  қалды  ма?  Оспан-Қожа  тәрізді  өмір-бақи  хан  қызметінде  жүрген 
адамның  мұндай  өз  басына  қауіп  туғызар  істе  салақтық  етуі  мүмкін  бе?  Мүмкін 
емес. Ұрыны аңдыған алады, не аналар Оспан-Қожадан қулықтарын шын асырып 
алдап  соқты.  Не  сақ  құлақ  дәйекшінің  өзі  солармен  бірге...  Бірақ  неге  бірге 
болады?  әлде  бір  жағдайда  маған  ренжіп  қалды  ма?  әлде  ақшаға  сатылды  ма? 
Жоқ, сатылуы мүмкін емес. Оспан-Қожаның алтынға қызыққанын көрген жоқ. Сан 
рет  көңілім  түсіп  кетіп,  көп  олжадан  үлесін  молырақ  етіп  бергенімде  өзіне 
тиістісінен артығын алмайтын. «Хан қызметінде жүрген кісі дүние шіркінге құмар 
болмауы  керек.  «Адам  болғалы  опасыздықтың  бәрі  де  осы  дүниеқоңыздықтан 
туған» дейтін. Сөйткен Оспан-Қожа... Демек, мұнда бір гәп бар... Сол үшін де оны 
зынданға  салғызарымда  күнәсін  өзім  тексерем  деп  едім  ғой,  қалай  ұмытып 
кеткенмін?... Ұмытпасқа мұрша болды ма... Жәнібек пен Керей ойраны басқа іске 
көңіл бөлдірді ме?»  
 
Үйге Бақты-Қожа уәзір кірді. 
 
— Хан ием, Оспан-Қожа жүзіқараны алып келдік.  

139 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Әбілқайыр  сәл  ойланып  қалды.  «Жүзіқара!  Оның  жүзінің  қара  екенін  бұл 
қайдан біледі? Хан солай қараған соң, бұл да солай қарап тұр ғой... Әйтсе де осы 
менің  шешімім  дұрыс  па?  Тұтқыннан  абайсызда  айрылып  қалғаны  үшін  кешегі 
серігіме бүгін мұндай қарғы тағуым жөн бе? Опасыз дүние! Опасыз адам баласы! 
Қолыңда күшің болса сені ардақтайды, мадақтайды. Күшің кетсінші... Бүгін ханым 
десе, ертең харам дейді... Бірақ бұған өкпелеуге болмайды. Адам баласы осылай 
жаратылған, осылай өледі» Әбілқайыр басын иді. 
 
— Кіргізіңдер. 
 
Үйге екі адам екі жағынан қолтықтап Оспан-Қожаны алып кірді. Дәйекші бұрын 
да шыр бітпеген арық болатын. Сол себептен кейде оны жұрт Инелік деп атайтын. 
Он  жылдан  бері  тарамыс  денелі  Инелікке  хан  көзі  қанша  үйренгенмен,  мына 
алдында тұрған селеуіттен шошып кетті. Иә, бұл адам емес, адамның селеуіті еді. 
Арса-арса  сүйегіне  құр  терісі  жабысқан,  көзін  біреу  ойып  алғандай  шүңірейіп 
кеткен. Құдық түбінде жылтыраған су тәрізді, сонау көз түбіндегі тереңде бірдеме 
жылтырайды.  Екі  ұрты  ұзақ  аурудан  қайтыс  болған  адамның  ұртындай  қушиып 
біткен. Жағы жағына тиіп жатыр... Тозығы жетіп, бүрісе қалған кәрі беті тиіп кетсең 
жыртылғалы  тұр.  Ал  бұдан  көп  жыл  бұрын...  жоқ,  жоқ.  Әбілқайыр  хан  өткен 
күндерде  өзіне  жақсылық  істеген  адамдардың  қызметін  есіне  түсіргісі  келмейді. 
Әр  нәрсе  өз  кезінде.  Өткеннің  бәрін  есіңе  түсіре  берсең...  бүгінгіге  не  қалады? 
Кеше жақсылық істесе, бүгін жамандыққа барып отыр. Әр іс өзінің мезгілінде деп 
бағалануы керек. Өткен жақсылықпен қазіргі жамандықты жапсам хан бола алар 
ма  едім?  Иә,  он  жеті  жасар  Әбілқайыр  Орда-Базарда  хандық  құрып  отырған 
Жұмадүктің қолында тәлім-тәрбие алып, әскер басқаруды, ел билеуді үйренді ғой. 
Он  алты  жасқа  келгенде  сол  кездегі  бүкіл  Дәшті  Қыпшақ  руларын  басқарып, 
Жұмадүк ханның оң қолы болған, Маңғыт руынан шыққан атақты Едіге батырдың 
баласы, Ақсақ Темір ұрпақтарына бүйідей тиген Қазы биді өлтірді. Әрине оны бұл 
жалғыз өзі өлтірген жоқ, Қазыға қарсы әмірлер мен сұлтандарды жинап, солармен 
бірге  бауыздады.  Жұмадүк  ханның  қаһарынан  қорқып  соңынан  ерген  Дәшті 

140 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет