Егер, Сіздің қасыңызда төтенше жағдай факторларының (терроризм, авария, өрт, үсікке шалыну, жарақат алу, туысынан айырылу, қайғылы хабар алу және т.с.с.) әсері нәтижесінде психикалық жарақат алған ада
Егер, Сіздің қасыңызда төтенше жағдай факторларының (терроризм, авария, өрт, үсікке шалыну, жарақат алу, туысынан айырылу, қайғылы хабар алу және т.с.с.) әсері нәтижесінде психикалық жарақат алған адам болса:
Егер, Сіздің қасыңызда төтенше жағдай факторларының (терроризм, авария, өрт, үсікке шалыну, жарақат алу, туысынан айырылу, қайғылы хабар алу және т.с.с.) әсері нәтижесінде психикалық жарақат алған адам болса:
1. Сабырлы болыңыз.
2. Зардап шегушінің іс-әрекеті Сізді қорқытып немесе таң қалдырмау керек.
3. Оның жағдайы, әрекеті, эмоциясы – бұл қалыптан тыс жағдайға оның қалыпты реакциясы.
4. Егер Сіз қаламасаңыз (жағымсыз немесе өзге себептер), сенімсіз болсаңыз зардап шегушіге психологиялық көмек көрсетпеңіз. Көмек көрсете алатын адамды табыңыз.
5. «Зиян келтірме» принципін ұстану керек. Мұндай жағдайда тек жаңашырлық танытып, тез арада психолог маманнан (психотерапевт, психиатр) көмек алуға барыңыз.
Жағдайды тез бағалап, дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз;
Айналадағы адамдарға өзіңіздің бойыңыздағы үрейді көрсетпеңіз, бірақ өзіңіздің мүмкіндігіңізді асыра бағаламаңыз.
Сіздің қалыпты тамыр соғысыңызды сезіну үшін зардап шегушінің қолын өзіңіздің білегіңізге қойыңыз, бұл «Мен сенімен біргемін, сен жалғыз емессің» дегенді білдіреді.
Терең және бірқалыпты дем алыңыз. Зардап шегушіні Сізбен бір ырғақта дем алуды сұраңыз.