Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет53/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   316
Әдеби KZ
 
 
деп көне заманда Солтүстік Қытайдан батысқа қарай хұнулар (гунндар) аттан- 
ғанда Арғындар түркі тұқымдас елдерімен бірігіп бас көтергенін, ақыры әтиль 
күшіне шыдай алмай, сонау Ертістен әрі Жоңғар тауына қарай көшіп, хұнулар өтіп 
кеткеннен кейін,
Жетісуға келгенін 
1
асқақтата жыр етіп өтті. 
Төреші Асан ұйықтап кеткен адамдай көзін жұмып ойға шома түскен. Ұлы 
сыншы ойын ешкім бұзар емес, құлаққа ұрған танадай бәрі бірдей тына қал- 
ған. Әлден уақытта Асан Қайғы көзін ашты. 
Сұмырай, сұрқия, сұм заман, 
Шаққалы тұрған сұр жылан. 
Өткені емес халқымның 
Болашағы шер-мұңым... 
деп ел-жұртының келешегін ойлап сәл қайғырып отырды да, қос жырауға 
бұрылды. Халықтың айтысты күтіп отырғаны есіне түсіп: 
— Қазтуған жырау, баста! — деді. 
Қыпшақ елі, Орта Азия хұнулары — чұмхуну ұрпақтарынан, біздің дәуірімізден 
бұрын келе жатқан Европа халқы түстес, дінілі тайпасының күнбатыс бөлегі, көне 
сақтар сарқындысы, Қыпсақ деп аталатын рудан және көне Қангуй елінің қалдығы 
қаңғылардан құрылған, түркі тұқымдас, Ертіс пен Тобыл өзендерінің 
арасындағы ағашты өңірді жайлаған, жау жүрек қалың жұрт болатын. Оныншы 
ғасырдың бас кезінен бастап, гуздарды (осы күнгі түрікмендер) оңтүстікке, 
печенгтерді 
(көне 
кенгерес 
елі) 
күнбатысқа, 
карлуктарды 
(қазіргі 
қарақалпақтарды) оңтүстік-күншығысқа, углерді (карелофиндарды) солтүстіктегі 
қалың орман арасына қуып, көне Қангуй жеріне келіп орналасқан. Сол күннен 
1
Оңтүстік Венгрияда қазылып жатқан әтильдің астанасы Полонния қаласынан табылған өрнек, ескі мұра үлгілері 
қазақ, әсіресе Арғын руының үлгілерімен іспеттес. Қайсысы қайсысынан алды — белгісіз. Тек екі елдің бір мезгілде 
өмір сүргенін дәлелдейді. 


57 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет