Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет98/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   316
Әдеби KZ
 
 
салмады. Әлі жаны шығып бітпей, ақырын ғана діріл қағып жатқан әп жыланның 
денесіне қанжардай сояу тырнақтарын салып жіберіп, әп-сәтте күлпаршасын 
шығарды да бөлшектенген етімен қомағайлана тояттана бастады. Әбден тойып 
алғаннан кейін ғана барып, анандай жерде жатқан киікті көтеріп алды да кереге 
қанаттарын жая, шаттана шың басындағы ұясына қарай шырқай жөнелді. 
әп жыланның бес құлаш ұзындыққа жетуі үшін ең аз дегенде жүз жыл өмір 
сүруі керек екенін білетін бір нояны Шыңғысханнан: 
— Ұлы хан, әлгі қыран жас бағлан киіктің етімен емес, кәрі әп жыланның сіңір 
етімен неге тояттанады? Сол жас бағлан еті үшін өзі әп жыланға түскен жоқ па еді? 
— деп сұрады. 
Сонда Шыңғысхан: 
— Досыңнан қасыңның еті тәтті. Ал қасыңнан өзіңмен алысқан жауыңның еті 
тәтті, — депті. 
Әңгіме бұнымен бітпеген. Шыңғысхан қартайып келе жатқан кезінде тағы да 
аңға шығады. Баяғы өздері көрген шыңның жанынан өтіп бара жатқандарында 
қазір егде тартып қалған Сүбітай баһадур тағы да: 
— Ұлы хан, қараңызшы! — деп шың жақты көрсетеді. 
Нояндар жалт бұрылады. Бір жағын пышақпен кескендей баяғы қап-қара биік 
құз... Осы құздың тұсынан ұзындығы үш құлаштай қара шұбар әп жылан жоғары 
өрмелеп бара жатыр. Жартастың орта шеніне таяп қалған. Қырағы көздер көріп 
тұр, жартас түстес шұбар жылан жоғары қарай ақырын қозғалады. Құлар болса 
өзінің де тамтығы қалар емес. Бұны осыншама қауіпке салар қандай күш? Күш — 
біреу. Ол ата кегі, мынау шұбар аждаһа баяғы қыран өлтірген аждаһаның ұрпағы 
екені сөзсіз. Сондағы жартас, сондағы ұя, атадан әкеге, әкеден балаға қалған 
өшпенділік. Әр жылжығаны ажал, осынау қауіпті сапарға бұл жас аждаһаны да 
аттандырған сол ежелгі өштік. Нояндар шың басына қарады. Ернеуіндегі қуысқа 
жабыстыра салған қыран ұясы. Жаз ортасы, қыран балапандарының қанаттанып 
ұшып кете қоймаған кезі. Өздеріне жылжып келе жатқан ажалды сезгендіктен бе, 


106 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет