Критериалды бағалау технологиясы


ІІ БӨЛІМ. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУДІҢ ТƏРТІБІ



бет11/75
Дата23.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#75741
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75
Байланысты:
Республикасы

ІІ БӨЛІМ. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУДІҢ ТƏРТІБІ





    1. Қалыптастырушы бағалаудың пайда болуы

«Білім беру бағдарламасын тұрақты жетілдіруде өзіндік орны бар» бағамдау үдерісін сипаттау үшін «қалыптастырушы» деген терминді алғашқы болып Майкл Скривен қолданған деген факті кең тараған. Cондай-ақ, ол бағамдау «мектеп басшыларына бірыңғай білім беру бағдарламасын əзірлеп, бағамдау үдерісін өзінің бастапқы рөлінде қолдану арқылы оны қайта қарай отырып, мектеп жүйесі жұмсайтын шығындарды ақтау мақсатында басқа баламалармен салыстырғанда айтарлық тайартық шылығы бар ма екені туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді» деп атап көрсетті.
Бағамдауды жіктеу үшін «қалыптастырушы», «жинақтаушы» терминдерін ұсынды.


Бенджамин Блум өзінің əріптестерімен бірге кейінгі жұмыстарында «қалыптастырушы бағамдау» терминін қолдануды жалғастырды, ал Ұлыбританияда жоғары оқу орындарында«негізгі бағалаудың алдындағы кез келген бағалауды» сипаттау үшін «қалыптастырушы бағалау» термині қолданылды. Екі жыл өткеннен кейін Бенджамин Блум (1969, 48-б.) мектеп тестілеріне дəл осындай айырманы қолданды: оқыту-оқу үдерісінің əрбір сатысында кері байланыс ұсынып, түзетіп отыру
мақсатында «қалыптастырушы бағамдауды» қолдану мүлде өзгеше.(1- қосымша) Қалыптастырушы бағамдау - оқу үдерісінде мұғалімдер мен оқушылар көмек ретінде қолданатын қысқа тестілер бойынша бағамдау дегенді білдіреді. Бұндай тестілерді жіктеп, бағамдаудың пікір тұжырымдауға көмектесетін бөлігі ретінде қолдануға болғанымен, біз қалыптастырушы бағамдауды баға қою үдерісінен бөліп алып, тікелей оқыту үшін қосымша құрал ретінде қолдану анағұрлым тиімдірек екенін түсіндік.

Қалыптастырушы бағалаудың анықтамасы Натриелло жəне Крукстың ертедегі зерттеулерін толықтыру мақсатында Блэк пен Уильям сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың ықпалы туралы зерттеуге шолу жасады. Өздерінің шолуларындағы ақпараттың көпшілікке қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында олар мұғалімдер мен саясаткерлерге арнап өз зерттеулерінің нəтижелерінің саясат пен тəжірибеге ықпалы туралы мақала əзірледі. Осы мақалада олар қалыптастырушы бағалауға төмендегідей анықтама берді: «Біз мұғалімдер оқушыларды жəне оқушылар өздерін бағалау үшін орындайтын барлық шараларды қамту үшін «бағалау» деген жалпы терминді қолданамыз, бұл шаралардың көмегімен оқу мен оқыту үдерістерін түрлендіру мақсатында кері байланыс ретінде қолдануға болатын ақпарат


аламыз. Оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытуды икемдеуде осы дəлелдер қолданылса, бұндай бағалау қалыптастырушы бағалауға айналады».
«Қалыптастырушы» деген терминді түрліше түсіндіруге болады жəне əдетте жиі жүзеге асырылып, оқытумен бірге жоспарланатын бағалауды білдіреді. Бұндай бағалаудың құрамында оқуға көмектесетіндер деп анықталған барлық сипаттамалардың болуы міндетті емес. Ол мұғалімге егжей-тегжейлі түсіндіруді немесе машықтануды қажет ететін салаларды анықтауға көмектесуде қалыптастырушы болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, көптеген авторлар оқу үшін бағалау немесе қалыптастырушы бағалау 7 əдістен тұрады деп болжам жасады:

      1. Оқушыларға нақты жəне түсінікті тұжырымдалған оқу мақсаттарын ұсыну;

      2. Жақсы/нашар жұмыстарды үлгі ретінде пайдалану жəне модельдеу;

      3. Жүйелі кері байланыс жасау;

      4. Оқушыларды өзін-өзі бағалауға жəне мақсат қоя білуге үйрету;

      5. Бір ретте бір ғана сапа аспектісін немесе оқу мақсатына арналған сабақтарды əзірлеу;

      6. Оқушыларды мəселені мақсатты түрде қайта қарауға үйрету;

      7. Оқушыларды өз бетінше рефлексия жасауға тарту жəне оларға өз оқуының есебін жүргізіп білімімен бөлісуге мүмкіндік беру.

Бұл модельді де стратегиялардың тек бағалау үдерісімен ғана байланысты еместігіне қатысты сынға алуға болады. Соған қарамастан, оқушы жəне сыныптастарымен байланысты екі стратегия (Оқушыларды бір-бірін оқытатын ресурс ретінде қолдану жəне оқушыларды өз оқуы үшін жауапты адам ретінде əрекет етуге тарту) оқу үдерісін реттеудегі ықтималдық сəттеріне ерекше назар аударатын мəселелер деп түсіндіріледі, осылайша төменде көрсетілген сызбада қалыптастырушы бағалаудың тұжырымдамалық негізі ұсынылады.



Қалып
тастыр ушы бағала удың бес
«негізг і стратег иясы»







Оқушы неге талпынады

Оқушы қазір қай сатыда

Мақсатка қалай жетуге болады




Мұғалім

Оқудан күтілетін нəтижені жəне табыс критерийле рін түсіндіру, олармен таныстыру (хабарлау) жəне

Оқудың дəлелдерін алуға болатын тиімді пікірталас, тапсырмалар
мен жаттығу дайындау

Оқуда алға жылжуға көмектесетін кері байланыс ұсыну




Сыныптас

Оқушыларды бір-бірін оқытатын ресурс
ретінде қолдану




Оқушы

Оқушыларды өз оқуы үшін жауапты
адам ретінде əрекет етуге тарту













оқушының
түсінуі










(Дереккөз: Лейхи жəне басқалар, 2005)




Суреттегі модельдің құрылымының толық түсініктемесін Уильямның 2007 жылғы жəне 2011 жылғы еңбегінен табуға болады. Осы мəселені тарқату мақсатында мақаланың қалған бөлігі «Оқудан күтілетін нəтижені жəне табыс критерийлерін түсіндіру, олармен таныстыру (хабарлау) жəне оқушының түсінуі» жəне «Оқушыларды өз оқуы үшін жауапты адам ретінде əрекет етуге тарту» стратегияларына жəне олардың оқушы реттейтін оқумен байланысына шоғырландырылған.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет