Бағалау жүйесі кері байланысты жүзеге асырудың жəне оқыту проблемаларын диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады.
Білім берудің жаңа стандартын əзірлеу барысында білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесімен байланысты ғылыми жəне əдіснамалық проблемалардың бар екені анықталды.
Білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесінің маңызды құралдарының бірі бола отырып, білім беру процесін одан əрі жетілдіру үшін
бағалау жүйесі тиімді жəне əділетті болуы қажет.
Бағалаудың критериалды-бағытталған тəсілі негізінде білім алушылардың білім нəтижесін бақылау жүйесі мен бағалаудың сапасы бүгінгі күні өзекті болып табылады.
Критериалды бағалау жүйесі – білім алушылардың оқу жетістіктерін алдын ала белгілі критерийлерге сəйкес бағалау, білім алушылардың жеткен нақты нəтижелерін жоспарланған оқу мақсаттарына сəйкес дəрежесін орнату. Критериалды бағалау жүйесінде білім алушының тұлғасы емес, оның жұмысы ғана бағаланады; білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмыстарымен емес, эталонымен (өте жақсы орындалған жұмыс үлгісімен) салыстырылады; эталон білім алушыларға алдын ала белгілі болады. Оқытып- үйреткенді ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийі – оқу
мақсаттарының нақты көрінісі.
Біз бағалауды қолданудың барлығын үлкен екі категорияға топтастыра аламыз: оқу үшін бағалау жəне оқуды бағалау. Аталған екі бағалау түрінің де білім жүйесінде жəне сыныпта өзіндік атқаратын рөлдері бар. Бұл жерде - əрбір бағалау түрінің кең ауқымдағы түсінігі, оқушыларға қажет емес бағыттардан гөрі, көбірек көңіл бөлетін тұстарда олардың атқаратын қызметі маңызды болуы мүмкін. Аталған бағалау типтерінің білім беру жүйесіндегі рөлі əр түрлі.
Оқу үшін бағалау жəне оқуды бағалау деп нені атаймыз?
Оқу үшін бағалаудың мақсаты - Оқуды бағалаудың мақсаты- сапаны жақсарту сапаға қатысты шешім шығару
Оқуды бағалау – оқудың өз нəтижесіне жеткенін анықтайтын бағалау түрі. Оқуды бағалау оқушының қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне көпшілік көп мəн беретін тестілеу əдісі оқыту үдерісіне кері əсерін тигізуі мүмкін.
Оқу үшін бағалау керісінше үдеріс жүріп жатқанда орын алады. Бұл бағалау түрін біз оқушы қажеттілігін анықтау үшін, өзіміздің келесі əрекетімізді жоспарлауға, өз жұмыстарын жақсартуға, кері байланыс жасауға жəне оқушылардың жетістікке жету жолында өз жұмыстарын көріп бақылауы үшін қолдана аламыз. Əрқайсысы оқушының білім алуына өзіндік ықпал жасап, келесі қадамда нені жасау қажеттігін анықтауға көмектеседі.
Оқудыбағалау–белгілі біруақытта оқушыжетістігін жинақтапкөрсететін бағалау түрі. Ол оқу үдерісі аяқталған соң жүреді. Оқу үшін бағалау оқып-үйрену үдерісі жүріп жатқан кезде мұғалімдер мен оқушыларға өздерінің оқытуы мен оқуынан хабар беріп отыру үшін қолданылады. Оның мақсаты – оқушы білімінің жиынтық бағасы қойылмай тұрып, үдеріс жүріп жатқанда үйренуді қалай жақсартуға болатынын анықтау [5].
Оқу үшін бағалау оқушылардың уəжі мен қызығушылықтарын арттыруда үлкен рөл атқарады. Ол оқушыларға өздерінен күтілетін оқу
нəтижесін көруді қамтамасыз етіп, өз оқуларын бақылап, дамытып, жақсартып отыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқу үшін бағалау оқушылардың білімі
«қазір қай жерде?» жəне «қай жерде болу қажет?» аралығындағы қалып қойған бос орындарды толтыру үшін стратегияларды ұсына алады. Демек, оқу үшін бағалау – оқушының қалай оқып жатқанын, оқуға ішкі уəжін зерделеу жəне қалыптастырушы кері байланыс беру негізінде жетістікке жету сатысын анықтайтын бағалау үдерісінің ең тиімді түрі.
Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау өзара байланысқан жəне өзара тəуелді үдерістер болғанымен, олардың оқу үдерісінде шешетін өзіндік мақсат-міндеттерімен айқындалатын төмендегі ерекшеліктері бар: