4
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
Бірінші бөлім
I
Ажал — үстемдігіңді жүргізудің ең берік құралы емес пе?
Бабасы Шыңғысхан бүкіл әлемді осы ажал арқылы
бағындырмақ болған жоқ
па еді?
Қара бұқараны өліммен әлдилеуден Шыңғыс ұрпағынан шыққан қай хан
тартынған?»
Әбілқайыр ірбіз
1
терісінің үстінде аунап түсті.
«Иә, өлім себу — Шыңғыс бабаның ұлы саясаты. Ол өзінің бүкіл әлемді жаулап
алам деп жинаған жау жүрек ератын
2
да осы өліммен қорқытып ұстаған жоқ па?..
Иә, иә, сөйткен еді ғой. Қалай делінген еді сол бір тәртіп Ясысында?»
Әбілқайыр көзін жұмды. Жақында ғана фарсы тіліне аударылған.
Шыңғыс
бабасының әмірі жүріп тұрған кезінде Қарақұрымда болған италиялық бір
жиһанкез жолаушының жазған кітабының әрбір әрпі
бақандай боп көз алдында
тұра қалды. Әбілқайыр ернін жыбырлатып оқи бастады: «Монғол әскері жайында.
Шыңғысхан он адам бір адамға бағынсын деп бұйырған (біздіңше оны онбасы
дейді), ал ол онбасы бір жүзбасыға бас иген. Он жүзбасының үстінен
бір адам
қараған. Оны мыңбасы деген. Бар әскерінің басына үш ноян қойған. Бұл үш ноян
барып бір қолбасшыға тізе бүккен». Әбілқайыр сәл көзін ашты. Ең қызығы ар
жағы... Ол қайтадан оқи түсті:
«Егер ұрыс кезінде осы он адамның біреуі, не екеуі, үшеуі, тіпті одан көбі кейін
қашар болса,
олар өлтіріледі, ал жүздіктің өзгелері қозғалмай,
әлгі он адам бәрі
бірдей кейін шегінсе бәрі де жойылады: қысқасын айтқанда, бәрі бірге шегінбесе,
өз бетімен шегінгеннің бәрі тегіс өлтіріледі. Осы айтқандай, он адамның бір-екеуі
жауға қарсы ұмтылып, өзгелері тұрып қалса, тұрып қалғандар тегіс құртылады. Ал,
1
І р б і з — ескі түркі тілі — леопард.
2
Е р а т — ескі түркі тілі — әскер деген мағынада.
5
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Достарыңызбен бөлісу: