Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет284/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   316
Әдеби KZ
 
 
баласы Күлмұхамед-тарханмен бірге, Самарқантқа жүргізеді. Бұл көшпен бірге бар 
қымбатты дүние-мүлкін де жіберді. Түркістан уәлиеті бұрынғы дәстүрі бойынша 
әлі де Темір Ордасына бағынды. Ал Самарқант болса, бұл Орданың астанасы. 
Тархан Самарқантты күшті санайтын. Қызы мен баласы, дүние-мүлкі Самарқантта 
тұрса, Мұхамед-Шайбанидың қолы жетпейді деген пікірге келген. Сол себепті де 
көшті тезірек жүргізуге асыққан. Бірақ бұл көштің шыққанын Мұхамед-Шайбани 
жағының адамы Маңғыт Орыс бек естіп қалады. Жиырма батыр, екі жүз сыпаймен 
келіп шабуыл жасайды. Күлмұхамед-тархан қасындағы серіктерімен жан аямай 
жауымен ұрысады. Бірнеше адамды найзалап өлтіреді. Бірақ ақырында жеңіліп
өзі қашып құтылады. 
Орыс бек Мұхамед-Мазит-тарханның қызы мен дүние-мүлкін Мұхамед-
Шайбаниға әкеп тапсырады. Жауының дүние-мүлкін хан бұл ұрысқа қатынасқан 
Орыс бектің жігіттеріне бөліп береді. Ал Мұхамед-Мазит-тарханның бар мал-
мүлкінен қымбатты, ең асыл қазынасы әлі құрық көрмеген құлындай асау қызын, 
түкті кеудесінің астына салып, бесінші қатыны етеді. 
Бұл қорлыққа шыдай алмаған Мұхамед-Мазит-тархан Бұрындық хан мен 
Жәнібектің балаларына бірігіп Мұхамед-Шайбаниды шабайық деп кісі салды. 
Бұрындық пен Қасым бұл тілекті қабыл алды. Мұхамед-Мазит-тархан 
үшеуі кеуделеріне құран басып, күшейіп келе жатқан Мұхамед-Шайбаниға қарсы 
тұрып, Түркістан уәлиетінен қумақ боп ант берісті. Содан кейін олар қалың қолмен 
келіп Сауранды қоршады. Жақында ғана бұл қалаға әмірші болған Махмуд-Сұлтан 
қала бекінісін жедел күшейтуге кірісті. Бірақ бұл кезде Қасым сұлтанның ақылы 
бойынша Мұхамед-Мазит-тархан кешегі өзінің баласы Күлмұхамед-тархан 
билеген Сауранның қала басшылары — ақсақал, бек, рабат ұстайтын белгілі 
адамдарына, қаланы бүлдірмей, қан төгіспей берсе, көп жақсылық істейтінін 
айтып хат жазды. Ақсақалдар жасырын жиналып, Сауран бұрын қазақ хандарынікі 
еді ғой. Бұрындық ханға берейік деп шешеді. Бұндай құпия сырдан хабары жоқ 
Махмуд-Сұлтан қамал басында шаруа істетіп жүргенінде, ақсақалдар бірнеше 


305 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет