АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Жаратылыстану және география институты Бiлiм беру сапасын бағалаудың жаңа жүйесi
Тексерген: п.ғ.к., доцент Карбаева Ш.Ш. Орындаған:Үсенбаева Айтолқын Алматы, 2023 Семинар 5 Пән: Географиялық білім беру мазмұнын жобалау және жаңарту үлгілері 7М01515 - География Тапсырма
5- тапсырма 1.Бiлiм беру сапасын бағалаудың жаңа жүйесi
Оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс..
Критериалды бағалау
Бағалау критерийлері– оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі
Дескриптор – оқушының критерийлер бойынша ең жоғары жетістіктерге жету қадамдарын көрсетеді
Құралдары
Рубрикатор – оқушының білімін бағалауға арналған критерийлер жиынтығы
.
Критериалды бағалау
Критериалды бағалаудың мақсаты
Бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну
Критериалды бағалаудың міндеттері
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
- оқушыларға олардың оқу сапасы туралы;
- мұғалімдерге оқушылардың ілгерілеуі туралы;
- ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы
ақпараттар ұсыну;
5. Оқу нәтижелеріне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы рефлексия, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі
Жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
Оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
Бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады;
Өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі;
Оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академиясының «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері» әдістемелік құралында қазіргі бағалау жүйесінің атқаратын қызметтерін айқындаған:
Біріншіден, оның оқу табыстылығына және оқу орнын бітіруіне сәйкес мемлекеттік өлшеммен бекітілген нақты білім алушының жетістіктерін тіркейді. Екіншіден, жеке оқушының, мектеп сыныптарының үлгерімін, олардың дайындық деңгейлері мен мұғалім жұмысының сапасын әкімшілік бағалау.
Оқыту процесіне барлық қатысушылардың арасындағы мазмұндық байланыстардың, оқушылардың мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық рефлексиясының негізгі сәттерін қамтиды. Бағалау білім беру процесіндегі нақты сыныптарда жағдайдың дұрыстығы, жеке оқушылардың амандығын ойлауға мүмкіндік береді.
Оқушылар қызметін ынталандырумен байланысты, бұл қосымша анықтауларды қажет етпейді. Бағалау жүйесіне қойылатын талаптар.