Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет51/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   316
Әдеби KZ
 
 
тізерлеп шөгіп қалып, сайыс төрешілері бас бәйгіні Қобыландыға деп шешкен. 
Түйе жарыс, қатын күрес — бәрі аяқталып, бүгін астың ең қызығы, талай жан 
өкінер, талай бидің намысқа шауып қабырғасы сөгілер жыраулар айтысы 
басталған. Айтыс төрешісі жүзден асқан ұлы жырау Асан Қайғы. Ол бұл жолы 
желмаясымен Көкше теңіз тұсын шолып келген-ді. 
Асан ата, Көкше теңіз маңы қандай жер екен? Сайын ордасын көшіруге
жарар ма? — деген Әбілқайыр ханның сөзіне Асан Қайғы: 
— Қақ үстін жайлау етем десе ханның еркі ғой. Ал мен көрген Көкше теңіз 
маңы: 
«Тас табаны төрт елі 
Атан жүрер жер екен, 
Төсегінен түңілген 
Адам жүрер жер екен». 
деп жауап берген. 
Осы Асан Қайғы айтыс төрешісі. Төреші боларында ол Әбілқайыр ханға: 
— Атамыз Майқы биден бері бәйге хан ордасын кім асыра мақтай алса соған 
беріліп келетін-ді. Бұл жолы ата жолын бұзбақпын. Егер соған көнсең төреші 
боламын, — деген. 
Бүкіл ел-жұртты ардақтаған Асан өтінішіне хан да қарсы келе алмаған. 
— Құп, айтқаныңыз болсын, — деген Әбілқайыр. 
Асан айтыс тәртібін өзінше құрған. Бас бәйге кім де кім жауға қарсы елдің 
ерлігін дұрыс айтып бере алса, соған беріледі. Орта бәйге өз руының жер-суын 
қорғаудағы істерін дұрыс суреттеп берген адамға тапсырылады. Ал аяқ бәйгеге 
Дәшті Қыпшақ елінің болашағын кім дұрыс болжай алса, сол ие.. Және жеңіс 
тәртібі де өзгеше. Бір жырау өз руының ерлігін паш етсе, қарсы жырау сол рудың 
айтылған ерлігінің кемшілігін, қатесін дат етеді. Қайсысының жыры жұрт көкейіне 


53 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
қонар болса, сол жеңді деп саналмақ. Шыңғыс ұрпақтарын мадақтайтын айтысқа 
да осы шарт. Бұл шарт үшінші айтыста да қолданылмақ: бір жыраудың болжауын 
екінші жырау сынауы керек. Егер сынай алмаса жеңілген болып саналады. 
Бас бәйгеге Қыпшақтың ұлы жырауы Қазтуған мен Арғынның ақиығы Сыпыра 
жыраудың ұрпағы Қотан тайшы түспек болды. 
Қазтуған тапал, тоқты жілігінің қорғасын құйған асығындай шымыр адам. 
Сондықтан да оны халық «қарға бойлы Қазтуған» деп атап кеткен. Бір тайпы елдің 
батыры және жырауы. Әбілқайыр тұсында қазақ, ноғай қауымдары (ноғайдың 
біразы Қазан жеріне ауып кетсе де) аралас-құралас көшіп жүрген. Хандар тұтатқан 
өшпенділікке қарамастан, тұтас бір рудың не бір тайпы елдің бүгін ноғай 
құрамында болып, ертеңіне қазақ жағына шығып кетуі әдеттегі жәйт саналған. 
әйтседе, екі ел арасындағы жанжал кейде үлкен ұрысқа айналып, бір жағы ата 
мекен қонысын тастап кететін кезеңдері де болған. Осындай бір айқаста Қыпшақ 
жағы жеңіліп, Ноғайлы дәуірінің жырауы атанған Қазтуған: 
«Салп-салпыншақ анау үш өзен 
Салуалы менің ордам қонған жер, 
Жабағылы жас тайлақ 
Жардай атан болған жер, 
Жатып қалған бір тоқты 
Жайылып мың қой болған жер», — 
деп басталатын атақты Еділмен қоштасу толғауын айтқан. 
Осы Қазтуған Қыпшақ руының ерлігін мадақтап, байлығын мақтамақ... 
Бұнымен айтысатын ақын: «Ер Тарғын» қиссасында «бұл — өз өмірінде толғау 
айтып тоғыз ханды түзеткен кісі» деп келетін бүкіл қазақтың қамын ойлап өткен 
Сыпыра жыраудың ұрпағы Арғынның ардагері сексеннен асқан қарт Қотан. 


54 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет