«Критериалды бағалау технологиясы» Қорытынды аттестаттау сұрақтары Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны. «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»



бет4/7
Дата17.09.2022
өлшемі32,28 Kb.
#39339
1   2   3   4   5   6   7
9. «Конверттегі сұрақ». Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаңыз және оқу мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз. Конвертті оқушыларға таратып 2 минут уақыт беріңіз: оқушы стикерде өз атын, сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды
10. «Пікір алмасу» (Showdown). Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.
6.Кері байланыс оқытудың тиімділігін арттыру негіздері.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Кері байланыс дегеніміз не? Бұл қазіргі кезде білім саласындағы өзекті мәселе болып тұр. Кері байланыс – мақсатқа жетелейтін нақты әрекет, ситуация, талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үдерісі. Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады. Оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы, оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.
Дәстүрлі сабақтарда біз үнемі кері байланыс жүргізіп келдік. Сабақтың соңында немесе жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң біз балаларға төмендегідей сұрақ қоятынбыз:



  • бүгінгі тақырыпты түсіндіңдер ме?

  • Кім түсінбеді?

  • Кімнің сұрақтары бар?

Бұл, әрине, ауызша кері байланысқа жатады. Алайда, осындай кері байланыс тиімді болды ма? Оқушылар не деп жауап беруші еді? Түсіндік, сұрақ жоқ деген бірсарынды жауап алатынбыз.
Қазіргі тәжірибеде мұғалімдер кері байланыс парақшасын таратып, оны толтыртып, қайтадан жинап алады да, мен кері байланыс ұйымдастырдым дейді. Бұл кері байланыс не мақсатпен алынды? Одан әрі қарай не істеу керек? Ондағы сұрақтар мен оқушылардың жауаптарын талдай келіп, кері байланыс тиімді болды деп айтуға бола ма? Кері байланыс арқылы оқушы оқу мақсатына жете алды ма? Тақырыпты түсінгенін тәжірибеде қолдана алды ма? Түсінбеген жағдайда не үшін түсінбеді? Түсіну үшін не істеу керек? Оқушының сабақта көңіл күйі қандай болды? Міне, осындай сұрақтарды мұғалім өзіне қоя отырып, оқушының берген жауаптары арқылы өзінің іс әрекетін бағалайды. Қолданған әдістерінің тиімділігі туралы ойланып, келесі сабақты жоспарлауда осы кемшіліктерді болдырмауға тырысады .Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет