8-сурет. Проекциялык фонарь схемасы. Экрандағы кескiннiң жарықталынуы фонарь объективiнiң салыстырма тесiгiнiң квадратына, яғни объектив жарық күшiне тура пропорционал, оның объективiнiң сызықтық ұлғайтуына кері пропорционал болады. Сонымен қабат экрандағы кескін негұрлым үлкен болса, фонарьга орнатылған S жарық көзі соғұрлым күшті болуға тиіс.
Кино көрсеткенде пайдаланылатын проекциялаушы приборлар кұрылысы жағынан осы проекциялык фонарьга ұксас болады.
3. Эпиднаскоп. Мөлдiр суреттердiң (диапозитивтердiң) және мөлдір емес суреттердің, мысалы, қағазға сызылған чертеждер, таблицалар т. т. кескіндерін үлкейтіп көрсетуге арналған прибор эпидиаскоп делiнедi
Егер М1 айна суретте көрсетілгендей қалпында С конденсорды қалқалап тұрса, онда бұл прибор көмегімен мөлдір емес Р суреттен шағылған жарық сәулелері М2 айнага тусіп, одан шағылған сон О2 объективтен етедi де оның қарсы алдына қойылған экранда нәрсенің үлкейген кескiнi пайда болады. Егер М1 айна төмен түсірілсе, С конденсор ашылса, онда прибор проекциялық фонарь қызметін аткарады.
Проекциялык аппараттар көпшілік алдында лекция оқылғанда, баяндама жасалғанда көрнекі материалдар көрсету үшін пайдаланылады.
4 Оптикалык приборлардың ажырату күші Бiз жоғарыда оптикалық кескіндер салғанда геометриялық оптика заңдарына сүйендік, оптикалық система ақаусыз болса (аберрациялар болмаса), онда нүктенің кескіні нүкте болады деп санадық. Алайда геометриялық оптика заңдарын колданудың шегі бар, оптикалық прибордың кейбір қасиеттерін ұғыну үшiн жарықтың толқындық табиғатың еске алу керек. Мысалы, жарық шоғын оптикалық система құрамына енген линзалар, айналар және диафрагмалар шеттерi (оправалар) ықшамдайды да олардан еткенде жарық толқыны дифракцияланады, осының нәтижесінде нәрсенің әрбір нүктесiнiң кескіні нүктедей болмай, дифракциялық дөңгелек түрінде байқалады. Осы себепті кескіннiң нәзік детальдарын ажырату қиындайды. Сондай детальдарды ажыратудың бiр шегі болады. Ендi қысқаша осы мәселеге
тоқталамыз.
1. Телескоптың ажырату күшi. Алыстағы жұлдыздарды телескоппен бақылағанда оның объективіне параллель сәулелер шоғы түседі. Объективтін оправасы бұл жағдайда 18-параграфта баяндалған кішкене дөңгелек тесiктiң ролін атқады да сол объективтiң фокус жазықтығында жұлдыздың дөңгелек дифракциялык кескiнi (11-сурет) пайда болады. Ол кескiндi бiз окуляр арқылы көреміз; сонда оның ортасында жарық дөңгелек дақ, оны коршаган қара-қоңыр шеңбер, одан сон интенсивтігі бәсендеу жарық шеңбер, одан әрі осылайша кезектесе орналасқан қара-қоңыр және жарық шеңберлер көрінеді. Жалпы
жарық ағынының, шамамен 84%-дейi орталық жарық дак үлесiне, тек 16%-дейi ғана оны қоршаган жарық шеңберлер үлесіне тиеді. Сондыктан, біз алдағы жерде ол шеңберлердi есепке алмаймыз. Телескоппен бақылағанда көрінетін жұлдыз кескiнi осы орталык жарық дақ деп санаймыз.