«Критериалды бағалау технологиясы» Қорытынды аттестаттау сұрақтары Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны. «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»



бет7/7
Дата17.09.2022
өлшемі32,28 Kb.
#39339
1   2   3   4   5   6   7
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды
құрастыру
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бірнеше
сыныптардың бір параллеліне арналған тест спецификациясына және балл
қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалау жұмысының түрлері
бірнешеу болады: тест тапсырмалары, сынақтар, бақылау жұмыстары,
диктант түрлері, мазмұндама, эссе және т.б. Тест спецификациясы жиынтық
бағалаудың негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі
болып табылады.
Әр пән және сынып бойынша тест спецификациясы келесі
ақпараттардан тұрады:
 тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
 бағалау критерийлеріне шолу;
 тоқсанның жиынтық бағалауына шолу:
- тапсырмаларды орындаудың ұзақтығы;
- тапсырманың құрылымы;
- әр жұмысқа қойылатын балл саны;
- балды сұрақтардың түрлеріне қарай бөлу.
 тапсырмалар үлгілері;
 балл қою кестелерінің үлгілері;
 тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережелері.
9.Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл қою.
Сипаты
Әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балы
Жинақталған балдар саны мен оқу жетістігі деңгейлері (жоғары, орта, төмен)
Тоқсандық жиынтық бағалаудың балы
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес жинақталған балдар саны
Тоқсандық баға
Балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес белгілі пайыздық арақатынастағы барлық тоқсандық жиынтық бағалаулардың балл саны. Білім алушылар тоқсандық бағаны 50% бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша жинайды
Жылдық баға
Барлық тоқсандардағы максималды мүмкін балдарға қатысты жинақталған балдар санының пайыздық арақатынасы балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес
Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері 1-ден 5-ке дейінгі бірыңғай балды бағаға ауыстыру шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың ашықтығын, салыстырымдылығын, білім беру үдерісіне қатысушылардың бірдей түсінігін қамтамасыз етеді (8-кесте).
8-кесте. Балды бағаға ауыстыру шәкілі
Балдың пайыздық мазмұны
Баға көрсеткіші
Баға
0
Бағаланбады
«1»
1%-20%
Қанағаттанғысыз
«2»
21%-50%
Қанағаттанарлық
«3»
51%-80%
Жақсы
«4»
81%-100%
Өте жақсы
«5»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет