5-сурет. Керу трубасы схемасы. 5-суретте окуляры жинағыш система болып келген көру трубасының (Кеплер трубасы) схемасы көрсетілген. Мұнда объектив пен окуляр орнына L1 және L2 линзалары алынған, олар L1 линзаның артқы ұлы фокусы мен L2 линзаның алдыңғы фокусын бір-біріне дәл келтiрiлiп орналастырылған (бұл - телескоптық система делiнедi). Егер бақыланған нәрсе алыс болса, онда оның 11 объектив беретін А'В1 кескiнi шын, кiшiрейген және кері болып, объективтін фокустык жазықтығында жатады. Бұл кескін окуляр арқылы қаралады, сонда нәрсенің өзімен салыстырғанда кері орналасқан А"В" жорымал кескіні пайда болады. Кездің тор қабықшасындағы кескін, осы А"В" кескін пакты нәрсе екендей болып түседі.
Кеплер трубасын телескоп ретінде пайдаланып, аспан шырақтарын бақылағанда кескіннің керi болып түсуінің ешбір зияны жоқ. Ал труба жер бетіндегі нәрселерді бақылауға қолданылса, бұл қолайсыздық туғызады. Сондықтан бұл жағдайда кеплер трубасынын оптикасына қосымша линза немесе призмалар ендіріледі, олар объектив берген кескінді 180°-ка бұрады да, кескін тура болып көрінеді. Мысалы, кәдімгі, призмалы бинокль (дүрбі) бұрғыш призмалар косылған Кеплердің екі трубасынан жасалады.
Көру трубасының бұрыштық ұлғайтуын былайша анықтауға
болады. Өте алыстағы нәрсенің объектив центрінен көріну бұрышы 2 u1 болса, құралсыз көзге де ол дәл сондай 2 u0 бұрышпен көрінеді. Кескіннің окулярдың оптикалык центрінен көріну бұрышы 2 u2 болса, көздi окулярға тақап қарағанда да кескiн дәл осындай бұрышпен көрінеді. Сонда көру трубасының бұрыштық ұлғайтуы 𝜸 жуықтап алғанда мынаған тең болады:
Мұндағы f1 объективтің артқы, f2 - окулярдың алдыңғы фокус арақашықтықтары. Сөйтіп, көру трубасының бұрыштық ұлғайтуы оның объективi мен окулярының фокус қашықтықтарының катынасына тең.
Аспан денелерін бақылау үшін оптикалық системасы линзалардан құралған телескоптармен (рефракторлармен) қатар, объективі ойыс айнадан жасалған телескоптар (рефлекторлар) да қолданылады.
Айналы телескоптық линзалы телескоптан бір артықшылығы,
мұнда хроматикалық аберрация жоқ. Қазiргi кезде ең үлкен телескоптардың объективтерi ойыс айнадан жасалады, олардың айнасының диаметрі 5 м-ге дейін болады, ал ең үлкен рефрактор линзасының диаметрі 1 м-ден аспайды.