Байланысты: “Күрделі сөздердің зерттелімі ”Балтабаева Айзада ҚТӘ-21
K.Ахановөз еңбегінде қып-қызыл қап-қара тәрізділердің сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған қос сөздердің түрлерінде мүлдем ұшыраспайтынын, оның тек сын есімдерге ғана тән екендігін және бірден-бір негізгі қызметі сын есімнің шырай формасын тудыру тәсілдерінің қатарында емес, форма тудыру, соның ішінде сын есімнің шырай формасын тудыру тәсілі деп қараған жөн. Демек, қып-қызыл, қап-қара тәрізділер қос сөздердің қатарында емес, сын есімнің шырай формаларының мағына мен қызметі жағынан тым қызыл, өте қызыл, тым қара, тіпті қара тәрізді сын есімдердің күшейткіш шырай формаларымен сәйкес келуі дәлелдей түседі, ал тым қызыл, өте кызыл, тым қара, тіпті қара тәрізділерді күрделі сөздер деп қарамайтынымыз белгілі (бұлар торы ала, қара торы тәрізді күрделі сөздерден мүлдем басқаша) дейді. Ол тілдегі құбылыстарды бір-бірінен ажыратуда, әдетте, негізгі үш түрлі өлшемді таяныш етеді: оның бірі - мазмұны екіншісі - форма, үшіншісі - қызметі. Ал жартылай редупликация арқылы жасалған қып - қызыл, қап - қара тәрізділер формасы жағынан ғана қос сөздерге ұқсайды, ал мазмұны мен қызметі жағынан өте қызыл, тым қара тәрізді сын есімдердің күшейтпелі шырай формасымен сәйкес келеді деп қорытындылайды [7, 97-98].