Кестені толтыру жөніндегі нұсқаулықта орта мерзімді жоспарлау нысанының қандай тарауына не жазу керектігі туралы толық мәлімет ұсынылған.
Орта мерзімді нәтижелерді бағалауға арналған бақылау парағы мұғалімдерге өз жоспарларына қажетті мәселелелердің барлығы кіргізілгендігін тексеруге мүмкіндік береді,
Критериалды бағалау — бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктер мен салыстыру үрдісі . Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.
Критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.
3. Критериалды бағалаудың міндеттері.
-Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;
-Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
-Жеке оқушының даму жетістігін бақылау;
-Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындау;
-Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізу;
-Оқу бағдарламасының тиімділігін саралау;
-Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |