Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет253/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— әрине ғой. Қауіп Көк Орда жағынан. Диірменде туған тышқан дүрсілден 
қорықпас. Бізбен алысып үйреніп қалған жау қаймығуды білмейді, бүгін болмаса 
ертең Әбілқайыр хан Ақ Ордаға қарсы жорыққа шығады. 
— Дұрыс айтасың. Қазір ол Моғолстанға қарсы қол жинап жатыр деген сыбыс 
бар. 
— Моғолстанға аттанғаны — бізге аттанғаны. Андыз барда ат өлмес
қолымызда күш тұрғанда бізге бос жатуға болмайды. Әбілқайыр Үргеніш жақта 
Моғолстанға қарсы қол жинап жатқанында, біз Түркістан уәлиетін басып алуымыз 
керек. Сығанақ, Сайрам, Яссы, Созақ, Отырар тәрізді мықты бекіністері бар 
қалаларды қолға түсірсең, Әбілқайырдың көк желкесіне мінеміз. Оны Дәшті 
Қыпшақ жеріне жібермек түгіл, бүкіл Мауреннахрдың өзіне қауіп туғызамыз. 
— Өзім де солай топшылап едім, болжауымыз бір жерден шықты. 
— Түркістан уәлиетін қайтару — Дәшті Қыпшақ елінің сауда-саттық жолын ашу 
ғана емес, әділеттік үшін күресу. Өз жерімізді, өз қалаларымызды өзімізге алу — 
тілектес Моғолстанды қанды көз Әбілқайырдан қорғау. 
Бағанадан бері әкесі мен баласының сөзін құр тыңдап отырған Жаған сөзге 
кірісті. 
— Сонда сендер Көк Ордаға қарсы соғыс ашпақсыңдар ма. 
әкесі үшін Қасым жауап берді. 
— Жоқ, апа, біздің елімізге, жерімізге қарсы жүз жыл бұрын Ақсақ Темір ашқан 
соғысты аяқтамақпыз. 
— Ақсақ Темірдің жерінің өзін Аққозының хан атасы жаулап алған жоқ па? 
— Жаулап алды. Жаулап алды да, Ақсақ Темір әулетімен бірігіп кетті. Қазақ 
руларының байырғы қонысы Түркістан өлкесін кеше Ақсақ Темір билесе, бүгін 
Әбілқайыр билеуде. Әділеттік іздесе, ол жерді бүгін біз қайтарып алуымыз керек. 
— Тағы да қырғын қан төгіс болады екен ғой? 
— Иә, апа. 
— Аққозының балалары саған қарсы, сен оған қарсы шығады екенсіңдер ғой. 


273 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет