Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.
Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).
Оқу мақсаты оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым.
Бағалау критерийі білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.
Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.
Тапсырма – оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.
Кері байланыс – қандай да бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір.
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы балл және баға қойылатын бөлімдер\ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде жүргізілетін бағалаудың түрі
Модерация бағаларды стандарттау мақсатында талқылау жасайтын үдеріс
Оқушының портфолиосы – оқушылардың нақты бір кезеңдегі жеке оқу жетістіктерін белгілеу мен бағалау бойынша жинақтау, тіркеу тәсілі.
Мұғалімнің портфолиосы пән бойынша оқыту мен бағалаудың практикасын көрсететін материалдарды жинақтау, тіркеу тәсілі.
Таксономия (грекше. táxis орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos заң).
Рефлексия – адамның өз істерінің мəнін түсіну, ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық жəне анық есеп беруі немесе өзі əрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кателерді мойындауы не жоққа шығаруы
Рефлексия – өзіндік білімі мен жетіcтіктерін бағалаудағы ең жағымды құралы болып табылады
Кері байланыс – мақсатқа жету жолындағы нақты əрекет, жағдайлар, даулы сұрақтар шешудегі комментарий жəне хабар алу үдерісі.
Кері байланыс көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция
Жиынтық бағалау – оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару.
Қара жәшік ғылым мен техика саласынан алынған метафора, онда «қара жәшік»ішкі құрылымы туралы ештеңе білместен, яғни оның қалай қолданылатыны анық емес (қара), тек енгізу, шығару, беру сипаттамалары тұрғысынан қрастыруға болады.
Бағамдау – (ағылшын. evaluation) білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбие және даму үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды, іс-әрекеттерді жүйелі зерттеу және баға беру.