4. Тартылған ет массасын қалай дайындайды? - 1000 гр тартылған масса алу үшін 800 гр ет, 120 гр май, 70 мл су немесе сүт керек. - Етті кесектерге турап, шошқаның майымен араластырып, еттартқыштан үш рет өткізеді де, су немесе сүт, тұз, бұрыш қосып араластырады . 5. Котлет массасының құрамы және дайындалуы? - 1 кг етке 250 гр бидай наны, 300 мл су немесе сүт, 20гр тұз, 1 гр бұрыш ұнтағын қосады.
- Етті жуып,сіңірлерінен ажыратып, кесектерге турап, еттартқыштан өткізеді. I сортты ұннан дайындалған нанды салқын суда немесе сүтте жұмсартады. Тартылған етті жұмсарған нанмен қосып, тұз, бұрыш салып, араластырып, еттартқыштан тағы да өткізеді де, соғады. Бұл жағдайда масса біртекті және үлпілдек болып шығады. Бірақ көп соғуға болмайды, себебі тағамның дәмділігі мен нәрлілігі азайып кетуі мүмкін.
-
6. Котлет массасының тартылған массадан айырмашылығы? - Шабылған массаның құрамына май, ал котлет массасының құрамына сүтке жұмсартылған бидай наны кіреді.
-
7. Котлет массасынан дайындалатын шала фабрикаттар? - - Котлет массасынан дайындалатын шала фабрикаттар: котлет, биточки, зраза, тефтели, орама.
- Асханалық зертханаға кіргенде ең бірінші зертхананың ауасын тазартып, желдетіп алу керек.Өйткені газдың иісі болуы мүмкін. - Зертханадағы құрал-жабдықтардың дайындығын тексеру қажет. - Плита мен жалын пештің оттық шүмегінің сөндірулі тұрғанына көз жеткізу керек. - Сұйық затты қыздырған кезде қадағалап, қайнаған кезде жалынды төмендету керек. - Газ плитасын қараусыз және бос жағулы күйінде қалдыруға болмайды. Жұмыс соңында міндетті түрде өшіру керек. - Шаншитын және кесетін құралдардың сабын алдына қаратып ұсыну қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |