пəндік терминдер мен ұғымдар бойынша терең білімін жəне түсінігін көрсетеді;
қиын тапсырмаларды орындайды жəне кең өрістегі жағдайларда білімін сəтті қолданады;
əр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жалпылайды жəне толық негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нəтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтерді келтіре алады;
қиын тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің баламалы жəне стандартты емес жолдарын ұсынады жəне қолданады;
тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді, əр түрлі стратегияларды қолданады, алынған нəтижелердің маңыздылығын жəне негізділігін бағалайды.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың нəтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан əрі оқуға
ынталандыруы қажет. Кері байланыс білім алушылардың оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек.
Аталған ақпарат рубрика түрінде беріледі.
Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың əр рəсімі үшін құрастырылады, ол əр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді. Жиынтық бағалаудың əдістемелік ұсынысының бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілерінде құрастырылған рубрикалар көрсетілген.
Білім алушыларды бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нəтижелерімен таныстыру кезінде білім алушылардың жұмыстары, олардың рубрикада белгіленген оқу жетістігі деңгейлерін қоса ұсыну қажет. Рубрикалар үлгілері (8-суретте) берілген.
Рубрика əр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рəсімдеріне құрастырылады, əр критерий аясындағы оқу жетістігінің деңгейлерін көрсетеді. 8-суретте көрсетілгендей, мұғалім рубрикада орташа деңгейді сипаттап жазу кезінде тапсырмадағы білім алушы қателік жіберген нақты сол элементті атап көрсетуі қажет.
Жиынтық бағалау бойынша əдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілеріне рубрикалар құрастырылып, ұсынылған.