Күресінің асқар



бет14/15
Дата11.05.2023
өлшемі0,63 Mb.
#91866
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
bilet 1-30

30билет


  1. Қазақтың XX ғасырдағы мəдениеті. Абайдан басталған қазақ мəдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мəдениеті XX ғасырды əрі үмітпен, əрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық жəне демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Əрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық жəне реформалық қозғалыстар да əсерін тигізді.

Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық əперу туралы мəселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мəселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары əр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы əлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мəдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мəдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жəрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мəселелермен қоса өз шығармасында қазақ мəдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мəдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.[1] Екі ғасырдың арасында қазақ мəдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде əңгіме ұлттық мəдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, əкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мəңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мəдениеттен қол үзе бастады.

  1. XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ қоғамының онсыз да ауыр жағдайын солтүстік-батыстан

— башқұрттар мен Еділ қалмақтары, солтүстіктен — Сібір қазақтары, оңтүстіктен Қоқан және Хиуа хандықтары тарапынан төнген қауіп күрделендіре түсті.
Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісіне түсуі және ішкі ұлттық тұтастықтың
болмауы Әбілқайыр бастаған саяси топтың Ресей империясының үкіметімен жақындасуына жол ашты. Бұл жағдай қазақ қоғамындағы саяси күштердің өзара алауыздығын тереңдете түсті.
Кіші жүзде өзара дүрдараз Әбілқайыр хан мен Батыр сұлтан билік жүргізсе, Орта жүзде Сәмеке мен Күшік хандар ресми хан саналғанымен, Барақ пен Әбілмәмбет сұлтандар да дербес билікті
иемденді. Сәмеке мен Күшіктің билігі Ұлы жүздің бір бөлігіне де тарады. Олар өз кезегінде Жоңғарияға тәуелділікте болды. Ал Ұлы жүздің қалған бөлігінде Жолбарыс ханның билігі сақталды. Патша үкіметі қазақ билеушілерінің өзара алауыздығын шебер пайдаланып, әкімшілік және саяси шаралар арқылы батыс
аудандарды отарлауын жеделдетті. Қазақ жерінің батыс бөлігі Ресей империясына іргелес орналасқан аймақ еді. Кіші жүздің бірінші болып Ресейге қосылуы мұнда, отарлық езгінің алғашқы ауыртпалығын да ала келді. Осыған байланысты Кіші жүз үнемі ұлт-азаттық қозғалыстың ошағына айналды.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы билеуші топтардың арасындағы алауыздық 1748 жылы Әбілқайыр ханның өліміне әкелді. Бұл қазақ жүздерінің басын біріктіру мүмкіндігін әлсіретті. Әбілқайыр ханның орнына келген Нұралы ханның билігі енді Орта жүзге жүрмеді. Тіпті Кіші жүздің өзінде Әбілқайыр мұрагерлерінің жағдайы орнықты болмады. Нұралыны Кіші жүздің рубасылары түгелдей мойындаған жоқ.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет