Əр түрлі деңгейлік тапсырмалар – білім алушылардың қабілеттерін ескере отырып, саралап оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын күрделілігі əр түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс əрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
Бағалау – оқушының оқу жəне танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу жəне интерпретациялау процесі.
Бағалаунəтижелерінтіркейтінэлектрондықжурнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нəтижелерін тіркейтін жəне тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды формула бойынша автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.
Баллқоюкестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, əріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды
символ.
Білімалушыныңоқужетістігідеңгейі – бағалау критерийлеріне сəйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
Дескрипторлар – əрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды жəне белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.
Диагностикалықбағалау – оқушының білімінің, іс-əрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау.
Жиынтық бағалау (оқуды бағалау)- оқытудың нəтижелерін жіктеу, сертификаттау жəне тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару. Жиынтық бағалау оқу циклдері мен сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының белгілі бір кезеңдегі дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады, біртұтас бағалау критерийлері негізінде іске асырылады.
Жиынтықжұмыс – белгілі бір оқу кезеңінде пəн бойынша оқу жетістігі деңгейін анықтауға негізделген білім алушының жұмысы.