Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың ерекшеліктері
|
|
Оқу үшін бағалау
|
Оқуды бағалау
|
Үдеріс
|
Оқу
қалыптастыру
|
Өлшеу
|
Қатысушылар
|
Оқушылар,
мұғалімдер
|
Оқушы/
ата-аналар/қоғам
|
Сипаты
|
Сипаттамалық
|
Таңбалық
(2,3,4,5)
|
Уақыты
|
Күнделікті
|
Нақты, мерзімді
|
нəтиже
|
Үйрету, даму
|
Қорытынды шешім
|
Критериалды бағалау жүйесі шеңберінде бағалау 2 түрге бөлінеді: қалыптастырушы бағалау; жиынтық бағалау (бөлім, тоқсан, оқу жылының қорытындысы бойынша).
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мəліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы жəне жиынтық бағалау. Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рəсімдерінен тұрады.
Бағалау тəсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пəн мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нəтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау бағалаудың əртүрлі формада (ауызша сауалнама, жазба жұмысы, тəжірибелік жұмыс, зертханалық жұмыс, жоба, тест жəне т. б.) жүзеге асырылады жəне жиынтық бағалау өткізгенге дейін мұғалім мен білім алушыға оқу үдерісін түзетуге, ықтимал болатын кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Тоқсан бойы жүргізіледі.
Қалыптастырушы бағалауда жұмысты ұйымдастырудың білім алушыға оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттарына жету үшін көмек беруге мүмкіндік беретін жеке, жұптық жəне топтық формалары пайдаланылады.
Қалыптастырушы бағалау нəтижесінде мұғалімдер оқу процесін түзетеді, жиынтық бағалауды өткізгенге дейін білім алушылардың ықтимал кемшіліктерін жояды.
Қалыптастырушы бағалауда білім алушылар пəндер бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сəйкес оқыту мақсаттарына жетеді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мұғалімдер үшін əзірленген Жиынтық бағалау бойынша əдістемелік ұсынымдар бөлім/ортақ тақырып, тоқсан бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің тəсілдемелерін көрсетеді. Құжат мынадай ақпараттарды қамтиды:
бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын əзірлеу бойынша ұсыныстар;
бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың дескрипторлары мен баллдары бар тапсырмалар үлгілері;
тапсырмаларды əзірлеу жəне процедураны өткізу үшін тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы;
тапсырмалардың балл қою кестелерімен қоса тоқсандық бағалау тапсырмаларының үлгілері.
Бөлім/ортақ тақырып жəне тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың нəтижелері болмаған жағдайда тоқсандық жəне жылдық қорытынды баға қойылмайды. Бұл жағдайда білім алушы уақытша бағаланбаған болып есептеледі.
Үлгерім бойынша есеп беру кезінде уақытша бағаланбаған білім алушылар ескерілмейді, олардың үлгерімі бойынша есеп қосымша беріледі.
Баллдарды бағаға ауыстыру шкаласына сəйкес білім алушылардың жиынтық бағалау бойынша балл түріндегі нəтижелері тоқсандық жəне жылдық бағаға ауыстырылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нəтижелері туралы ақпарат білім алушылар мен ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне қағаз немесе электрондық түрде ұсынылады.
сыныпта бірінші жартыжылдықтың оқу материалын меңгеру деңгейіне жиынтық бағалау жұмысы жүргізілмейді. Тоқсандық бағалар тек 3-ші,4- тоқсандарда қойылады.
Электрондық журналдың формасы білім алушылардың тоқсандар бойы (бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалаудың баллдары) жетістіктерін енгізетін кесте түрінде берілген, сонымен қатар баллдарды бағаларға ауыстыру (тек тоқсанның жəне оқу жылының қорытындысы бойынша) шкаласына сəйкес бағаларды автоматты түрде есептеу жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |