Тоқсандық жиынтық бағалау жиынтық бағалаудың əдістемелік ұсынысында берілген үлгідегі балл қою кестесіне немесе тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сəйкес құрастырылады. Аталған кестеге сəйкес мұғалімдер баллдарды қояды.
Мұғалім əр жауапқа қойылған баллдардың, нəтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізуі тиіс.
Бағалау нəтижелерін мұғалім, білім алушының оқудағы ілгерілеуін бағамдау үшін қолдануына болады. Ол үшін мұғалім нəтижелерді, кері байланысты білім алушыны оқуға ынталандыратындай түсінікті етіп, өзінің нəтижесі бойынша ойлануына мүмкіндік беру қажет.
Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нəтижелерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын қаншалықты тиімді меңгергенін, қандай дағдыларды игергенін талдау үшін қолдануына болады. Сонымен бірге мұғалім үшін аталған ақпараттың келешекте қалыптастырушы бағалау кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін. [9,19].
Жиынтық бағалау жұмысын дəптерге, параққа, жоба түрінде, физикалық жаттығулар жəне т.б. əзірлемелер түрінде орындауға болады.
Тілдік пəндер бойынша сөйлеу дағдыларын жиынтық бағалау тоқсанына екі рет өткізіледі: біріншісі бөлім үшін жиынтық бағалау жəне тоқсанға арналған жиынтық бағалау.
Сөйлеу дағдыларын жиынтық бағалауды жиынтық бағалау жоспарланған апта бойына сабақ барысында өткізуге болады.
Білім алушы себепті жағдаймен бағалауға қатыса алмаса, жиынтық бағалаудың қосымша тапсырмалар нұсқасын қолдану арқылы бағалау жүргізіледі.
Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау
Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нəтижелерін талқылауы үшін модерация белгілеген. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің ішінен комиссия құрылады. Олар белгілі бір пəн бойынша балл қою кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы əдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пəн мұғалімі бола алады.
Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нəтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу мен модерация өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен аспауы керек. Модерация отырысы үшін мұғалім тексерілген жиынтық жұмыстардың ішінен: жоғары жəне төмен балл қойылған, сондай- ақ, бағалау қиындық туғызған тек 3 жұмысты іріктеп алады. Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген білім алушының аты- жөнін жұмысты қарастырған кезде қай білім алушының жұмысы екенін білмеу үшін жасырын белгі (шифрлау/құпия сөз) қою ұсынылады. Отырыс кезінде ұсынылған жұмыстар балл қою кестесіне сəйкес қарастырылады. Осылайша, төмендегідей жағдайларды анықтауға болады:
дұрыс жауап есептелмеген, сол сияқты балл қою кестесінде де көрсетілмеген;
жауап синонимдес басқа сөзбен берілген, ал ол жауап балл қою кестесінде көрсетілмеген;
балл қою кестесінде қателіктер жіберілген;
жалпы балл саны дұрыс есептелмеген жəне т.б.. Мұғалімдердің модерация кезіндегі əрекеті
Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тəртіппен жүргізіледі.
Мұғаліммодерацияғадейін:
білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сəйкес бағалайды. Баллдар қарындашпен қойылады;
жиынтық бағалау жұмысы үлгілерін (максималды, минималды баллдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды) іріктеп алады;
жеке мəліметтерді шифрлейді, білім алушылардың жұмыстарының көшірмелерін дайындайды.
Модерациякезінде:
жұмыс қорытындысын ұжымда талқылайды, барлық баллдардың балл қою кестесіне сəйкес қойылғанына көз жеткізеді;
қажет болған жағдайда нəтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді;
отырыс хаттамасына қол қояды.
Модерацияданкейін:
модерацияны ескере отырып, білім алушылардың жұмыстарын қайта қарайды, жоғарылату немесе төмендету жағына қарай баллдарды өзгертуі де мүмкін;
соңғы нақты балл қаламмен қойылады;
соңғы нақты баллды электрондық журналға қояды.
Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мəдениеті, ашық жəне анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс жəне ұжымдағы кəсіби қолдау болып табылады.
ЖБ модерациялау бойынша хаттама үлгісін (13 кестеден) қарауға болады.
кесте. ЖБ модерациялау бойынша хаттама үлгісі