Күресінің асқар



бет9/15
Дата11.05.2023
өлшемі0,63 Mb.
#91866
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
bilet 1-30

Алаш автономиясы. 1917 ж. жазында Алаш партиясы өзінің программасын жариялады. Онда Россияның болашақ конституциялық құрылысы жəне Қазақстан статусының негізгі принциптері айтылған. Россия федеративті Республика болып жарияланады. Елдегі жоғарғы билік Құрылтай жиналысына беріледі. Заң шығару құқығымен тек Мемлекеттік Дума пайдаланады, Дума төте, тең, жалпыға бірдей дауыс беру негізінде сайланады.

Атқарушы үкімет президент жəне ол басқарған кабинетке жүктелді. Онын Дума мен Құрылтай жиналысының алдында жауапты болуы көзделген. Қоқанд Автономиясы. Советтердің ІІІ өлкелік съезінің шовинистік шешіміне байланысты ұлттық лидерлер өлкені басқарудан босатылады, сондықтан олар қарсы
шаралар қолдануға мəжбүр болған. 1917 ж. 26 қарашада Қоқанд қаласында мұсылмандардың IV төтенше съезі өтті, онда Россияның құрамында Түркістан Автономиялы – Мұхтариаты құрылғаны жарияланады. Оңтүстік Қазақстанның – Жетісу мен Сырдария облыстары осы Автономияға кірген.
¤кілеттік орган болып Ұлттық Конгресс есептелді. Конгресстің председателі болып Алаш партиясының мүшесі Мұстафа Шоқай (Чокаев) сайланған. Атқарушы өкімет Конгресс тағайындаған Уақытша халық Советі болды, председателі С. Лапин. Уақытша халық советі Уақытша Үкіметті бекітеді. Орын алған мұхтариаттығы алауыздықтарға байланысты ол Қоқандтан кетіп қалады, сондықтан премьер-министр мен Конгресс председателі қызметін атқару беріктіріледі.
  1. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың


дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк жəне несие жүйесінің дамуы.
Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нəтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:
аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік жəне дүниежүзілік рынокқа тартылды; ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;
ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті; тау-кен жəне өңдеу өнеркөсібі дамыды.
Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:
қалалар мен темір жолдар салынды; тауар-ақша қатынастары дамыды;
көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі жəне отырықшы түрлеріне ауыса бастады;
əлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа əлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар жəне т.б.).Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркəсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.

  1. Бесжұлдыз – ең көне символ, сақтар дəуірінен де көп уақыт бұрын болған. Бесжұлдыздың түпкі сематикасы, ішкі мəні екі қолын екі жаққа жіберіп талтайып тұрған адамның бейнесінен кеп шығады. Мұны ғылымда біз

«символ всемогущего человека» дейміз. Адамның керемет қасиетін, артықша қабілетін білдіретін дүние. Бұл он сегіз мың ғаламды жаратқан құдайдың бір мақұлығы, табиғат əлемді билеуші деген мағынаны да білдіреді. Тіпті осы ой Құранда да бар. Жалпы адамзатқа тəн символды кейін масондық, еврейлер өздерінің символы етіп алған. Бертінде пролетарлық диктатура бесжұлдызды басқа таптарға үстемдігі деп белгіледі.Шілікті қорымы Бəйгетөбе обасынан табылды

  1. 1825 жылға дейін Қазақ өлкесінде болашақ декабристер қызмет бабымен болған немесе жер аударылған болатын. Жергілікті ресми мекемелерде қызмет істегендер – Г. Батеньков, А. Жемчужников, М. Муравьев, В. Вольховский, А. Янушкевич.

Декабристер көтерілісінің жеңілуі азаттық қозғалыс өкілдерінің шеткі аймақтармен танысуына себеп болды. 1826 - 1828 жылдары П. Коновницин жəне М. Лаппа Ертіс бекіністерінде айдауда болды. Орынбордағы желтоқсаншылардың жасырын ұйымының мүшесі прапорщик Г. Карелин, Г. Батеньков “Сібір Қазақтарының Жарғысын” дайындауға көмектесті. Жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені С. М. Семенов болды.
Айдауда жүріп, Омбы облыстық басқармасы шешімімен Өскеменде қызмет атқарып, кейін дəрігер болды. Ол саяхатшы - ғалымдар Гумбольдт, Эренберг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, Қазақ елін аралап, жергілікті халықтың өмірімен танысты. Ал М. И. Муравьев - Апостол Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алып, халықты емдеген. Орынбор қаласындағы тұңғыш мұражай тарихы да декабристер есімімен байланысты. Мұражайды экспонаттармен жабдықтауға Жəңгір хан көмектесті. Орал қаласындағы мұражайда Г. С. Карелин есімімен байланысты көрмеліктер бар. Г. С. Карелин Каспий теңізінің солтүстік - шығыс жағалауын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. В. Вольхосвкий 1825 жылы Бұхарға ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, “Кіші жүз руларының картасын” жасады. 1867 жылы Мəскеуде жарық көрген И. Завалишиннің “Батыс Сібірді сипаттау” еңбегінің бір бөлімі қазақтардың өміріне арналған. А. Д. Коровковтың “Іле бекінісіне бару” очеркі қазақ жері мен шексіз даласы туралы жазылған.
1849 жылы М. В. Петрашевский ісі бойынша тұтқындалған жазушы Ф. М. Достоевский “Белинскийдің идеясын” таратқаны үшін Сібірге жер аударылды. Семейде археологиялық ескерткіштер жинаумен айналысып, жергілікті өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлді. Семейде Ш. Уəлихановпен кездесіп, Омбыда басталған таныстық жалғасты.

  1. \Жаңа экономикалық саясаттың нəтижелері: 1)Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2)Өнеркəсіп қалпына келтірілді. 3)Өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді 4)Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. 5)ЖЭС – шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921-1929жж) Бір ескерерлік жайт — ЖЭС-те бізге жақсылык əкелмеді. 1921 жылы күзде Лениннің өзі Арал балықшыларына хат жазып, орталыққа балық алғызды, Тіпті Ақмола, Семей губернияларынан 1921 жылы ашыққан неміс жұмысшыларына астық жөнелтіліп, оларды "таң калдырдық". 1921 жылы Мəскеу Қазақстаннан 1920 жылдың орындалмаған 20 миллион пұт астығын жинауға əрекеттенді. Бұған тек шаруалар ғана емес, осы əрекеттің жөнсіздігін түсінген кейбір Кеңес кызметкерлері де наразылық біддірді. Осыған қарамастан, 1921 жылы мамырда Мəскеу мен Ленинградтан Павлодарға 7 мың жұмысшы жəне 2,5 мың адамнан құралған бірнеше автоколонналар келіп түсті. Астық жоспарын орындату мақсатымен кейбір губернияларға зат айырбасын жасауға əртүрлі тауарлар да жіберілді. Бірақ Кеңес өкіметінен жүрегі шайлығып қалған шаруалар бұған сенбеді жəне ел ашығып жатқанда астығынан айырылғысы келмеді. Сондықтан олар астықты тііггі өнеркəсіп тауарларьша айырбастаудан да бас тартгы. 1921 жылғы 2-шіддеде Лениннің РК(б)П-ның Сібір жəне қазақ бюроларына жіберген телеграммаларында "шешуші шаралар қолданып, базарларды толық жабудан (шаруалар астығын сатгырмау үшін) тайсалмай, кең мөлшерде зорлап алмастыру жүргізіңдер" деп кеңес берді. Осылайша Кеңес өкіметі жоғарыда керсетілген жеңілдіктердің бəрін бірте-бірте жойып, іс жүзінде ескі "соғыс коммунизмі" саясатына қайта көшуге бет алды. Соның бір көрінісі — 1921 жылы 20- қарашадан бастап сұрақтарға жауап берерліктей. Бірақ Қазақстан топырағында бұл саясаттарға ортақ белгілер болғанын, яғни ең əуелі орталықтың мүддесі үшін азық-түлік күшпен экспро-приацияланғанын ашық айтатын уақыт жетті.

  2. Ғұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанып, Қытай жылнамаларында «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді. Жоғары билеушісі «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Ғұн тайпаларында əлеуметтік теңсіздік қалыптасты. Ауқатты отбасылардың немесе үстем тап өкілдерінің қабірлерінен қымбат бағалы заттар көп табылады. Кедей адамдардың қабірлерінде қарапайым жасалған арзан бұйымдар кездеседі, кейбір қабірлерден ешбір зат табылмайды. Ғүндардың билеушісі тобы

ақсүйектер рудың мүддесін қорғап, көсем ретінде бар мəселені шешіп отырды. Шаруашылық-мәдени типінің негізі
- көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас
пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған.
Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған.

  1. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін,халық арасында сауатсыздықты жою қолға алынды.Алдымен ересектер арасында сауатсызықты жою қолға алынды.Ересектер жұмыстан кейін кешкі мектептерде оқып, хат таныды.1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды.Оның мүшелері жер-жерлерде аралап, халықтың арасында сауатсыздықты жоюға үлес қосты.1928 жылы Қазақстанда халықтың 25% -ы ғана сауатты болды,оның ішінде қазақтардың 10 %–ы ғана сауатты саналады.Осы жылдары оқушыларға мектепте білім беру ісінде көптеген қиындықтарға кездесті. Барлық елді мекендерде жаңа мектептер салу, оларды оқулық жəне оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін өте көп қаржы қажет болды.Мұғалімдер саны көбейді.Балаларға міндетті түрде бастауыш білім беру туралы заң шықты. Елде мектеп жасындағы барлық балалар 4 жылдық бастауыш мектепті

бітіруге тиіс болды. Ниет білдіргендер оқуларын жалғастырып, жеті жылдық жəне он жылдық мектепте оқи алатын болды.1931 жылы 15 пен 50 жас аралығындағыларға міндетті түрде оқыту енгізілді.
Бөкейханов,Байтұрсынов,Дулатов,Жұмабаев,Аймауытов,Асфендияров жəне басқалар мектептерге арналған тұңғыш оқулықтар жазды. Қазақстан тарихы оқулығы мен бағдарламасын дайындаған, Санжар.Асфендияров қуғындалып, жазғандары мектепте оқытылуға тиым салынды. Бұндай жағдайды көпшілік алаш қайраткерлерінің өкілдері бастан кешті. Қазақ мектептерінде Мəскеуден шыққан аударма
оқулықтар оқытылды.Елімізге инженерлер, мұғалімдер мен дəрігерлер жəне басқа мамандар өте қажет болды. Сондықтан елімізде осындай мамандар даярлайтын институттар мен техникумдар ашыла бастады. Ұлы Отан соғысы қарсаңында елімізде 20 жоғары оқу орны мен 118 орта арнаулы оқу орны болды. Онда 40 мыңдай адам оқыды.

  1. Орта жүздегі патшалық реформаларға қарсылық. Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс (1825—1836 жылдары) ұл патшалық реформа дəстүрлі билік құрылымдарын бұза отырып, қазақ қоғамындағы бұрынғы қайшылықтарды одан əрі тереңдете түссе, екіншіден, Ресейдің əскери-əкімшілік отарлауына кең түрде жол ашып берді.

Орта жүзде хандық жүйенің жойылуы жəне Қарқаралы (1824 жылы), мен Көкшетау (1824 жылы) округтерінің ашылуы жəне т.б. əскери-əкімшілік шараларға қарсы күресті Абылай ұрпақтары бастады. Бұл толқулардың мақсаты — Абылай ұрпақтары сұлтандар билік жүргізетін Қазақ хандығын қайта орнату, округтік приказдардың көзін құрту еді. 1838 жылы Бөкей ордасындағы көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы Кіші жүзге келген кезде көтеріліс одан əрі өрши түсті.
1838 жылдың ортасына таман шекара шебінен Ор мен Троицкіге дейінгі аралықты көтеріліс оты шарпыды. Көтерілісшілер жаппай Торғай мен Ырғыз аудандарына көше бастады. Ол өз қол астына Ресей өктемдігіне қарсы 3 мыңға жуық сарбаздарды топтастыра алды. аса қуатты Ресей мемлекетімен күресу үшін үш жүздің күшін біріктіру қажет екенін түсінді. Жəне осы жолда тек қарулы күрес қана емес, сонымен қатар дипломатиялық айла-тəсілдерге барды. Мысалы, бетпе-бет соғыстың қиындығын сезіне отырып, Сібір жəне Орынбор əкімшіліктерімен келіссөздер жүргізді. Екіншіден, сыртқы жауға қарсы тұра алатын күшті мемлекет құру үшін жекелеген сұлтандардың, билердің қарсылығын, қазақ қоғамындағы алауыздықты, екі майданға бөлінушілікті жою қажет деп тапты.

  1. Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мəжбүр болды. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс Tүркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл жəне ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Қарлұқ жабғуы Оңтүстік

Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. Қарлұктардың шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады. 812 жылы олар
қарлұқтарды толық женді. Қарлұқтарды куа отырып, ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малын қолға түсіріп, Орталық Азияға қайтып кетті. Осы катаң жеңілістен кейін қарлұқ
жабғуы Моғолиядағы орталығы Өтюкен болған ұйғыр кағанының жоғарғы билігін мойындауға мəжбүр болды. Халықтың басым көпшілігі ата-бабалар дінін ұстанған (тəңірлік, шаман). 940 жылы Шығыстан келген «мəжусилік түріктер» қағандықты құлатты. Қарлұқ Қағандығы кезеңінде Жетісу халықтарының арасында əлеуметтік- экономикалық, этнограф жəне саяси бірлесудің берік негізі қаланды.



  1. Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының

шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама- қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар
еді. Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар
феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын
«қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды. Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді. 1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа – Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ жиыны өткізілді. Оған Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды. Жиында негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Жиынға қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді. 1728 жылдың көктемінде Ұлытау етегінде Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қазақ әскерлерінің жонғарлармен ірі шайқасы болды. Бұл шайқаста қазақ сарбаздары қалмақтарға есенгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айрылды.
Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат жігерінің жемісін көріп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ даласына ілезде тарап кетті. 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен жоңғарлардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс басталды. Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді алып жатты. Оны ғасыр шайқасы деуге болады.

  1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа

бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен
дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен
дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық
корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны
бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең
алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет
басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша
мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет