Көшпенділер Алмас Қылыш



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата02.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#5142
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
 

257 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
ІІІ 
 
 
Келесі  жазда  Жәнібек  уәделескен  әскерлердің  келуін  күтіп  Арқаға  көшпей 
қалды. Бірақ күткен әскері келмеді. Жайық, Еділ, Жем бойын жайлаған Кіші жүздің 
ойы жаңа құрылған қазақ хандығына өз үлесін қосу болса да, оның осы жазда ар 
жағындағы Ноғай Ордасы мен Қазан хандығының дүрбелеңі көбейіп кетіп, өз жер-
суын  қорғаудан  қолы  босамай,  небары  бес  жүз  жігіт    жіберген.  Бірақ  бұл 
келгендер  садақ  таңбалы  Адайдың  батыр  жігіттері  еді.  Торғай,  Ор  өзендерін 
жайлаған  Қыпшақтар  да  жарытып  жасақ  жібере  алмады.  Қобыланды  батыр  қыс 
бойы  төсек  тартып  науқастанып,  қарамағындағы  елді  басқара  алмады.  Соның 
салдарынан  жұрт  өзі  қызығын  көрмеген  хандықтың  болашағына  жөнді  мән 
бермеді.  Расында  сонау  дүниенің  бір  шетіндегі  Еділ,  Жайық,  Торғай  бойында 
жатқан  қазақ  руларын  Шу  мен  Сарысуға  келіп,  Түркістанды  жаулауға  шық  деу 
үстірт  қараған  адамға  қиын  тілек  еді.  Алайда  таяу  тұрған  Қазан,  Ноғай,  Қырым 
хандарына  бағынудан  гөрі,  Еділ,  Жайық  бойын  жайлаған  рулар,  алыс  болса  да, 
ғасырлар  бойы  жауларына  бірге  аттанған,  тілі,  тағдыры,  шаруашылығы  бір  қазақ 
хандығына қосылуды таңдаған. 
 
Жалғыз алыстағы Кіші жүзден ғана емес, өзіне тән Арғын, Найман да бұл жолы 
мол  әскер  шығарған  жоқ.  Мұндай  жағдай  Арғын,  Найман  билерінің  өзара  ала 
ауыздығынан  туған-ды.  Сол  жылы  көктемде  тоқсанға  келіп  отырған  Арғын  би 
дүние  салған.  Арғынның  ардақты  көсемін  қоюға  бұл  рудың  игі  жақсылары 
жиналған. Қаралы қазаға көңіл айтуға, сонау Қорасаннан бірнеше күн жол шегіп, 
Хорезм  уәлиетінің  әмірі  Сұлтан  Хусаин  мырза  келген.  Сұлтан  Хусаин  әмір  ол 
күндегі  Арғын  руынан  шыққан  атақты  адамның  бірі  болатын.  Аталары  Иранның 
шахы Құлағудың бас басқақтары болып бүкіл Шығысқа аты шықса, өзі Қаракөлдің 
әмірі  тағына  отырып,  Хорезм  уәлиетін  басқарды.  Сұлтан  Хусаин  әмір  Арғын  би 
еліне  тарту-таралғысымен  бірге,  ел  бірлігін  бұзар    арам  ойын  да  ала  келді. 
«Жәнібек  хан  үшін  Арғын  руының  Түркістанды  аламын  деп  қырылуының  қажеті 

258 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
жоқ.  Егер  қысы-жазы  малдарыңа  жайылым  болатын  жер  іздесеңдер,  Қорасанға 
көшіңдер,  кең  өріс,  мол  қоныс  берем.  Сауда-саттығыңа  да  қолайлы. Ар  жағында 
Ирак, Иран, Ауғанстан да алыс емес» деді ол қырқын беруге жиналған Арғынның 
би, батырларына. Арғын руы Арғынаты тауынан асып көшпегенімен де ел басы — 
Арғын  биінен  айырылған  жұрт  судай  толқып,  сеңдей  соғылысты.  Осындай 
бәтуасыздықтың  арқасында  Есіл,  Тобыл  бойындағы  түпкі  Арғын  руы  жартымды 
бәлендей  жасақ  бере  алмады.  Ал,  Найман,  Керей  болса,  бұ  жылы  өзіне 
Амансанджи  тайшының  кезекті  шабуылына  қарсы  шығудан  қолы  босамады.  Бұл 
шабуылға  қатыспайтын  Мауреннахр  жеріндегі  Керей,  Наймандар  Әбілқайырдың 
сенімді адамдарының бірі Қожа-Уали бектің айтқанынан асып кетпеді. 
 
Міне, осындай халге ұшыраған Найман мен Керейдің де Жәнібекке ойдағыдай 
көмек көрсету қолынан келмеді. 
 
Ақырында  Жәнібек  хан  өзіне  еріп  көшіп  жүрген  үш  жүз  мың  шаңырақ  Арғын, 
Қыпшақ,  Қоңырат,  Үйсін,  Уақ  және  Бестаңбалы  руларынан  отыз  мыңдай  ғана 
әскер жинай алды. Мұндай әскермен кімді шабады? Бұл кезде бір Әбілқайырдың 
өзінде  жүз  мың  атты  әскер  бар.  Ал,  елінің  шетіне  күнде  тиіп  отырған  Қытайда, 
Торғауытта  қанша  күш  бар  екені  кімге  мәлім?  Күншығысы  мен  оңтүстігі  мұндай 
ауыр  жағдайда  болғанда,  күнбатысы  мен  терістігі  жетісіп  тұр  ма?  Құбыласында 
Жошы ханның бір бұтағы Астрахань мен Ноғайлы хандарында қанша қол бар? Ар 
жағында  Қырым  ханы  атақты  Меңдігерей  мен  Қазан  ханы  Ибрагимның  елі  тұр.  
Бұлардың  бәрі  де  Дәшті  Қыпшаққа  дос  емес.  Ал  Жәнібек  болса  отыз  мың 
әскермен  аузынан жалыны  атқан  Әбілқайырдан  Түркістанды  тартып  алмақ. Жоқ, 
Жәнібек,  сен  өзіңнен  күшті  арыстанмен  алысқың  келсе,  ең  алдыменен  бел 
омыртқаңның үзіліп мерт болмайтын жағыңды ойлауың ақыл. Ал мұратқа жетудің 
екі  жолы  бар.  Бірі  —  күшің    қазір  шағын  екен,  онда  өзің  секілді  Әбілқайырға 
қастардың  басын  қосып,  майданға  солармен  бірге  шық.  Әрине  бұл  оңайға 
түспейді,  бірақ  қайткенмен  де  құм  жиылып  тас  болуға  тиісті.  Ал  екінші  жолы  — 
Әбілқайырмен  алыспастан  бұрын  әбден  күшейіп  алуың  шарт.  Мұның  да  жалғыз 

259 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
жолы  бар.  Ол  бүкіл  Дәшті  Қыпшақты  өзіңе  бағындырып,  жылқыдай  жусатып, 
қойдай  өргізуің  керек.  Бұл  екеуінсіз  Көк  Орда  ханының  жерін  тартып  алу 
қолыңнан келмейді. 
 
Ал  қас  дегенде  Әбілқайырға  қас  кім  бар?  әрине  ең  алдыменен  өз  тұқымы 
Сайбаннан  тараған  Қожа-Мұхамед  ханның  немересі,  Махмудек  ханның  баласы 
Айбақ хан. Жатса-тұрса ойы Әбілқайырдың орнын басу. Содан кейін Әбілқайырға 
еріксіз  көнген  Маңғыт  руынан  шыққан  Ақсақ  Темір  Ордасының  әмірлері  Аббас 
бек, Мұса бек, Жаңбыршы бек, Моғол Сұлтан-Махмуд хан, Жақия, Хайдар бектер. 
 
әрине, осы күштің бәрі жиналса, оған Жағатай ұрпағы Сұлтан-Махмұд ханның 
інісі,  Кішік  Мұхамедтің  баласы  Ахмет  ханның  әскерін  қосса  бір  Әбілқайырға 
күштерінің жететінінде сөз жоқ. Бірақ бұлардың бірде-біреуіне сенуге болмайды. 
Өз  пайдасына  қарай,  оп-оңай  сатып  кетулері  даусыз.  Күшті  болғың  келсе  баяғы 
бар  Дәшті  Қыпшақты  тегіс  қолыңа  алуың  мақсат.  Өз  іргең  сөгілмей,  берік  отыра 
алатын күйге жетсең, қандай жаумен болса да алыса аласың. 
 
Осындай  шешімге  келген  Жәнібек  енді  бүкіл  қазақ  руларын  өзіне  бағындыру 
әрекетіне кіріскен. 
 
Қарамағындағы  қазақ  руларын  хан  Ордасы  шығыны  мен  әскер  ұстау  үшін 
алым-салық, қаржы-қаражат төлейтін етіп әбден бағындырғанша тағы жыл жарым 
өтті.  Бірақ  осы  жыл-жарым  қандай  қиыншылыққа  түсті!  Дастарқанға  төгілген 
бауырсақтай жайылып, жапан түзде біресе солтүстікке, біресе оңтүстікке бытырап 
көшіп  жүрген  қазақты  ел  етіп  біріктіру  үшін  қаншама  тәсіл,  қаншама  күш 
қолданылмады!  Кейбір  ауа  жайылған,  тек  өз  дегеніне  болмаса  ештеңеге  
көнбейтін кесір, тоң мойын ру бастықтарын ат құйрығына байлап құрбан етуге де 
барған  жоқ  па!  Бері  көш  десе,  әрі  көшкен  ауылдардың  басына  хан  нөкерлері 
сырық  ойнатып,  сырмағын  жүндей  түтті  емес  пе?  Қаншама  мал  барымталанып 
алынды! Қаншама ел ата мекен жерін тастап, жаңа қонысқа қонды! 
 
Жәнібек осының бәрін неге істеді. Бұлай ету оған оңайға түсті ме? Сол үшін де 
Қотан қарт өлер алдында: 

260 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
 
«Жәнібектің сырты ғана күлкі-әзілді паш еткен. 
Мезгілі көп оңаша қап жас төккен» — 
 
деп бекер айтқан ба? Ал сонда өз елін өзі қанға бояғаны жөн бе? Бұл Жәнібекке 
қатты  батты.  Кей  күні  құса  боп,  төсек  тартып  жатып  та  қалады.  Өз  бетімен  тағы 
болып өскен руларды айтқанына көндіре алмай, кейде тарығатын да, тіпті бағзы 
бір  жағдайда  соңынан  ерген  аяулы  адамдардың  орынсыз  қылығына жаны  күйіп, 
оңашада  қалың  қайғыға  беріледі.  Бірақ  хан  Жәнібек  бір  хадисті  жақсы  түсінетін. 
Тоғай  арасында  өскен  күйкі  шөп  малға  ас  болмайды.  Ал  қыршын,  қопа 
арасындағы шытыр, көкпек малды тек апатқа ұшыратады. Сол себепті ел бірлігіне 
кесірі  тиетін  жанды  Жәнібек  өз  аузынан  үкім  айтып,  дарға  астырса  өкінбейді, 
мұндайда  ол  табансыздық  көрсетпейді.  Өйткені  үлкен  арман  құрбандықсыз 
орындалмайды  —  бұл  ханға  да  белгілі  қағида.  Осындай  қатаң  саясаттың 
арқасында  Жәнібек  далиып  жатқан  Дәшті  Қыпшақ  даласын  тегіс  өзіне  қаратпақ 
болды. Содан кейін барып ол қазақ хандығына Түркістан өлкесі мен Еділ өзенінің 
бойындағы  Кіші  жүздің  асау  руларын  бағындырсам  деген  ізгі  мұратына  кірісуді 
ойлады. 
 
Мұндай шешімге келген Жәнібек, ең алдымен өз ойын ағасы Керей балалары 
мен  өз  балаларының  таразысына  салмақ.  «Бар  ауыр  қанды  жорықты  қай  тұстан 
бастау керек? Күншығыстан ба, күнбатыстан ба?» 
 
Жошы  ұрпағы,  Бадықтан  туған  Орыс  ханның  жеті  ұлы  болған;  Тоқты-Қия, 
Құтлық-Бұғы, Тұғылық-Болат, Құйыршық, Тоқта-Болат, Сейдахмет, Сейтәлі. 
 
Тоқты-Қиядан — Болат, Болаттан — Керей. 
 
Құйыршықтан — Барақ хан, Барақ ханнан — Жәнібек. 
 
Сөйтіп Жәнібек пен Керей бір атадан шөбере туыс. 
 
Керейдің төрт баласы бар: Бұрындық, Шайхым, Санджор-Жақан, Жақан-Бахты. 

261 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Жәнібек  ханнан  тоғыз  бала:  Жиренше,  Махмұт,  Қасым,  әдік,  Жаныш,  Қамбар, 
Тыныш, Ұснақ, Жәдік. 
 
Шөбере  туыс  Керей  мен  Жәнібектен  тараған  осыншама  баладан  ата  жолын 
қуып жауға шабар әке жолын қуып баққа таласары алтау. Керейден —Бұрындық, 
Жәнібектен — Махмұт, Қасым, Қамбар, әдік, Жәдік. 
 
Қазақ  ханының  тағына  ие  болар  деп  Жәнібектің  әсіресе  үміттенері  Қасым. 
Қасым  қазір  жиырма  алтыда.  Ұзын  бойлы,  кең  жаурын,  қара  торы  пішінді  жігіт. 
Қалың қабағының астынан үлкен қоңыр көзі адамға әрқашан да ойлана қарайды. 
Он бесінен көкпарға, күреске түскен. Әзірге жамбасы жерге тимеген балуан. Жау 
жүректігі  мен  ақылдылығына  қарап,  хан  болуға  лайық,  әрқашанда  сабырлы  деп 
ойлайтын  Жәнібек.  Қасымды  ханның  өзге  балаларынан  артық  көрер  тағы  бір 
себебі  бар.  Қасымның  шешесі  Жаған-бике  Жәнібектің  жеті  қатынының  ішінде  ең 
жақсы көрер бәйбішесі. Одан туған бала да ханға ерекше ыстық. Жағанды Жәнібек 
құр ғана жақсы көрмейді, оныменен санасады, ерекше сыйлайды. Ал Әбілқайыр 
ханның  келіні,  Шах-Будақтың  әйелі  Аққозы-бике  Жағанның  туған  апасы.  Аққозы 
мен  Жаған  Алтын  ханда 
1
   көшпелі  Керей  руының  белгілі  батыры  Домбалықтың 
апалы-сіңлілі қызы. Жағаннан Қасым туса, Аққозыдан Әбілқайыр ханның ең жақсы 
көрер  немерелері,  соңынан  бүкіл  Орта  Азияны  жаулап  алған  Мұхамед-Шайбани 
хан мен Махмуд-Сұлтан туған. 
 
Әбілқайыр  мен  Жәнібектің  арасындағы  қанды  ұрысты  өшпендікке  қарамай, 
кезінде  бүкіл  Шығысқа  аттары  шыққан  қос  сұлу  Жаған  мен  Аққозы  біріне-бірі 
тарту,  таралғы,  кісі  жіберіп  сыйласып  тұрған.  Аралары  балдан  тәтті  тату.  Оның 
үстіне  Қасым  да,  Мұхамед-Шайбани  мен  Махмуд-Сұлтан  да  Шыңғыс  әулетіне 
жатпайтын,  шешелерінің  айтқандарын  екі  етпейтін  мінез  көрсеткен.  Бұл  әрине 
балаларын 
жастайынан 
өздерін 
сыйлайтын 
етіп 
өсірген 
аналарының 
қасиеттерінен туған ерекшелік. 
                                                 
1
 Алтын хан деп көне заманда Қытайдың солтүстігіндегі негізгі көшпелі елдерден құрылған хандықты айтқан. 

262 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Қасымның  осындай  жағдайын  білетін  Жәнібек,  баласымен  әңгімелескенде 
әрқашанда бәйбішесі Жағанды ала отыратын. Ал Жәнібек соңғы кезде Қасыммен 
жиі  кездесетін  болды.  Оған  себеп  —  ханның  өзге  ақылгөй  үзеңгілес  би,  батыр 
серіктерінен  гөрі,  Қасымның  қиын  мәселелерде  әкесіне  анағұрлым  дұрыс  кеңес 
беруінен еді. 
 
Күндегі әдеті бойынша, шаңқай түс шамасында хан Ордадан шығып, бәйбішесі 
Жағанның оқшаулау тігілген, шағаладай аппақ екі кигіз үйден кіндіктесе көтерілген 
ақ  ордасына  беттеді.  Бұл  кез  көктем  бітіп,  жаз  жадырай  бастаған  мезгіл  еді.  Хан 
Ордасы Сарысудан Ұлытау етегіне көшіп келген. Әлем сандықтан күн көзіне алып 
шыққан  жанат  ішіктей  құлпырады.  Жаңа  көтерілген  көк  балауса  жасыл  шалғын 
көкірегіңді  жарғандай  жұпар  аңқиды.  Тау  қойнауынан  төмен  қарай  сарылдай 
аққан мұздай бұлақтардың мөлдір суы күн сәулесімен шағылысып, жерге тастаған 
күміс  белбеудей  жалт-жұлт  етеді.  Бұлақ  жағаларында  бұйралана  өскен  құба 
талдың  басына  қонып  алып,  бұлбұл  құстар  не  бір  тәтті  әуенге  сап  ән  шырқайды. 
Жәнібек  әлемнің  осынау  бір  ғажайып  суретіне  сұстана  қарап  сәл  кідірді    де,  ақ 
орданың  есігін  ашты.  Ханның  келетінін  күтіп,  үйдің  ортасындағы  қызғалдақтай 
кілем  үстінде  алтын  шарадағы  уыз  қымызды  сапырып  отырған  Жаған  түрегеліп, 
иіліп сәлем етті. 
 
— Арсың ба, Жаған бикем? 
 
— Барсың ба, хан ием. 
 
Есік  алдына  күмістенген  кебісін  тастап  жатып,  хан  әйеліне  сұқтана  қарады. 
Жаған  қара  торының  сұлуы  еді.  Сұңғақ  бойлы,  оймақ  ауыз,  көген  көз.  Екі  бала 
тапса  да  қыпша  белі  әлі  де  жіп-жіңішке.  Қақтаған  алтыннан  жасалған  ауыр 
шолпысы  жерге  тартып  тұрғандай,  білектей  етіп  өрген  қос  бұрымының  ұшы 
шұбатылып кілем үстінде жатыр. Меруертпен шытырмалап, гауһар таспен безеген 
қызыл  мауыты  сәукелесі,  аш  белін  қынаған  алтын  оқалы  қызыл  бар- 
қыт  камзолының  түсін  ашқандай  жарасып  тұр.  Жаған  иген  басын  әлі  жоғары 
көтерген жоқ. Сонау бота көзін жауып тұрған ұзын кірпіктері найзадай Жәнібектің 

263 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
кеудесіне  келіп  қадалғандай.  Жәнібектің  қырықтан  асқанға  дейін  сан  айқаста 
мызғымаған  тас  жүрегі,  кенет  қолға  түскен  торғайдай  тыпырши  қалды.  Хан  көз 
алдында осы Жағанмен алғашқы кездескен шағы елестеп кетті. 
 
Жәнібек  жиырмадан  жаңа  асқан  тұсында.  Жазтоқсанның  нағыз  сарша  тамыз 
ыстық  кезінде  Шах-Будақ  сұлтанның  серігі  боп  қырық  жігіт  құдаларды  басқарып 
Алтын  хан  патшалығына  барған.  Әбілқайыр  ханның  баласының  жанына  ерген 
әнші,  күйші,  батыр,  балуан,  мерген,  құсбегі  —  кілең  өнерлері  тасыған  өрендер. 
Домбалық  батыр  сол  маңда  көшіп  жүрген  ең  беделді  рулар  —  Қытай,  Найман, 
Керейдің  бас  батыры  еді.  Оныменен  Цзинь  богдаханы  да,  көршілес  Ойрат 
қонтайшысы  Исентайшы  да  мықтап  санасады  екен.  Жәнібек  бастаған  Шах-Будақ 
тобы  Теріскей  Тарбағатайды  жағалап  Зайсан  көлінен  өтіп,  Алтай  тауының  күнгей 
жағына  шықты.  Қалың  Найман,  Қытай,  Керей  тайпа  елін  көктей  басып,  үшінші 
тәулікте  Домбалық  аулына  жетті.  Бұл  ауыл  Қыдыркөл  жағасына  кеше  ғана  келіп 
қонған  екен.  Қамысты  көлді  жағалай  кілең  ақ  шағаладай  кигіз  үй  тігіліпті.  Көк 
майса,  жасыл  шалғын  белуардан  келеді.  Арғы  қабағы  қарауытып  қана  көрінген 
шалқар  дария,  көгілдір  көлдің  ақ  айдынында  сыңсыған  қаз-үйрек,  сыбызғыдай 
сызылған қоңырқай аққу әні алыстан талып естіледі. Көлдің қамысы аз күншығыс 
жағынан,  сонау  алыстағы  белеске  қарай  өріп  бара  жатқан  қарақұрым  жылқы 
көрінеді.  Шах-Будақ  сұлтанның  келе  жатқанынан  күні  бұрын  хабардар  ауылдың 
қыз-келіншек,  бозбалалары  құдаларды  көш  жерден  қарсы  алды.  Жәнібек  Шах-
Будақтың қалыңдығы Аққозыны бірден таныды. Қарсы алған ауыл қыз-келіншегін 
қырағы көзімен бір шолып өтіп еді, дәл осы ауылға бұл жалғанның бар сұлу қыз-
келіншегін  жинағандай  екен.  Ал  Аққозы  солардың  ішінде  топ  қоңыр  қаздың 
арасындағы аққу тәрізді. Сұңғақ бойлы, аққұба мөлдір көз бір керемет. Басындағы 
алтай құндызынан тіккен шоқ үкілі камшат бөркі де, үстіндегі дүрия шәйі қос етекті 
көйлегі  де,  белін  қынай  киген  қамқа  ішігі  де,  гауһармен  безенген  алқасы  мен 
аяғын  басқан  сайын  қоңыраудай  сылдыр  қаққан  қақтаған  алтын  шолпысы  да 
басқалардікінен анағұрлым қымбат, өзгеше. Қыздың сырт бейнесін көргеннен-ақ 

264 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Жәнібек Домбалықтың атақты сұлуы Аққозы осы екеніне шек келтірмеді. Енді ол 
қалған  қыз-келіншек  арасынан  Аққозының  сіңлісі  Жаған  бикені  іздей  бастады. 
Былтыр Аққозыға құда түсе келген Әбілқайыр адамдарынан Жағанды Аққозыдан 
сұлу  болмаса,  кем  емес  деген  лақапты  естіген.  Қарсы  алдында  тұрған  қыз-
келіншектің  ішінде  Аққозыға  көркемдігімен  пара-пар  келетін  ешкім  көзіне  түсе 
қоймаған  соң,  «Жаған  мұнда  жоқ  екен!»  деген.  Неге  екені  белгісіз,  Жаған 
Аққозыдан да асқан сұлу болуға тиісті деген ойдан ол арыла алмаған. Қайткенмен 
де  Жағанды  тезірек  көруге  құмарлана  асыққан.  Бірақ  Жаған  көзге  түспеді.  Тек 
қонақтарға  ауыл  кәдесін  істеп,  кешкі  ойын-сауыққа  кірісер  алдында  ғана 
Домбалық  батырдың  екінші  қызының  жылқы  бағуға  кеткенін  білді.  Қазақ 
руларының ғұрпы бойынша көне заманда жылқы бағу тек жылқышылардың ғана 
борышы емес, қыз-бозбаланың да шаруасы. Жасыл шалғынды ми далада, жаздың 
жылы айлы түнінде қыз-бозбала болып жылқы күзету — қазақтың ескі салтының 
бір  қызық  дәстүрі.  Кең  алқапта  үйір-үйір  боп  бытырай  жайылған  қалың  жылқы. 
Сол қара-құрым жылқыны екеу-екеуден серік боп, ән шырқап айнала жүрген қыз-
бозбала.  Қос  жанында  тай  қазанда  былқылдай  қайнаған  құлынның  уыз  еті. 
Үйірінен  бөлініп  кеткен  саяқты  іздеген  боп  сайға  түсіп  бара  жатқан,  сойылын 
сүйреткен  бозбала.  Арғы  беттен  астындағы  жорғасын  жанындағы  серік  қызына 
ұстатып, төмен қарай асыға аяңдаған үкілі бөрікті, былқ-сылқ басқан жас сұлу... Бұ 
да  бір  қызық  заман!  Жақсы  көрсең  де  келмейтін,  жек  көрсең  де  оралмайтын, 
біржолата мәңгі өшкен алтын дәурен! 
 
Жолдан шаршап келгендеріне қарамастан  жігіттер түнімен алтыбақан теуіп, ән 
салып көңіл көтерісті. Әзіл-қалжың, айтыс, қазақтың көне заманындағы сауықтары 
«Түн  қату»,  «Түйе  жығу»  секілді  сан  алуан  ойындарын  ойнап,  таң  шапақтап  ата 
бастары  жастыққа  тиді.  Ойын-сауық  ертеңіне  тағы  басталады.  Күрес,  сайыс, 
көкпардан кейін кезек жамбы атуға келді. Міне, осы ойын кезінде Жәнібек сұлтан 
Жаған бикені көрді. Келген қонақтар мен ауыл жастары бәсекелесіп жамбы атып 
жатқан. Бақан басындағы қадаға ілген күміс жамбыны бір жүз қадам жерден екі 

265 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
жақтың  бірде-бір  мергені  тигізе  алмай-ақ  қойған-ды.  Жайшылықта  құралайды 
көзінен ататын жігіттер бұ жолы қолдарын шайтан қағып тұрғандай, алыстан еміс-
еміс  ағараңдап  көрінген  жамбыға  садақ  оғын  қанша  көздесе  де  дөп  қадай 
алмады.  Біресе  үстінен  мүлт  кетеді,  біресе  астындағы  бақанға  барып  сарт  етеді. 
Алақанның  аумағындай  күміс  жамбының  нағыз  бір  оқ  қағары  бардай,  байлаған 
жерінен бірде-бір қозғалмай-ақ қойды. 
 
Дәл осы кезде шоғырланған топ қыз-бозбала кенет шуылдап қоя берді: 
 
— Жаған келе жатыр! 
 
— Жол беріңдер! Жол беріңдер! 
 
— Жаған жамбыны көздемей түсіреді. 
 
— әй, Оқас, Жаған бикеге жамбы атып жатқанымызды айт! 
 
 
Аққозы  бикенің  шабарманы  «Бикем  не  бұйырады?»  деп  анадай  жерде  атын 
шідерлеп күтіп отырған қара торы бала жігіт, жанындағы көкбестіге міне сала, ән 
шырқатып қырқадан төмен түсіп келе жатқан бір топ қыз-бозбалаға қарсы шапты. 
Шабарман  жетер-жетпестен  аттан  домалай  түсіп,  топ  басында  күміс  ер-тоқымды 
ақ  боз  ат  үстінде  жантая  отырған,  басына  нарттай  қызыл  түлкі  бөрік  киген  қызға 
әлденені  айтып  жатыр.  Түлкі  бөрікті  қыз  жамбы  жанында  шоғырланған  топқа 
қарап  бірдемені  сұрады  да,  қолындағы  сойылын  қасында  тұрған  жігітке  ұстата 
беріп, оның садағын алды. Жігіт қорамсағынан екі-үш оқты суырып, таңдап біреуін 
берді.  Қыз  садақтың  бауын,  домбыраның  шегін  шерткендей,  қолымен  қатты 
тартып  көрді  де,  сол  қолымен  жақты  жоғары  көтеріп,  жебесін  қойып  кезенді. 
Сөйтті  де,  астындағы  ақ  боз  жорғаны  тебініп  қалды.  Жорға  шоғырланған  топқа 
қарай ырғала жөнелді. Жұлдыздай ағып келеді. Жамбы атып тұрған қыз-бозбала: 
«Жол  беріңдер!    Жол  беріңдер!»    «Иә,  аруақ,  қолдай  көр!»,  «Қарақожа!», 
«Ойшыбай!» деп Керей руының ұранын айтып кейін шегіне берді. Жәнібек сұлтан 
қыз абыройын құрбы-құрдасының осыншама тілеуінен Жағанның осал бике емес 
екенін аңғарып қалды. Сөйткенше  болған жоқ, ақ боз жорғаны теңселте ағызып, 
қыз да бұлар тұрған жерге таяй түсті. Ұзын қос бұрымын беліне қыстырып алған, ат 

266 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
үстінен  бір  жағына  қарай  жантая,  садағын  кезене  ыңғайланып  келе  жатқан  ерке 
сұлу,  Жәнібек  сұлтанның  қасынан  өте  беріп,  садағын  тартып  жіберді.  Сол  сәтте 
жұрт  шу  ете  түсті.  Шуда  жіппен  қадаға  іліп  қойған  күміс  жамбының  кенет  көкке 
атылғанын Жәнібектің өзі де көрді. 
 
Шулаған  жұрт  жорғасын  әзер  тоқтатып  кейін  оралған  Жағанға  қарсы  ұм- 
тылды. 
 
— Мың жаса, Жаған мерген! 
 
— Қыз емес, қыран ғой! 
 
— Сені тапқан анаңнан айналып кетейін. 
 
— Қарақожа атаңның аруағын бір көтеріп тастадың ғой!  
 
— Ел намысын жібермеген ер қызым, мың жаса!   
 
Дабырлаған  топ  қызды  ат  үстінен  көтеріп  ап,  сұлтандарға  қарай  жүрді.  Олар 
Жәнібектер  тұрған  маңға  таянғанда  ғана  қызды  қолдарынан  түсірді.  Өздерінің 
тобына  жақындап  келіп,  иіліп  сәлем  берген  Жаған  адамзаттың  баласы  емес, 
көктен түскен қор қызы боп көрінді. Қос бұрымы жерге тиіп шұбалып, құралайдың 
көзіндей танадай қара көздері Жәнібекке жайбарақат, мөлдірей қарады. Осы бір 
күнәсіз  көзқараста  жігіттің  асау  жүрегін  тайдай  тулатқан  бір  ғажа- 
йып  сиқырлы  күш  бар  еді.  Өн  бойы  қорғасындай  балқып,  Жәнібек  өзін-өзі  әзер 
ұстап қалды. 
 
—  Арсыздар  ма,  құда  жігіттер?  —  деген  Жаған  сонда  ұзын  кірпіктерін 
Жәнібектің жүрегіне, дәл осы қазіргісіндей қадап. 
 
— Барсыз ба, мерген құдаша? — деген жігіттер шулай жауап беріп. 
 
Осыншама  шудың  ішінен  тек  Жәнібектің  даусын  естігендей  Жаған  сұлтан- 
ға тағы да бір мәністі көз тастады. Сұлтан енді бұрынғыдан да бетер өртеніп кете 
жаздады. Сол күні түні бойы көз ілінбей шықты. Ертеңіне Жәнібек Жаған қыздың 
қалай  асау  үйреткенін  көрді.  Бойды  алған  жалын,  ойды  өртеген  арман 
бұрынғыдан  да  өрши  түсті.  Ұлытауға  қайтып  келісімен  сұлтан  сонау  Алтын  хан 
еліне құдалыққа кісі жіберді. Келесі Жазтоқсанның басында он төрт жасар Жаған 

267 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет