Күресінің асқар


Шаруашылығы. Қағанаттың шаруашылығының дамуы негізінен екі бағытта жүргендігін байқауға болады. 1



бет2/15
Дата11.05.2023
өлшемі0,63 Mb.
#91866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
bilet 1-30

Шаруашылығы. Қағанаттың шаруашылығының дамуы негізінен екі бағытта жүргендігін байқауға болады.
1. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Əскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті. 1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мəдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркəсіп орындарында, мəселен Спасск заводында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде,
Ембі мұнай кəсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2-ші Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады.
Алаш басшыларының Кеңес үкіметімен жүргізілген келіссөздердің нəтижесіз аяқталуына 1917 ж. күзінде құрылған, жетекшісі Көлбай Тоғысов болған, өздерін “Қырғыз (қазақ) социалистік партиясы” деп атаған “Үш жүз” партиясы да ықпал жасады. Бұл негізінен ұсақ-буржуазиялық социалистік партия еді. Партияның саяси көзқарасы мен практикалық іс-əрекеті 1917 жылдың күзінен 1918 жылдың басына дейін елеулі түрде өзгерді. Əуелгі кезде
«үшжүзшілер» социалист-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, 1918 жылдың қаңтарынан бастап Кеңес үкіметін жер-жерде ұйымдастырып, нығайту ісіне белсенді түрде араласып кетеді. 1918 жылдың бас кезінен-ақ «үшжүзшілер» большевиктермен одақтасып, Алашордаға қарсы күресті.
2Абылай хан (1711- 1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, 1738-1741 жылдары Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мəрте соққы берді. 1741 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. 1743 жылы тұтқыннан босағаннан кейін қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломаттық жолдарды да тиімді пайдалаңды. Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, əсіресе, əскер ішінде қатаң тəртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан əлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған жəне көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, əскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.1771 жылы жасы жеткен Əбілмəмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дəстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Əбілмəмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Əбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Əбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болдыАбылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай əскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дəлізде жерленген. Абылайдың артында 12 əйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Абылай осылайша үш (Ресей, Жоңғар, Қытай) алып мемлекеттердің ортасында дипломатиялық шеберлікпен Қазақ елінің бостандығын сақтай білді.
3. Моғолстан 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай əулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Əмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уəйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уəйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нəтижесінде дулат əмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір əулеті əбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен- бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.

  1. Наймандар – VIIІ ғасырдағы жазба деректерде сегіз тайпа бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауының аралағында өмір сүрген. Монғолияда «найман» сөзі «сегіз тайпа» дегенді білдіреді. ХІІ ғасырдың екінші жартысында Найман мемлекеті құрылды. Орталығы-Балықты қаласы. Тайпалардың басқару жүйесі – хандық билік. Найман ханы- Наркеш Дайын (1160-1203ж.ж) кезіңде мемлекет дами бастайды. Ханның інісі – Инанч-білге өзінің қаділеттілігімен көзге түсті: Халықты өз төнірегіне топтастыра білді, елде өнерді дамытты, халықты күнкөріс- тіршілігіне баулыды, бейбіт өмір салтына үйретті. Сондықтан халық оған Білге хан деген атақ берді. Білге хан дүниеден қайтқаннан кейін оның екі ұлы Бұйрық хан мен Даян хандар арасында билік үшін талас басталады. Хандық екіге бөлінеді: Даян хан – Далалық өлкеде билік етсе, Бұйрық хан- Алтайдың кара Ертісіндегі Орунгу маның мекендейді. Наймандардын əлсіреуін күткен монғол ханы Шынғыс хан, керейіттер ханы Ван шабуыл жасап, Бұйрықты жеңеді. Хан Енисий қырғыздарына қарай қашады. Шынғыс ханның күшейіп келе жатқанынан қорыққан қырғыз, меркіт, найман т.б тайпалар 1201 жылы құрылтай жинайды. Мемлекеттің əлсіреуі: Бұйрық хан – Алтайдың оңтүстігіне жылжиды. Даян – Көксу бастаған əскерін Ван ханға қарсы аттандырады. Мұны естіген монғол ханы 1204 жылы Даян ханға қарсы жорққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісу жеріне қашып кетеді.

Керейіттер-тайпаның аты Керлин (Керулен) өзенінің бойында қоныстанғандықтан керілер деп атаған. Жазба деректерде керілер тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Керейіттер батыс жағында наймандармен көршілес отырған ұйғырлармен тығыз қарым-қатынаста болды. ХІ ғасырдың екінші жартысында керейіт хандығының құрамына: керей, жиркин, қонкай, сақай, тутау, алабат, тунхай, қырқун атты сегіз тайпа кірген. Керей мемлекетінің шарықтау шегі Х –ХІІ ғасырлар аралығын қамтыды.. Монғолдың шежірелеріндегі деректерге қарағанда, керейіттер мен монғолдардың арғы аталары өзара бейбіт қарым –қатынаста болған. Алайда Керей билеушісі Торы мен Шынғыс хан арасындағы достық ұзаққа созылмады. 1202 жылы бұлар өзара жауласып, Шынғыс хан керейіттерді басып алады.
Жалайырлар-монғол шежірелеріндегі жалайыр тайпасының монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендерінің бойында жəне Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүретіндігі айтылады. Жалайыр тайпасы 10 бөліктен тұрды. 1201 жылы Жамұқа Аргун өзенінің бойында құрылтайға шақырып, өзін
«гурхан» жариялап, таққа отырған. Бұл жағдайды естіген Шынғыс хан кереіттер ханы Торымен одақ құрып, Жамұқаны жеңіп, жалайырларды қол астына қаратқан. Мұқылай – ақылды, шешен, батыр. Шынғыс ханның жарайыр тайпасының ішіндігі ең жақын адамы. Хан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін «күй үн чінсан тəйжі» деген атақ беріп, сол қанатының түменің басқартқан.

  1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Əр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды. Патша өкіметі құлатылған соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Большевиктік партияның қатарына С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқұлов, С. Арғыншиев жəне басқала- ры кірді. 1917 жылғы 21–26 шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5–13 (18–26) желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде қазақтың авто- номиясы – Алашорда Үкіметі – Ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол

негізгі 10 бөлімнен тұрады. 1918 жылғы 5 қаңтарда Бүкілресейлік құрылтай жиналысының күшпен таратылуы Алаш автономиясын құру мүмкіншілігіне де зардабын тигізді. Алашорда басшылары мен большевиктер арасын- дағы қайшылық тереңдей түсті. Егер Алаш партиясы, біріккен ұлттық зиялылар большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат əлеуметтік тəжірибені күштеп танушы, қазақ жұртына іріткі салушы күш ретінде қараса, большевик- тер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын төңкеріске қарсы кертартпа күш есебінде қарады.
Сөйтіп, қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекетті қал- пына келтіру ісі – Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тоталитарлық өктемдік пен империялық зорлық- зомбылықтың шабуылына көміліп, тарих қойнауында қала берді.

3.


Шуьбинка-ШҚО- Кейінгі тас ғасырының тұрақтары, өте жақсы өңделген қырғыштар, уақыты 25 мың жыл бұрын Батпақ-Орталық Қазақстан- Кейінгі палеолитке жататын ескерткіштердің ішіндегі ең көрнектісі, мəдени қабаты 6 м, жасы –б.з.б.30-25 м.ж.300-ге таяу тас құрал табылды.
Майбұлақ-Орт Қазақстан- Жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақтар табылды

  1. Азамат соғысы – деп бір мемлекет ішіндегі азаматтардың билік үшін күресін айтамыз. Бұл азамат соғысы уақытша үкімет пен кеңес үкіметін жақтаушылар арасында болды. Ең алдымен 1918 жылы мамырда Чехословак корпусының бүлік шығаруымен басталды. Антанта империалистерінің қолдауымен бұл бүлік ең алдымен Солтүстік-Шығыс Қазақстанда басталып, олар ақ гвардияшылармен бірігіп кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын басып алды.

1918 жылдың аяғына қарай Колчактың басқаруындағы Анненков дивизиясы Жетісу жеріне басып кірді. 1918 жылы 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы жəне солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28–29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Мұнда олар кеңес өкіметін құлатып, коммунистерді, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады. 1920 жылы Түркістанда алғаш рет халықты күштеп мобилизациялай бастады.Жалпы, 1920 жылы майданға жергілікті ұлттардан 19-35 жасқа дейінгі 25000 адам мобилизацияланды.Əскери бөлімдерді кұру барысында Ə. Жангелдин (Қала əскер комиссары), А. Иманов (Торғай əскер комиссары), Б. Қаратаев (атты əскер бригадасының политругі), М. Масанчи, О. Исаев, А. Розыбакиев, А. Оразбаева т.б. көп еңбек сіңірді.

  1. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы. Патша үкіметі Қазақстанда 19 ғ-дың 2-жартысында ашыла бастаған орыс-қазақ мектептерінің алдына “бұратана” халықты ана тілінен, дінінен айыру міндетін қойды. Ресей миссионерлері болса, үкіметтен қазақ арасындағы татар молдаларын білім беру ісінен алшақтатуды талап етті. ХІХ-ХХ ғ.ғ. бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни жəне зайырлы бағытта жүргізілді. 1917 жылы Қазақстан аумағында 100 ге тарта ғана жаңа əдістемелік мектеп бар еді. 1825 жылы Орынборда əскери училищелер ашылды. Кейіннен олар Сібір жəне Неплюев кадет корпусына айналды. Омбы кадет корпусын белгілі қазақ ғалымы –Ш.Уəлиханов бітірді. 1841 жылы Бөкей хандығында Жəңгір хан ның бастамасы бойынша алғашқы қазақ мектебі ашылды. Қазақстанды өнеркəсіптік тұрғыдан игерудің басталуына байланысты сауатты да білімді адамдарға деген сұраныс арта түсті. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда негізінен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия, сондай-ақ исламның негіздері оқытылды. Ал 1857 жылы осындай мектеп Омбыда да ашылды.1861 жылы Троицкіде, басқа да қалаларда орыс- қазақ мектептері ашылды. 1867—1868 жылдардағы əкімшілік реформалары енгізілгеннен кейін жəне қоныс аударып келуші шаруалар қатарының арта түсуіне байланысты зайырлы мектептердің қатары көбейді. Олардағы оқу бағдарламаларын генерал-губернатордың өзі белгілеп, Халық ағарту министрлігімен келісіп алып отырды. Қазақтардың балалары орыс поселкелері мен казак станицалары жанындағы мектептерде тегін немесе азын-аулақ ақы төлеп оқуға құқықты болды. 1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды. 1879 жылы Торғай облысында алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі түңғыш рет ашылды. Ол мектептің ашылуына Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі орасан зор болды.1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық мектептері ашылды. Олар қазақ өлкесінде білім жəне қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы барлық жерде бірдей болыстық орыс мектептері пайда бола бастады. Ал 1891 жылы Торғай, Ақтөбе, Қостанай жəне басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш мектептер ашылды. 1789 жылы Омбыда Азия мектебі ашылды. 1865 жылы қазақ өлкесін шаруашылық тұрғысынан игеру қажеттігінің тууына байлансыт жергілікті əкімшілік алғашқы қазақ мектебін ашты. 1882 жылы Омбыда техникалық училище ашылды, онда Ə.Бөкейханов білім алды.

  2. Олардың негізгі малы – қой, сиыр, жылқы болды. Андрон тайпалары тұңғыш рет қысты күні малды қолда ұстау дəстүрін енгізді. Тұрғын үйлерге жалғастыра мал қоралары салынған. Олар қос өркешті-бактриан

түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартасқа салынған. Андрондықтар мал өсірудің жаңа тəсілдерін қарастыра бастады. Осыған байланысты мал өсірудің жайлаулық тəсілі, яғни жартылай көшпелі мал шаруашылығы дүниеге келді. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы деп –қыста-қыстауға, көктемде-көктеуге, жазда-жайлауға, күзде- күзеуге көшіп-қонып отыратын мал шаруашылығының түрін айтамыз. Көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығына байланысты малдың құрамы өзгерді. Ірі қара азайып, ал жылқы мен қойдың саны көбейді. Олар негізінен бидай, қарабидай жəне тары өсірді. Бұған дəлел ретінде елді мекендерді қазып зерттеген кезде табылған қыстырма орақтар мен ішінде тарыдан жасалған күйген ботқасы бар қыш ыдыстарды келтіруге болады. Олар жерді басына тас немесе мүйіз орнатылған тесемен қопсытып, өңдеді. Сондықтан мұндай кəсіп «теселі егіншілік» деп аталды. Қола дəуірінде мол өнімнің белгісі болып саналған ең маңызды мейрам - алғаш жерге соқа салу рəсімі болды. Мұндай жағдайда алғаш соқа салу құрметі патшаға берілген. Олар астықты орақпен орды. Сондай-ақ, қысқа арнап малға пішенді де орақпен орып дайындады. Қола дəуірінің соңына қарай қола жəне мыс орақтар кеңінен пайдаланылды. Олар Шығыс Қазақстандағы Мало-Красноярка, Батыс Қазақстандағы Алексеев, Солтүстік Қазақстандағы Степняк қонысында жəне Жетісу жерінен табылған. Көкшетау жерінде зерттелген
Шағалалы қонысынан қола шалғы табылды. Саз балшықты ыдыс жасауға пайдалану Андрон мəдениетінің ең негізгі сипаты еді. Тарақ тəрізді немесе тегіс қалыппен өрнектеліп жасалған қыш ыдыстар арнаулы пештерде күйдірілген. Ыдыстар əр алуан пішінде жасалған. Қола дəуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі
– көзе құмыралар жасау өнері.

  1. Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен жəне қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа əрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.

Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркəсібін ұсақ жəне орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.
1928–1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы: республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы,1930 жылы сəуірде 56,4%-ы,1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды.Ауыл шаруашылық өнімдерін жəне малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931–1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауда- нының халқына 297000 малға салық салынды,. Торғайдағы 1 млн. малдың 98 мыңы ғана қалды.Кулактарды жою ісі қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей шаруаларға да зорлық жасады. Күштеп үйымдастыру салдарынан 1931-1932 жж. аштық кеңінен етек алды.

  1. Қозғалыстың басты мақсаты: – Хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын біршама жақсарту, жер мəселелеріндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.

Жəңгір хан Орынбор губернаторынан Исатай Тайманов пен Махаммбет Өтемісов жəне олардың кейбір серіктерін бұқараны ресми тəртіп пен патша үкіметінің даладағы саясатына қарсы «бүлікшілікке бастаушылар» етіп көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шаралар қолдануды сұрайды. 1836 ж. 17 наруызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазады: Исатай мен Махамбет «халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар старшындар Қарабекен мен Жоланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды ұстап алып хан ордасына жеткізуге əмір етемін».
Азаттық қозғалысының бастапқы кезеңіне тəн белгілері: Халық хан билігіне ру басшыларына күрт наразылық білдіріп, оларды орындарынан алуды талап етті, екіншіден хан жəне бай сұлтандардың саясатына қарсы бағытталған қозғалысқа жаңадан ауылдарды тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді, қарулы жасақтар құрылып жатты. Сонымен қатар сұлтандар, билердің ауылдарына шабуыл жасалып, малдарын тартып алып, қоныстарын талқандау жиілей түсті. Көптеген ауылдар Исатай мен Махамбетті қолдап, Исатайдың қол астына келеді. Исатай мен Махамбеттің серіктері, көтеріліс басшылары: Сарт Еділұлы, Тінəлі Тайсойғанұлы, Иса Төлегенұлы, Имантай Қондыбайұлы т.б. ерлікпен күресті. Жəңгір ханның қарулы топтары Исатай туы астына топталған старшындардың ауылдарын жиі тонады. Бұл жағдай Орынбор генерал-губернаторы атына Исатай Тайманұлы Иманбай Қалдыбайұлы, Досхан Дағанбекұлы, Елжан Тұманбекұлы т.б. белгілі старшындар қол қойған шағымның түсуіне себепші болды. Тарихи маңызы: Хан сарайындағылардың іс-əрекетіне біршама шек койылды. Хан билігінің əлсірегенің көрсетті. Патша үкіметіне көтерілісті қолдаған старшындармен санасуына тура келді.Хандық билеу жүйесінің жойылатындығын көрсетті. Сипаты жағынан ұлт-азаттық бұл тартыс – отаршылдыққа жəне əлеуметтік езгіге қарсы бағытталды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет