Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет102/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   316
Әдеби KZ
 
 
тұрған екі ру ел де қырғи-қабақ болады. Араларына қылау түседі. Мұндай 
жанжалдар тек хандардың мүдделерінен шығуы керек-ті... 
Әбілқайыр Ақжол мен Қобыланды арасын астыртын шоқ тастап шиеленістіре 
түскен. Бірақ бұдан екі батырдың өшпенділігі екі рудың өшпенділігіне айнала 
қоймады. Демек, Қобыланды мен Ақжол өшпенділігі күннен күнге өрши 
бергенмен де, жеке бастың өшпенділігінен аса алмады. Бұрын мұндай батырлар 
таласы бірден ойран-асыр рулар таласына айналып кететін-ді, бұ жолы ондай өрт 
шықпады. Тіпті айтыс, бәйге таластары да екі топтың уақытша қызбаланғаны 
болмаса, кектесіп, қан төгісер күйге жетпей қойды. Бұның себебі Арғын
Қыпшақтың басын қосып, өзіме қарсы салғылары келіп жүрген Жәнібек пен Керей 
сұлтандарда-ау деп жорамалдады хан. Ал шын себебі басқа еді. Кең байтақ 
далада бар күн көрісі мал бағу ғана болған қазақ рулары бірігіп, бір жеңнен қол
бір жағадан бас шығарудың өте қажет екенін ұға бастаған. Жерінің шалғайлығы 
да, сол жердің шалғай болуын тілеп отырған мал шаруашылығы да, бірлесіп бір 
жерде отыруға мүмкіндік бермейтіні рас. Бірақ қазақ руларының түсіне бастаған 
тағы бір жағдайы бар. Ол жағдай бастары қосылмағандықтан көрінгеннің жеңіл 
олжасына айналып кете беруі еді. Осыдан барып бытыраған қазақ Жошы 
ұлдарынан да, Ақсақ Темір қосындарынан да жеңілген. Шапқыншылық заманда 
тағы бөтен жақтан келген бір басқыншының жеміне айналып кетпес үшін, бүкіл 
қазақ рулары бір жерде бас қоспағанмен де, әдет-ғұрпы, жайлау-қыстауына қарай 
одақтас жұрт болу керек екенін ұққан. Оларда енді Үш жүзге бөлініп қауымдассақ 
қайтер еді деген үміт туған. Үш жүз деп атқа бөлінбегенмен де үш сапқа 
ыңғайланып бастарын біріктіруге кіріскен. Дәл осы кезде Арқада көшіп жүрген 
Арғын мен Қыпшақ арасында да осындай одақтың лебі сезіліп қалған. Бұны жөн 
көрген осы екі рудың атақты биі, ақылгөй ақсақалдары Қобыланды мен Ақжол 
арасындағы кикілжіңді рулар жанжалын өршітпеуге тырысқан. Халық тұрғысынан 
дәстүрге айналған, әркім өз байлығын, ерлігін, шешендігін дәріптейтін айтыстарға 
қатынасқанмен де, бұл бірігудің абзал екенін Асан Қайғы, Қазтуған, Қотан секілді 


110 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет