Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет262/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Құлмұқамет тарханға, Үзкенттің хакімі Уақас биге, Сайрамның хакімі Мыржық 
төреге кісі жіберіп, хат жазды. 
Дәл осы кезде яғни Хаджри есебі бойынша сегіз жүз жетпіс төртінші, Тышқан 
жылы, жаңаша бір мың төрт жүз алпыс сегізінші жылы, елу жеті жасар Әбілқайыр 
ханның өзі ақұрығын алып, жүз мың атты әскерімен Моғолстанды шаппақ болып 
Үргеніш тұсынан шығыпты деген хабар жетті. Жүз мың әскер! Бұл қолына құр 
сойыл мен садақ алған қазақтың әскері емес. Бұл Исфаған болатынан алдаспан, 
ұзын қылыш тағынған, Қорасан құрышынан сауыт-дулыға киген, мұздай боп қару-
жарақ асынған, өз заманының әскери өнер-ғылымымен әбден суарылған
Әбілқайыр ханның бүкіл шығыс әлеміне белгілі атақты атты әскері! Хан әскерін 
ұрысқа өзі үйреткен! Жауын аямастай етіп өзі баулыған! Көк Орда Көк Орда 
болғалы ұлы ханның әскері жетпіс бес мыңнан асып көрген емес, ал бұл жолы... 
жүз мың! Бұл хабарды естігенде Жәнібектің де жүрегі дір ете қалды. Ол бүкіл 
Сығанақ, Созақ уәлиеттерінің ұста, шеберлерін жинатып, көрік қыздыртып
әскеріне хакім қоймаларынан табылған көк болат құрыштан қару-жарақ соқтыра 
бастады. 
Бірақ Жәнібектің бұл қызу әрекеттері ұзаққа созылмады. Кенет тағы бір хабар 
жетті. Қырық жылдай бүкіл Дәшті Қыпшақ, Мауреннахр, Қорасанды тітіреткен 
Әбілқайыр хан о дүниеге сапар шегіпті! Бүкіл атақ, алтын тақ, Шығыс елінің тең 
жартысын жылатып жинаған дүние-қазына ұлы ханның өмірін ең болмаса бір 
күнге созуға жарамапты! Атақты дәруіші әбдіразақ Нахичеванидің өзі тапқан мың 
да бір кеселге шипа болар, ебелек тікенегінен жасаған — сырыншан шурнәсі де 
қонбапты. Есіл ер Жейхун мен Сейхун дарияның ортасындағы етрақ 
1
далада жеті 
күн кезікпен күйіп-жанып, ақыры қайтыс болыпты! Зірік талдай сарғая бастаған 
денесін ыстық күнге бұзылып кетпесін деп, Бахтияр баһадур мен Қарашың батыр, 
бал толтырған алты құлаш астауға сап, Созақ мединасына алып келіпті. Бұл шаһар 
қазақтардың қолында болса да, өлімге дауа бар ма, алтын сырмен атын жазып, 
1
Е т р а қ — сары етрақ дала, сары дала деген мағынада. (Ескі түркі тілі). 


282 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет