Көз-оптикалық система. Көру. Визуаль оптикалык приборлар. Фотографиялық және проекциялык аппараттар. Оптикалык приборлардың ажырату күші


-сурет. Максутов телескопының схемасы



бет5/7
Дата15.11.2022
өлшемі417,84 Kb.
#50457
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
реферат 1

6-сурет. Максутов телескопының схемасы.
Қазіргі кезде линза мен айна аралас системалар, яғни менискiлi системалар пайдаланылған телескоптар бар. Осындай менискiлi телескопты ең алғаш (1941 ж.) совет ғалымы Д. Д. Максутов ойлап шығарған. 6-суретте Максутов телескопының схемасы келтірілген. Алыстағы нәрседен келген жарық шоғы 1 дөңес-ойыс линзадан етіп М айнаға түседі, одан шағылған соң L линзаның алюминий жалатылған- орта бөлігіне (m-ге) туседі, тағы шағылып М айнаның орта жерiндегi кішкене тесікке түседі де сыртқа шығып, F' нүктеде киылысады. Пайда болған кескін О окуляры арқылы бақыланады. Бұл кескінде хроматикалық жане сфералық аберрациялар салдарынан болатын кемістіктер болмайды. Өйткені бұл телескоптың оптикалык системасын құрайтын деңес-ойыс линза мен айнаның сфералық аберрациялары кері таңбалы, шамалары бірдей етiлгендіктен олар бір-бірін жойып жiбередi. Айнанын хроматикалық аберрациясы жок, деңес-ойыс линзаның хроматикалық аберрациясы мұқият жөнделген болады. Сөйтіп Максутов телескопы оптикасының іс жүзінде сфералық және хроматикалык аберрациялары жоқ.


3 Фотографиялық және проекциялык аппараттар

1. Фотоаппарат. Нәрсенің фотографиялық суретін түсірiп алуға арналған оптикалық прибор фотоаппарат делiнеді.Оның негізгі бөлімдері объективі, диафрагма, фотопластинка салынатын кассетасы болады. Объектив камераның алдыңғы қабырғасына орнатылады да кассета оған қарсы қабырғаға қойылады (64-сурет). Суретке түсірілетін нәрсе, мысалы, АВ, әдетте


объективтік алдында оның фокусынан алыс тұрады. Сондықтан оның А'В' кескінi шын, керi және кішірейген болады. Аппараттың бүктемелi көрiгiн (H) созып не жиырып немесе объективтiң (О) өзiн арлы-берлі қозғалта отырып, нәрсенiң кескiнi айқын етiледi. Фотоаппаратқа енетін жарық ағының объективке қоса орнатылған диафрагма көмегімен реттеуге болады. Ал жарық түсіру уакыты «затвор» арқылы реттеледi.

7-сурет. Фотоаппаратгын схемасы.
Түскен жарыктын әсерінен фотопластинканын (фотопленканың) жарық сезгіш қабатында көзге көрінбейтін жасырын кескiн пайда болады, оны көрінетін ету үшін жарық әсер еткен пластинка арнаулы ерітіндіге салынып енделеді.
Фотоаппараттын ек басты белiгi онын объективi, сондықтан түсірілген суреттік сапасы объективке байланысты. Осы кунгі фотообъективтер - сфералық және хроматикалык аберрациялары жөнделген күрделi оптикалық система. Фотообъектив оның ұлы фокус кашыктыгы мен салыстырмалы тесiгi арқылы сипатталады.
Фотопластинканың жарықталынуы объектив салыстырма тесiгiнiң квадратына, яғни объектив жарық күшiне тура пропорционал болады. Сондықтан салыстырмалы тесiктiн сан мәнiн көрсететiн катынастың соңғы мүшесi негұрлым үлкен сaн болса, объективтiн жарық күші, демек жарықталынуы, соғұрлым аз болады.
2. Проекциялык фонарь. Мөлдір суреттердiң (диапозитивтердiн) кескіндерiн улкейтіп көрсетуге арналған оптикалық прибор проекциялық фонарь (8-сурет) деп аталады. Оның негiзгi бөлiмдерi - жазық-дөңес линзалардан құралған С конденсоры және дөңес линзадан жасалған О объективі. Конденсор көрсетілетін P диапозитивтiң жарықталынуын күшейтеді, объектив онын E экранға шын, кері және ұлгайтылған кескінін түсiредi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет