Сабақтың тақырыбы:
|
Критериалды бағалаудың тиімділігі
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
|
Жалпы мақсаттары:
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау теориясын сабақта қолдануға үйрету, критериалды бағалаудың тіміділігін көрсету.
|
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:
|
Мұалімдер критериалды бағалаудың тиімді әдіс–тәсілдерін меңгеріп,оларды сабақ барысында тиімді пайдаланады.
|
Пайдаланған әдіс тәсілдер
|
1.Тренинг 2. Топтық жұмыс
3. Жеке жұмыс 4. Кері байланыс
|
Қажетті құралдар
|
Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер
|
Коучинг сессия өткізу кезеңі
|
Уа- ты
|
Коучтың іс-әрекеті
|
Мүғалімдердің іс-әрекеті
|
Психологиялық ахуал
Тренинг
|
3 мин
|
Мұғалімдермен амандасу.
Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Ортаға шығып, бір-бірлеріңіздің арқаларыңызға жабыстырған ақ қағазға тілек жазасыздар
|
Музыкамен билеп жүріп арқаларындағы қағазға тілек жазады.
|
Топқа бөлу
1-топ «Формативті»
2-топ «Суммативті»
|
1 мин
|
Суреттер арқылы топқа бөлу (формативті смайликтер салынған сурет, суммативті 4,5,3 сандардың суреті)
|
Мұғалімдер суреттер арқылы екі топқа бөлінеді.
|
Білу
|
4 мин
|
Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. Интертақта арқылы қосымша мәлімет көрсетемін.
Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе-оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.
Критериалды бағалаудың екі түрі бар - жиынтық және қалыптастырушы.
Жиынтық бағалау-оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қортындыларын шығару.
Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамассыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.
|
Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесімен танысады.
Өздеріне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады.
Өздеріне белгілі мәліметтерімен топта талқылап отырады
|
Түсіну
|
8 мин
|
Екі топқа бір бір оқулық беремін
Қадағалаймын
,
|
Мұғалімдер сол оқулықтан тапсырма дайындайды, сол тапсырма бойынша бағалау критерийн жазады да, тапсырманы қарсы топқа береді.
Екі топ та берілген тапсырмаларды орындайды. Бағалау критерийлері арқылы бір-бірінің тапсырмаларын бағалайды.
|
Жеке жұмыс
|
5 мин
|
Мұғалімдерге А4 парағын тарату
Тапсырма, аттың суретін салу
Бағалау критерийлерін жазу.
Суреттің параққа орналасуы
Суретті ұқсата білу
Сыни ойдың болуы
|
Берілген тапсырма бойынша, бағалау критерийлеріне сүйене отырып сурет салады
|
|