Импликация р → q таңбасымен белгіленеді оқығанда: «Егер p болса, онда q болады» Мысалдар: 1) «Егер күн шықса, онда жер қызады» 2) «Егер Нұриев қылмыс жасаған болса, онда ол міндетті түрде қылмыстық жауапқа тартылады» 3) «Бос болсам — саған қонаққа келем»
Импликацияның ақиқаттық кестесі: Шартты күрделі пайымдау антецедент (p) ақиқат, ал консеквент (q) жалған болған жағдайда ғана жалған болады да, қалған жағдайдың бәрінде де, ол ақиқат болады. Оның мәнін былай түсіндіруге болады:
антецеденттің ақиқаттығы консеквенттің ақиқаттығына жеткілікті негіз бола алғандықтан шартты пайымдау ақиқат болады;
антецедентгің жалғандығы консеквенттің ақиқаттығын жоққа шығара алмағандықтан шартты пайымдау ақиқат болады;
антецедент те, консеквент те жалған болса да, олардан құралған шартты пайымдау ақиқат болады
Антецедент пен консеквенттің орындарын ауыстыруға болмайды. Мысалы, «Егер күн салқындаса, онда мен қыстық киімді киемін» Осы шартты пайымдаудағы антецедент пен консеквенттің орындарын ауыстырсақ: «Егер мен қыстық киімімді кисем, онда күн салқындайды» дегеніміз - жалған шартты пайымдау
Тепе-тең (эквивалентті) күрделі пайымдау деп «егер, тек қана егер ..., онда...» деген байланыстырушы арқылы шартты байланыстағы екі қарапайым пайымдаулардан құралатын пайымдауды айтады.