Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі «Бағалау» терминінің өзі «жақын отыру» дегенді білдіреді. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Ал, бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді (оқушылар бірін - бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.
Критериалды бағалаудың екі түрі бар - жиынтық және қалыптастырушы.
Жиынтық бағалау ( суммативті)-оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қортындыларын шығару.
Қалыптастырушы (формативті) бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.
Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
• Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
• Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
• Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
• Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
• Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
• Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
• Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
• Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
• Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
• Сабақ берудің сапасын арттыруға;
• Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
• Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
• Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
• Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
• Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
• Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
• Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
• Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
• Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
• Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
• Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
• Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
• Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.
Критерийдің мазмұны:
Бағалау критерийлері – оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Дескриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі
Қорыта айтқанда А.Байтұрсынов ағамыз былай деген екен: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы...» демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі - ұстаз. Сол себепті бағалаудың түрлерін тиімді пайдаланып, оқушыларды терең біліммен қаруландырып отырсақ, болашақта мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары деңгейге көтерілетініне, тәуелсіз еліміздің болашағы баянды болатынына сенімім мол.
Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді.Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс - әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады.
Формативті бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Формативті бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы мен жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Фишкалар тарату
- Қол шапалақтау немесе мадақтау;
- Стикерге бағалау;
- " 2 жұлдыз, 1 тілек";
- "Мақсат ағашы" арқылы бағалау;
- Өзін - өзі бағалау;
- Жұпта бірін -бірі бағалау;
- Топта бірін - бірі бағалау.
- "Сұқ саусақ" белгісі арқылы бағалау;
- «Алақан» белгісі арқылы бағалау
Фишкалар немесе фигуралар (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш) арқылы оқушылардың берген жауаптарын бағаладым. 5-6 сынып оқушыларының арасында фишка алуға қызығуышылықтары жоғары болды. Фишкаларды алған оқушылар бір-бірімен салыстырып, бір-біріне жеткісі келіп, бәсекелестік пайда болды.Қызыл (3-ұпай)және сары (4ұпай) фишкаларды алып қалған оқушылар жасыл (5-ұпай) фишканы алғысы келіп, тырысатыны байқалды, дегенмен де қызыл фишкаға да қол жетіп қуанған оқушылар да болды.Формативті бағалау кезінде бұрыңғыдай неге маған осы баға, оған ана баға деген оқушы болмады, сабақ соңында оқушылар өздерінің қаншаға жауап бергендерін біліп, бағаларын айтып шығып, «Табыс баспалдағы», «Алақан» тренингісі арқылы керібайланыс жасап, өздерінің білім дәрежелерінің қай деңгейде екенін ұялмастан айтып, келешекте неге көңіл бөлу керек екенін түсінді. Ал топ мүшелерінің фишкаларын біріктіріп есептеп, көшбасшы болған топты анықтауға ыңғайлы болды. «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалауы топтар арасында постер жасап, қорғаған кездегі топтардың жасаған жұмыстарының сапалылығына, мәтіндерінің дұрыс құрастырылғанына көңіл аударып, кемшіліктерін таба білуге үйретеді.
Бас кезінде формативті бағалау бойынша өздерін бағалау қиындау болды. Бір - біріне жалтақтап, сенімсіз танытты. Бір- бірін бағалаған уақытта бір - біріне сенімсіздік танытып, ренжігендерін де байқадым. Сондықтан мен қандай да бір жұмысты бағаламас бұрын оқушылармен бірлесіп, бағалау критерийін құрастырған соң, әділ баға қойылатын болды. Осы кезден бастап, бағалау критерийінің оқушылар үшін маңызды екенін түсіндім.
Бағалау критерийі - дегеніміз ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесінің негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары
(әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды. ( Глоссарий)
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынаста болу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай ойластырылған.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
анық, айқындылығы;
бағаның әділдігі;
өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады .Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастырады.
Бағалау критерийі қазақ тілі мен қазақ әдетиеті сабағында мәтінмен жұмыс, диктант, мазмұндама, мәнерлеп оқу, тест, шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде өте ыңғайлы.Мысалы: Жаңа сөздермен танысқан уақытта екі минут оқып, естеріне сақтап қалған сөздерді бір - біріне жатқа айтып, содан соң сөздік дәптерге жатқа жазу,
барлық сөз түгел, қатесіз, әдемі, таза жазылса - 5 ұпай
Бір сөз жетіспесе,1-түзету енгізілсе, әдемі, таза жазылса - 4 ұпай
бірінің дәптерлерін тексеріп, баға қойып, қойған бағасын не үшін қойғанын айтып беріп отырды. Бұл жұмыста оқушылар есте сақтау қабілетін дамытуға, сауатты жазуға , тексерген уақытта мұқият болуға, бір –бірін адал бағалауға үйренді.
Ауызша мәтінмен топта жұмыс жасаған кездегі бағалау критерийі:
- Мәтінді толық орыс тіліне аудару-5 ұпай
- Мәтіннен ең басты (ключевые) сөзді табу – 5 ұпай
- Дұрыс нақты жоспар құру – 5 ұпай
- Мәтін бойынша сұрақтар дайындау – 4 ұпай
Бұр критерийлер бойынша оқушылар топ ішінде өздеріне тиісті жұмысты бөлісіп алып, тиісті берілген бір уақыт ішінде орындауға үйренеді.
Жазба жұмыстарды (диктант) орындаудағы бағалау критерийі.
Еш қатесі жоқ, жазуы анық, таза жазылған, азат жол сақталған, түзету жоқ-10 ұпай
Тазалығы талапқа сай, оқушының екі түзетуі бар, тыныс белгіден 2 қате жіберілсе-5 ұпай
Тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының
3 түзетуі бар. Емледен 7, тыныс белгіден 5 қате жіберген - 3 ұпай
Қойылған талаптарды орындай алмады - 0
Грамматикалық тапсырманы орындаудағы бағалау критерийі
Оқушы жұмысты орындады. Талдау жүйесін сақтады, қатесіз орындады және жазуды дұрыс рәсімдеді -5 ұпай
Оқушы жұмысты орындады, Жүйелі талдау жасады, бірақ сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберді – 3 ұпай
Оқушы жұмысты орындады, бірақ , талдау ретін бұзды. Сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберген жоқ – 2 ұпай
Қойылған талапты орындай алмады - 0
15 ұпай - «5»
8 ұпай - «4»
5 ұпай - «3»
Бұл критерийлерге сүйене отырып, оқушылар сауатты, жазуға үйренеді. Кей кезде осы берілген критерийлерге қарап отырып, дәптерлерін тапсырмас бұрын өздерінің қателерін байқап «а, менің бағам «4»немесе «3» болады» - деп, кейбір балалар өздеріне алдын ала баға беріп жатады. Ол дегеніміз, яғни, оқушылар өздерінің жіберген қателерін, түзетулерін байқап үйренгендерін байқауға болады. Дәстүрлі бағалау кезіне «Маған неге «3», менің қатем аз ғой» - деген келіспеушіліктер болатын.
Сабақ соңында кері байланыстардан «Табыс баспалдағы», «Алақан», «Бағдаршам», «Сөйлемді аяқтау» түрлерін орыс тілінде аламын.
«Сөйлемді аяқтау»сабақ соңындағы керібайланыс
сегодня я узнал ______ было интересно ______ было трудно _____ я выполнял задании_____ я понял, что_____ теперь я мог_____ я почувствовал, что______
я приобрел______ я научился______ у меня получилось______ я смог_____
я попробую_____ меня удивило_____ урок дал мне для жизни______
Алгаритм самооценки
Удалось выполнить задание? (учимся сравнивать результат с целю)
Задание выполнено верно или не совсем? (учимся находить и признавать ошибки)
Выполнил самостоятельно или с чьей-то помощю? (учимся оценивать процесс)
Мен бұл керібайланыстарды орыс тілінде жүргізетін себебім, басқа ұлтты оқушылар қазақ тілінде әлі де болса өз ойларын жетік жеткізе алмайды сондықтанда ойлардың ойларын, сабақ барысында оларда қандай қиындықтар туғанын білу үшін орыс тілінде аламын.
Жыл бойы қолданған бағалау критерийі бойынша мынадай нәтиже көре алдым: бір –бірін, жұпты, топты шынайы бағалай алды, бір – біріне деген сыйластық пен сенімділік орнады, өздерін еркін сезінетін болды, қателіктерін көре білді және оны өз уақытында түзетудің жолдарын іздеп өз бетінше жоюды үйренді. Осының нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, белсенділіктері жоғарыланды..
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
оқушылардың білім сапасын арттырады;
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі
Қорыта айтқанда А.Байтұрсынов ағамыз былай деген екен: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы...» демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі - ұстаз. Сол себепті бағалаудың түрлерін тиімді пайдаланып, оқушыларды терең біліммен қаруландырып отырсақ, болашақта мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары деңгейге көтерілетініне, тәуелсіз еліміздің болашағы баянды болатынына сенімім мол.
Қолданылған әдебиеттер:
1.«Солтүстік Қазақстан» газеті 2014ж, №7,1-2 бет
2. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», ІІ деңгей
3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»Дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы
4. «Критериалдық жүйедегі қалыптастырушы бағалау»mukataeva_g@ukk.nis.edu.kz