Көз-оптикалық система. Көру. Визуаль оптикалык приборлар. Фотографиялық және проекциялык аппараттар. Оптикалык приборлардың ажырату күші



бет3/7
Дата15.11.2022
өлшемі417,84 Kb.
#50457
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
4-сурет. М"Кроскоп схемасы. Қаралатын кішкентай АВ нәрсе қысқа фокусты L1 объективтің алдына, алдынғы фокустан сәл алыстау қойылады. Сонда оның кескiнi A'B' шын, үлкен, бiрақ керi болады. Ол окуляр мен оның алдынғы фокусы аралығында жатады. Бұл кескін, лупамен қарағандағыдай, окуляр арқылы қаралады. Сонда нәрсенiң өзiмен салыстырғанда кері орналасқан А"В" жорымал, ұлгайған кескін пайда болады. Егер объектив беретiн А В кескін шамамен окулярдың алдынғы фокус жазыктығында жатса, қалыпты көздiң
микроскоппен көруiне ең жақсы жағдай жасалады.
Микроскоптың ұлғайтуы (Г) оныҢ объективінің сызықтық ұлғайтуы (β) мен окулярынын бұрыштық ұлғайтуы (𝜸) көбейтiндiсiне тең болады:

Мұндағы а нәрсенің, a' – оның кескінінің объективтен қашықтықтары. Нәрсе шамамен, объективтің фокус жазықтығында тұратындықтан a=f1; f1 - обьективтiн алдыңғы фокус аралығы. a'-f1+l, мұндағы l - объективтің артқы фокусы мен окулярдың алдыңғы фокусы арақашықтығы (тубустың оптикалық ұзындығы). Әдетте f1 « l болады, сондықтан а'=l. Сонда, окуляр лупа
қызметін атқаратын болгандықтан, оның бұрыштық ұлғайтуы

  1. формула бойынша былай өрнектеледі:


Мұндағы f2 - окулярдын алдыңғы фокус аралығы. Ендеше микроскоптың ұлғайтуын



деп жазуға болады.


Микроскопты обьективi мен окулярында олардың неше есе ұлғайта алатындығы жазылып қойылады. Әдетте микроскоптың объективi мен окуляры алмалы болады, оларды алмастырып микроскоптын ұлғайту дәрежесін өзгертіп отыруға болады.
Осы кунгi микроскоптар 1500-2000 есеге дейін ұлғайта алады. Бiрақ iс жүзiнде 1000 еседен артық ұлғайтатын микроскоптар қолданылмайды, өйткені бұдан артық ұлғайтылса, кескін айқын болмайды.
3. Керу трубалары. Өте алыстағы нәрселерді бақылау үшін көру трубалары (телескоптар) қолданылады.
Көру трубасының оптикасы да, микроскоптікі сияқты, обьектив пен окуляр делiнетiн күрделі системалардан құралады. Бiрақ мұнда объективтiң фокусы қашық, окулярдың фокусы жақын болады. Сонымен қатар көру трубаларының окуляры жинағыш немесе шашыратқыш системалар болуы да мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет